Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдардың тұрмыстық бейімделуі

Адамның өмірінде ауру симптомдары дене мүмкіндіктерін шектеуді бастайтын шашыраңқы склероздың дамуы күрделі кезеңге айналуы мүмкін. Бұдан былай күнделікті өмірге қандай өзгерістерді енгізу керектігін ойластыра отырып, ағымдағы жағдайларға бейімделу керек болады. Алдымен үйден бастау керек, үйдегі ахуал өз бетінше өмір сүру үшін барынша қолайлы болуға тиіс.
Бұл мақалада біз мүмкіндіктері шектеулі адамға өз бетінше өмір сүруге көмектесетін үйге арналған негізгі керек-жарақтар туралы сөз етеміз.
Жатын бөлмедегі ұсынылатын өзгерістер
Шашыраңқы склерозбен ауыратын пациент мүгедектер креслосын пайдаланған кезде сол креслодан кереуетке ауысуын барынша жеңілдету қажет – осы арада арнайы көтергіш-жүйелерді пайдалануды ұсынамыз, олар бұл әрекетті ықшамдап, оны қауіпсіз етеді. Егер науқас бір жамбасынан екіншісіне ауысуға қиналса, кереуеттің жанына тұтқа орнатқан жөн.
Қолдың дірілдеуі киінуді қиындатуы мүмкін, шұлық кию және түймелерді салу сияқты іс-қимылдарды жеңілдету үшін арнайы құрылғыларды пайдалануға болады.
Ванна бөлмесі
Мүмкіндіктері шектеулі адам үшін үйдегі ең күрделі бөлмелердің бірі ванна бөлмесі болып табылады. Бірақ тіпті оны да мүгедектігі бар адамның өз бетінше орындауына бейімделуге болады.
Ол үшін мыналарды пайдаланған жөн:
1. Жуыну кезінде ұстап тұруға болатын көлденең пайдалануға болатын және тұтқалар орнатылған душ кабинасы;
2. Мүгедектер арбасынан ауысуды жеңілдететін ашылатын есігі бар отырып шомылуға болатын арнайы ванна;
3. Үнемшіл тәсіл ретінде ваннаға немесе душқа отырғыш орнатуға болады;
4. Ваннаны немесе душ кабинасын қауіпсіз ететін сырғымайтын қарапайым кілемше туралы ұмытпау керек;
5. Сонымен қатар биіктігі жоғары арнайы унитаз орнату қолайлы болады (оған арбадан ауысып отыру ыңғайлы).
Асүй
БҮШС ауыратын адамға өз бетінше тамақтануға ғана емес, сонымен қатар ас дайындауға мүмкіндік беретін баға санаттары әртүрлі арнайы ыдыстар және асүйге арналған алуан түрлі тұрмыстық құралдар бар! Мысалы, бөлшектеу тақтайындағы сырғымайтын жабындар, кез келген затты ұстауға ыңғайлы ететін сырғымайтын жабысқақ таспалар. Аталған таспаны тайғанақ еденге, мысалға, кафельге, заттарды алуға арналған белсенді қармауыштарға, құтылар мен бөтелкелерді ашуға арналған керек-жарақтарға, пакеттерге арналған ұстағыштарға, арнайы пышақтарға жапсыру және онымен азық-түліктерді турау кезінде саусақтарды қорғау арқылы асты әзірлеу және қабылдау үдерісін қауіпсіз етеуге болады.
Қол дірілдеген кезде арнайы ыңғайлы тұтқалармен жабдықталған құралдарды сатып алу керек. Мысалға, тұтқаларға арналған қалыңдатқыштар жиынтығын сатып алып, оларды кез келген құралдармен және тіпті қарындаш немесе ұстара сияқты заттармен бірге пайдалануға болады. Сусын ішуге арналған арнайы пластикалық сабан талдар (олар стақанның немесе саптыаяқтың жиегіне бекітіледі) бар. Тәрелкені алуды және ұстауды жеңілдететін, сондай-ақ тамақтың үстелге сырғып ағуына жол бермейтін, жиектері биік және жалпақ пластикалық немесе арнайы ыдыстарды пайдалануға болады. Тамақ ішу ыңғайлы болу үшін оқыс жағдайларда тамақ ішуден жағымды әсер қалдыруға мүмкіндік беретін көкірекше-алжапқыш қолданылады.
Кез келген жағдайда жоғары көңіл-күйді сақтау және ағымдағы жағдайларға бейімделу қажет, өйткені шешуі жоқ мәселе болмайды!