Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Бағаналық жасушаларды ауыстырып отырғызу бойынша отаның мақсаттылығы, экзоқаңқаны сатып алудың, оталардың, екпелердің, косметологиялық процедуралардың мақсатқа сәйкестігі

Барлықтарыңызға сәлем!
Біз бәріміз, иә, иә, бәріміз қандай да бір ауруға ұшырағанбыз немесе жақын адамдарымыз ұшыраған. Медицинадан көмек күтіп отыра алмайтындықтан (күтеміз, әрине, бірақ кеш болып кетуі мүмкін) еріксіз басқа паллиативтік шешімдерді іздей бастаймыз. Мен неге «біз» деп отырмын? Өйткені мен өзім біраз жыл бойы өз проблемаларымды көптеген адамдармен, дәрігерлермен, физиологтармен, инженерлермен талқыладым. Деніңнің сау болғанын кім қаламайды? «Төбемізде үнемі қарқылдап ұшып жүретін қара қарғадан» қалай құтыламыз? Қысқаша айтар болсақ, шашыраңқы склероз бұл бір оңбаған ауру. Сырттан әкелінген нәрсемен емес, өз ағзаңның қауіпсіздік қызметімен күреске түсесің. Ол қызметтен «өз халқыңмен» шайқаспа деп өтінесің. ШС себептері – ол басқа тақырып, қысқаша айтсақ, «үндеместен үйдей бәле шығады» деген сөз бар. Мен сіздермен проблеманы шешудің жолдары туралы ғана емес, ауруды созудың, ағзаны «қайта іске қосу» жолдары, немесе тіпті «көкөніске» айналып қалмаудың жолдары туралы айтуға тырысып отырмын. Сонымен», бағаналық жасушалар (тағы бір рет айтамын, бұл ғылыми мақала емес, бұл көпшілікке түсінікті тілмен проблема туралы талқылауға әрекет). Бағаналық жасушаларды жілік майы шығарады және олар редукцияланбаған, яғни олардың мамандануы жоқ, ағза осы «үйретілмеген жастарды» оларға мұқтаж болып отырған жерге жібереді және сол жерге жеткен соң жасушалар мамандандырылады. Сонымен бірге олар бас миын жөндеуге және оның жасушаларын ауыстыруға жіберіледі. Бір жаманы, уақыт өте келе бағаналық жасушалардың саны азаяды, яғни бөліктер саны шектеулі (шамамен 50 рет, Хейфлик шегі), анығырақ айтқанда, жасушаларды шығаратын жасушаларды ауыстыру қажет. Немен ауыстырасың? Бүкіл әлемде бірнеше жылдан бері ШС ауыратын пациенттерге бағаналық жасушаларды ауыстырып отырғызу бойынша операциялар жасалып келеді. Израильде, Германияда және басқа мемлекеттердің кейбір емханаларында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Бірақ мұндай әрбір ота қатаң түрде дербес болып табылады және арзан тұрмайды. Осы әдіс дамытылып, ота арзандайды деген үміт бар. Менің бірнеше өмірім болса, және ақшам болса, тәуекелге барар едім!
Көптеген қауесет сөздерге толы тағы бір тақырып – бұл жүру мүмкіндігінен айрылғандарға арналған экзоқаңқа. Жалғыз анық ақпарат бар – ресейліктер адамға «өз аяғына тұруға» мүмкіндік беретін қаңқаны - «экзоатлетті» әзірлеп шығарған. Мүгедектер арбасына үйреніп қалғандарға – қозғалыс функцияларын қалпына келтіру және аурудың ағымын баяулату мүмкіндігі. 2016 жылы аппарат Моникада – Мәскеу облыстық ғылыми-зерттеу клиникалық институтында клиникалық сынақтан өткізілді. Бұл істің немен аяқталғаны әлі белгісіз. Қалғанының бәрі, тұлғаны көшірмелеу, миды өздігінен жүретін платформаға ауыстырып отырғызу және т.б. – өзіңіз түсінесіз...
Бір қызығы, ШС емдеуде және дамуын баяулатуда ең көп жетістікке жеткен Қытай болып саналады. Оның үстіне ол дәстүрлі қытай медицинасын қолданған...
ШС жеңу үшін белгілі бір әрекеттердің мақсатқа сәйкестігі туралы мәселені әркім өзі шешеді. Олардың ортақ үміті бар. Ол ескіріп кеткен болса да, күресу керек және күресуге болады. Біздің де болашағымыз бар!