Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

ШАШЫРАҢҚЫ СКЛЕРОЗ КЕЗІНДЕГІ ДИЕТА

ШС кезінде диета не үшін керек?
Диета шашыраңқы склерозды емдеу әдісі болып табылмайды! Алайда диета сақтаған кезде өз өмірің мен аурудың ағымын бақылау сезімі туындайды. Дұрыс тамақтану – бұл өзін өзі жақсы сезінудің және басқа жиі кездесетін аурулардың алдын алудың көзі. Аурулардың басым бөлігін, мысалы, жүрек-қантамыр ауруларын, семіздікті және қант диабетін қажетті диетаны таңдап алу арқылы бетін қайтаруға немесе емдеуге болады. Алайда ШС кезінде диеталар емдеу әдісі ретінде ұсынылмайды, және дұрыс диета ШС-ң кейбір симптомдарын азайтуы мүмкін. Мұның өзі жақсы нәтиже.
ШС үшін арнайы әзірленген бірқатар диеталар бар, бірақ олардың әсері дәлелденбеген. Олардың көбі белгілі бір азық-түліктерді тұтынуды толығымен тоқтатуды талап етеді.
ШС кезіндегі арнайы диеталар
· Сванка диетасы майларды аз тұтынуды көздейді. ШС бар пациенттердің 34 жылдан кейін мүгедектенудің төмен деңгейін көрсеткен 2 зерттеу (1970, 1990) жарияланды. Бұл зерттеудің кемшілігі – бақылау тобының болмауы. Демек, диетаның ШС-ға әсерін анық пайымдауға себеп жоқ.
· Эмбри диетасы. Бұл диета азық-түліктердің басым бөлігін қатаң шектеуді көздейді. Диетаның негізін ШС қорытылмаған ақуыздарды асқазан-ішек жолының аса жылдам сіңіруімен байланысты деген болжам құрайды. Жоғары сіңіргіштік иммундық жүйенің жұмысын бұзады. Өкінішке орай, Эмбри диетасының тиімділігі туралы жарияланған зерттеулердің саны аз. Бірқатар зерттеулерде ол тиімді болса, басқаларында керісінше, тиімсіздігін көрсеткен.
· Палеолитикалық диета. Бұл диетаның негізін біздің организміміз қазіргі өмір сүру жағдайларына және ауылшаруашылық революцияның барысында өзгерген қазіргі диетаға нашар бейімделген деген болжам құрайды. Диетаның негізіне аңшылардың-палеолит жинаушыларының рационы жатқызылған: табиғи азық-тұліктерді тұтыну, терең өңделген азық-түліктерді тұтынуды шектеу, қаныққан майлы қышқылдарды тұтынуды азайту және полиқаныққан майлы қышқылдарды тұтынуды көбейту. Зерттеулердің бірі диетаның ШС кезіндегі шаршағыштықтың айқындығына, басқа бірқатар зерттеулер – жүрек-қантамыр тәуекелінің көрсеткіштерін жақсартуға әсерін көрсетті.
· Жерорта теңізі диетасы. Бұл көптеген ауруларда қолданылатын ең көп зерттелген диеталардың бірі. Оның палеолитикалық диетамен ұқсастықтары көп. Бұл диетада көкөністерді және жасұныққа бай дақылдарды, жемістерді, зәйтүн майы және балық етін көп мөлшерде, ал қаныққан майларды, қылы етті, құс етін, сүт өнімдерін аз мөлшерде, сондай-ақ тамақпен бірге үнемі қызыл шарапты орташа мөлшерде тұтыну керек.
Зерттеулердің ешқайсысының ШС кезіндегі Жерорта теңізі диетасының әсерін әзірге дәлелдемегенін түсіну керек. Алайда 17 рандомизацияланған зерттеулерге жүргізілген ортақ халықаралық талдау жасау кезінде бұл диетаның организмдегі қабыну көрсеткіштеріне оң әсерінің бар екені анықталды. Cohrane Collaboration жасаған шолуы Жерорта теңізі диетасын Альцгеймер ауруының даму қаупін төмендетудің маңызды факторлардың бірі ретінде келтірді.
Бұл диета қант диабетіне және жүрек-қантамыр ауруларына жүргізілген зерттеулерде жақсы нәтиже берді.
Диетаны ШС көріністерімен күресу үшін қолдану
Жоғарыда айтылғандай, сұйықтықты аз ішу, әсіресе несеп шығарудың кідіруі жағдайында несеп инфекциясымен ауыру қаупін арттырады. Тіпті аздаған гидратсыздандырудың өзі шаршау сезімін тудырады. ШС кезіндегі іш қатуды талшықтар мөлшері жоғары диетаның көмегімен бақылауға болады. Көкөністер мен жемістер, күрделі көмірсулар мөлшері жеткілікті теңдестірілген диета жеткілікті энергия деңгейін қамтамасыз етуге және шаршаңқылықты төмендетуге көмектеседі. Құрамында жай көмірсулары көп тамақ пен сусындар ақыр соңында, керісінше, шаршау сезімін тудыра отырып, глюкозаның концентрациясын азайтады, сондай-ақ салмақтың өсуіне жағдай жасауы мүмкін.
Кез келген диетаның артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Дәлелді деректердің болмауы диеталардың әсерінің жоқ екенін білдірмейді. Жаңа деректер жуық арада жариялануы мүмкін.
Диеталардың көбі сізге сау әрі жас көрінуге және сезінуге көмектесу үшін құрастырылған. сондықтан ШС кезінде салауатты өмір салтының ережелерін бұзбай, диеталық ұсынымдарды сақтау пациенттерді өздерін біршама жақсы сезінуге көмектеседі.