Үй жануарларды шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдарға жағымды емдік әсер тигізеді. Олар дене, эмоциялық жай-күйді және когнитивті функцияларды қалпына келтіруге және сақтауға көмектеседі. Шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдарға қай үй жануарларын асыраған дұрыс?
ИППОТЕРАПИЯ (ЕМДІК САЛТ ЖҮРІС) – ФИЗИОТЕРАПЕВТІК ӘСЕР ЕТУ ӘДІСІ
Иппотерапия неврологияда физиотерапевтік әдістердің бірі ретінде қолданылады. Бұл ретте атпен жүру активті емес, пассивті үдеріс болып табылады. Жылқы арқасындағы бұлшықеттің дірілдік қозғалыстары адамдың жүру кезіндегі қозғалыстарына ұқсас. Биомеханикалық дірілдік импульс аяқтың бұлшықеттеріне, кіші жамбас мүшелеріне және бұлшықет тонусына массаждық әсер тигізіп, жылқыдан тікелей адамға беріледі: бұл арада күнделікті тіршілікте жұмыс істемей тұратын немесе аз жұмыс істейтін бұлшықеттер іске қосылады
бұлшықеттің түйілуі белгілі бір уақыттан кейін тоқтайды
бұлшықеттің функционалдық күйі мен қозғалысы жақсарады.
Жылқының қозғалысы тепе-теңдікті сақтауға және жақсартуға, тұрақтылықты арттыруға, өз денеңізді жақсырақ түсінуге жағдай жасайды және өз күшіне деген сенімділікті қалыптастырады. Бұл шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдардың психикасына оң әсерін тигізеді.
ИТТЕР ШАШЫРАҢҚЫ СКЛЕРОЗДЫҢ СИМПТОМДАРЫН ЖЕҢУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Арнайы үйретілген иттер емді жеңіл немесе жағымды ету мақсатында психотерапияда, эрготерапияда, физиотерапияда, және логопедияда қолданылады. Сал ауруының немесе соған ұқсас симптомдардың салдарынан мобильділігі мен қозғалыс еркіндігі шектелген, шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдарға қызметші иттер күнделікті өмірде көмек көрсете алады: олар белгілі бір әрекеттерді жасайды, мысалы, заттарды тасуға көмектесе алады.
Пациенттердің жанында жануарлардың болуы шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдардың хал-жайын жақсартады.
ШАШЫРАҢҚЫ СКЛЕРОЗ КЕЗІНДЕГІ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ
Үй жануарымен бірге тұру организмге оң әсерін тигізеді. Мысықты жай сипалаудың, оның пырылдауының өзі организмдегі күйзелік деңгейін төмендететіні ғылыми жолмен дәлелденген. Үй жануарының жай жанында жүруінің өзі жүректің жиырылу жиілігін және артериялық қан қысымын азайтады. Үй жануарлары – үнсіз тыңдаушылар, сондай-ақ олар әлеуметтік оқшауланудың алдын ала алады. Мысалы, көп жағдайда иттер әлеуметтік қарым-қатынастардың кепілі болып табылады. Итпен бірге уақыт өткізуден, басқа ит асыраушылармен әңгімелесуден оңай ештеңе жоқ.
Шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдар үй жануарларымен бірге өмір сүруден және олармен қатынасудан қай жағынан болсын тиімді жақтарын сіңріп ала алады.