Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Тыныс алудың бұзылуы

Тыныс алудың бұзылуы


Тыныс алу кезіндегі қиындықтар — шашыраңқы склерозбен ауыратын науқастардан неврологтардың сирек еститін шағымдары. Шынында да, науқастарды спастика, әлсіздік, көру жітілігінің нашарлауы, сенсорлық бұзылыстар және т.б. сияқты симптомдар әлдеқайда жиірек мазалайды.
Әдетте, ауыр тыныс алу дисфункциялары ШС үдеуінің соңғы кезеңдерінде кездеседі. Алайда, кейбір зерттеулердің деректері бойынша ШС-бен ауыратын науқастардың шамамен 20%-да тыныс алудың тереңдігі мен тыныс алу қозғалыстары ырғағының өзгергені байқалады.
Тыныс алудың бұзылғанын мына белгілер көрсетеді:
ентігу (диспноэ),
ауаның жетіспеуін сезіну,
жөтелген кезде қиналу,
ұзақ уақыт ықылық тию
Тыныс алу, оттегінің тіндерге жетуін және көмірқышқыл газ мен судың қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістер вегетативті жүйке жүйесімен бақыланады.
Вегетативті жүйке жүйесі – бұл жүйке жүйесінің тыныс алу, жүректің соғуы, қан айналымы, ас қорыту және т.б. сияұты өмірлік маңызы бар функцияларын бақылайтын бөлігі, ол біздің санамызға тікелей бағынбайды. Жүректің жиырылуы, демді шығару-тарты, ішкі мүшелердің жұмысы әр үдерісті түйсінуді талап етпей «автоматты түрде» жүзеге асады.
Шашыраңқы склероз кезінде тыныс алудың бұзылуының себептері.
Шашыраңқы склероз кезінде тыныс алудың қиындауының ең жиі кездесетін себебі тыныс алу циклына (демді шығару-тарту) қатысатын бұлшықеттердің әлсіздігі болып табылады. Шашыраңқы склероз кезінде аяқ немесе қол бұлшықеттеріндегі күш қалай жоғалса, дәл солай көкірек қуысы мен қарында да әлсіздік пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда науқаста ентігу, терең тыныс алған кезінде қиындықтар, жөтеліп алуға әрекеттену және т.б. сияқты белгілер пайда болады.
Тыныс алудың бұзылуының тағы бір себебі шашыраңқы склерозды симптоматикалық емдеудің кейбір препараттарының: миорелаксанттардың (спастика болғанда қолданылатын), транквилизаторлардың, кейбір анальгетиктер түрлерінің жанама әсер етуі болуы мүмкін. Аталған препараттардың кейбірі тыныс алуға қысым көрсетуі мүмкін.
Осыған байланысты ШС-ды превентивті емдеу препараты Копаксон туралы айта кету керек. Препаратты еккеннен кейін кейбір пациенттерде бірден (бірнеше минуттың ішінде) ентігу, көкірек қуысының ауыруы, тахикардия және т.б. сияқты жағдайлар пайда болуы мүмкін. Өте сирек жағдайларда интерферондар-бета препараттарына дамып келе жатқан ауыр аллергиялық реакциялар, соның ішінде тыныс алудың қиындауы, бөртпе және т.б. түрде туындайды.
Аспирациялық пневмония өмірге қауіп төндіретін жай-күй болып табылады. Ол кеңірдекке және өкпеге тамақ бөлшектері, су немесе сілекей түскен кезде пайда болады. ШС-бен ауыратын науқастарда кездесетін жұтудың бұзылуы аспирациялық пневмонияның даму қаупін арттырады.
Тыныс алу дисфункцияларын емдеу
Өте сирек жағдайларда шашыраңқы склерозбен ауыратын науқастарда тыныс алуының бұзылуы оттегінің қосымша берілуін қамтамамыз ететін арнайы препараттарды қолдануды қажет ететіндей ауыр болады. Көп жағдайда тыныс алу кезіндегі қиындықтардың туындауына ШС кезінде жиі кездесетін шаршағыштық немесе күйзелісті туындататын үрейлі жай-күй себеп болады.
Алайда тыныс алу жүйесінің – ағзаның өмірлік маңызы бар жүйе екенін ұмытпау керек. Егер сізде оның жұмысына қатысты күдіктер пайда болса, тез арада маманға жүгінгеніңіз жөн. Оның үстіне, сіздің шағымдарыңыздың шашыраңқы склероз симптомдарымен немесе басқа аурудың (соның ішінде, мысалы, ЖРВИ немесе тұмау) симптомдарымен байланысты не байланысты емес екенін сол ғана анықтай алады.
Уақтылы тағайындалған лайықты ем ауыр асқынулардың алдын алуы мүмкін!
Қажет болғанда дәрігер тағайындайтын дәрілік еммен қатар тыныс алу қиындаған кезде мыналар белгілі бір пайда әкелуі мүмкін:
терең тыныс алуға жағдай жасайтын тыныс алу жаттығулары. Мысалы, сізге туған күн иесінің тортындағы шырақтарды баяу үрлеп өшіріп жатқаныңызды елестетіңіз. Мұрныңызбен терең демді ішке тартып, ерніңізбен елестегі шырақтарды баяу үрлеңіз;
йога жаттығулары тыныс алуды бақылауға және терең тыныс алуға көмектесе алады;
денеңіздің дұрыс орналасуы: басыңызды төменге және алға қарай еңкейтпей, тік отыруға және тұруға тырысыңыз, мүсініңізді қадағалаңыз;
дастархан басындағы күрделі емес тәртіп ережелері (жұтудағы бұзылыстар туралы бар) шашалу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді;
шылым шегетіндер үшін тыныс алуда қиындық туғызбаудың анық жолы – шылымды тастау.


https://proskleroz.ru/