АУРУДЫ ҚАЙДА ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Қазақстан Республикасының аумағында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан басқа барлық қалаларда шашыраңқы склерозбен ауыратын пациенттерді қарапайыс невролог дәрігер емдейді.
Алайда Сіздің емханаңыздың басшылығына емханалардың бірімен (Сізге ең жақын орналасқан) барып тұруға және ШС кабинеттерінде немесе орталықтарында тегін қаралуға мүмкіндік алуыңыз үшін шарт жасасу туралы өтініш жасасаңыз болады.
Дәрігердің қабылдауына қалай кіруге болады:
Шашыраңқы склероз және жүйке жүйесінің аутоиммундық аурулары орталығы. Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Қошқарбаев даңғылы, 66, «№1 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ ҚКЕ
Карантиннен тыс жұмыс кестесі 8 00 бастап 14 00 дейін
Шымкент қ., Облыстық КЕ, шашыраңқы склероз кабинеті
Майлықожа көш., 4
Жұмыс кестесі: 9.00 бастар 12.00 дейін
Алматы қ.
Шашыраңқы склероз кабинеті
Медеу ауданы БМСКК Орталығы
Қалдаяқов көш., 74, бұрынғы №33 емхана, қазір
413-кабинет.
Жұмыс кестесі 9.00 бастап 13.00 дейін
ШАШЫРАҢҚЫ СКЛЕРОЗДЫ ЕМДЕУ
ШС диагнозы қойылғаннан кейін емді дереу бастаған жөн. Мұндай шешімнің қабылдануына емдеуден максималды әсерге қол жеткізілетін «емдік терезенің» болуы негіз болып табылады. Ғылыми зерттеулер ауырудың алғашқы жылдарындағы шашыраңқы склероз ағымы сипатының сіздің ауру белгілері мейлінше аз байқалатын толыққанды өмір сүріп жатқан-жатпағаныңызды немесе сіздің шашыраңқы склерозыңыздың агрессивті түрде өтіп жатқанын анықтайтын басты факторлардың бірі болып табылатынын көрсетті. Міне, сондықтан да емді мейлінше ертерек, аурудың бастапқы кезеңдерінде бастаудың және емдеуші дәрігеріңіздің барлық ұсынымдарын орындаудың маңызы өте зор.
Шашыраңқы склерозды емдеу – нәтижелілігі сіздің емдеуші дәрігеріңізбен командалық жұмысыңызға байланысты кешенді командалық үдеріс.
Емдеудің мақсаты төмендегілерді болдырмау болып табылады:
Асқынуларды
Бас миындағы жаңа және кереғар ауру ошақтарын
Симптомдардың үдеуін
Шашыраңқы склерозды емдеуде келесі тәсілдерді бөліп шығаруға болады:
Шашыраңқы склероздың асқынуларын емдеу;
Шашыраңқы склероздың ағымын өзгертетін препараттармен емдеу;
Шашыраңқы склероздың байқалуының симптоматикалық емі;
Шашыраңқы склероздың асқынуын емдеу (тоқтату);
Жоғары дозалы глюкокортикостероидтармен пульс-емдеу жүргізу. Бұл емді жүргізу кезінде ҚШСО күндізгі стационар жағдайларында жасауға болатын 3-5 тамырішілік жоғары дозалы глюкокортикостероидтер инфузиясы жасалады. Стероидтік гормондардың осы қысқа курсы асқынудың белсенділігін тоқтатады, асқыну симптомдарының азаюына себеп болады және ағзада күрделі өзгерістерді тудырмайды.
Плазмаферез. Қанның сұйық бөлігі жасуша элементтерінен антиденелер мен басқа да қабынудың ақуыз компоненттерін жоя отырып бөлінеді. Одан кейін қанға ақуыз ерітіндісі (альбумин) қосылып, қайта құйылады. Бұл әдіс глюкокортикостероидтердің әсері жеткіліксіз болғанда немесе оларды қолдану үшін қарсы көрсетілімдер болғанда қолданылады.
Шашыраңқы склероздың ағымын өзгертетін препараттармен (ШСАӨП) емдеу.
ШСАӨП емдеудің мақсаты: қабыну үдерісінің кез келген белсенділігінің болмауына қол жеткізу және симптомдардың үдеу қаупін азайту. ШСАӨП емін бастағанға дейін симптомдарды жою ШСАӨП емдеудің мақсаты болып табылмайды.
ШСАӨП емдеудің бірнеше желісі бар:
1-ші желі: Интерферондар, Глатирамер ацетаты, Терифлуномид, Диметилфумарат.
2-ші желі: Натализумаб, Финголимод, Окрелизумаб, Алемтузумаб және т.б.
ШСАӨП емдеудің желілері тиімділігімен және қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Желі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тиімділік жоғары және қауіпсіздік төмен болады. Пациенттердің көбі емнің бірінші желісін пайдалана отырып және емнің екінші желісі алып келуі мүмкін денсаулық пен өмірге төндіретін қауіпке жол бермей, ұзақ мерзімді ремиссияда қалады.
ШСАӨП емдеудің жеке стратегиясы:
Сізге қай препараттың жарайтынын немесе ауруыңыздың қалай дамитынын болжайтын ешқандай амал жоқ. Сіз және сіздің дәрігеріңіз шешімдеріңізді бірқатар факторларға негіздейсіздер:
ШС-ң жақын арадағы белсенділігі, оған қоса жиілігі, ауырлығы және асқынулардан кейінгі жазылу дәрежесі;
Шашыраңқы склероз ағымының типі (көптеген ШСАӨП шашыраңқы склероздың үдемелі түрлерін емдеуге жарамайды);
Сіздің жүйке жүйеңіздің ағымының типі (көптеген ШСАӨП шашыраңқы склероздың үдемелі түрлерін емдеуге жарамайды);
Дәрігердің қарап тексеруі барысында және МРТ мәліметтері бойынша анықталған жүйке жүйеңіздің зақымдану дәрежесі;
ШСАӨП препараттарының болуы және олардың қолжетімділігі;
Басқа аурулардың немесе Сіз қабылдайтын дәрілердің болуы;
ШСАӨП препараттарынан жанама әсерлердің болуы;
ШСАӨП-мен емдеу кезіндегі сіздің өз қалауыңыз.
Бала туатын жастағы және жүктілікті жоспарлаған әйелдерді ШСАӨП-мен емдеудің ерекшеліктері.
Әрбір ШСАӨП-ң өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Препаратты таңдау туралы шешімді туыстардан, таныстардан немесе жарнамадан алынған ақпаратқа негіздемеген жөн, себебі бұл Сіздің ерекшеліктеріңізді және қажеттіліктеріңізді ескермейді.
Сіздің және дәрігеріңіздің бірлесіп шешім шығаруыңыз – Сіздің жеке емдеу стратегияңыңызды әзірлеудің және іске асырудың ең тиімді тәсілі. Әр пациент өзінше бірегей, ең жақсы тәсіл – Сіздің қажеттіліктеріңіз бен ерекшеліктеріңізге бейімделген тәсіл.