Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Тағы да ШС туралы. ШС деген не

Тағы да ШС туралы. ШС деген не
Шашыраңқы склерозбен байланысты пациенттермен сұхбаттарым және өзімнің жеке оқиғам мені осы ауру туралы айтып беруге итермелейді. «Неге?» дейсіз бе? Өйткені бұл қолынан келетіндерге көмектескім келеді. Адам осы проблемасымен маманға неғұрлым ертерек жүгінсе, соғұрлым еңбекке қабілеттілікті сақтап қалу және мүгедек болып қалмау мүмкіндігі жоғары болады.
Алдыменбұл аурудың қазіргі кезде емі жоқ екенін айта кету керек, алайда оның үдеуін баяулатуға болады.
Өзімнің жеке оқиғам туралы айтпай-ақ қояйын. Ол туралы мына жерден оқып білуге болады:

https://rezonans.kz/obshchestvo/7173-ogolennye-nervy-i-obnazhennaya-meditsina?_utl_t=fb&fbclid=IwAR0kO34aPlbrHf6Z0PvLXmdpU-JdqZTHdmYfW5DUd2OwpdHjsw0xM2LU4J8

Мен бұл аяушылығы жоқ аурудың жиі кездесетін «алғашқы белгілері» туралы жазайын. Иә, ол ешкімді аямайды, өйткені әр адамда әртүрлі байқалады. Бұл аурудың «Мыңдаған бетпердесі» бар, себебі ағзаның барлық жүйелеріне әсер етеді. Ең алдымен орталық жүйке жүйесі зардап шегеді (бас миы және жұлын). Өз иммунитетің жүйке талшықтарының миелин қабықшасын бұзады, мида тыртықтар пайда болады және сол тыртықтың тұрған жеріне қарай тиісті симптом пайда болады. ЖОО бүкіл ағзаның жұмысын реттейтіндіктен симптомдары алуан түрлі болады. Дегенмен де, көңіл бөлуді талап ететін ең жиі кездесетін симптомдар бар:

1. КӨЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР — ШС (шашыраңқы склероздың) ең кең таралған симптомдары. Көру қабілетінің нашарлауы аяқ астынан пайда болуы мүмкін және ол былай байқалады:

• бір көз жақсы, екіншісі – нашар көреді;

• бұлдырау, көз алдында «шіркей» ұшқандай сезіну, көруге кедергі жасайтын дақтың болуы;

• түстердің бұрмалануы;

• үнемі көзге бөгде зат кіріп кеткендей сезіну;

• контурлардың көмескі болуы.

Сіз бұл симптомдарды бірден байқамауыңыз және оған көңіл бөлмеуіңіз мүмкін, себебі қазіргі кезде көздің экранмен үздіксіз жанасуынан оның шаршауына себеп болуы мүмкін телефондар мен компьютерлерсіз өмір сүру мүмкін емес. Алайда нағыз себеп басқа болуы мүмкін;

2. АЯҚ-ҚОЛДАҒЫ ЖАЙСЫЗДЫҚ, оғаш түйсіктер – сізде:

• түршігу;

• күйдіру;

• теріні тарту;

• шаншу;

• ұю сезімдері;

• температураны сезінудің бұзылуы, мысалға, дененің әр бөліктерінде кенеттен ысу сезімі пайда болуы;

• саусақ ұштарының сезгіштігінің жоғалуы, ұюы, краннан ыстық немесе суық судың ағып тұрғанын сезбеуіңіз мүмкін.

Мұндай түйсіктер тіпті денеңіздің өте кішкентай бөлігінде пайда болуы мүмкін: саусақта, білекте, бетте, жамбаста. Осыларға көңіл бөлген дұрыс, себебі адам оларды жай қолын, аяғын денесінің астына қойып отырғаннан немесе ұйықтағаннан болды деп есептеуі мүмкін. Әрине, бұл әрдайым шашыраңқы склероздың себебі бола бермейді, бірақ егере осындай белгілер жүйелі түрде байқала бастаса, оларға көңіл бөлмей қалдырмау керек.

3. ЗӘР ШЫҒАРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР

Осындай диагнозы бар адамдардың 80%-нда кездесетін тағы бір симптомлардың бірі. Егер сіз бұрынғыдай мөлшерде сұйықтық ішпесеңіз, бірақ дәретханаға сирек немесе жиі бара бастаған болсаңыз – бұл сіз ойлағаннан да күрделі болуы мүмкін.

Егер сізде мынандай проблемалар пайда болған болса осы мәселеге мұқият қараған жөн:

• жиі зәр шығару;

• зәр шығарудың кідіруі;

• толық зәр шығару мүмкіндігінің болмауы;

• кенеттен зәр шығару қажеттілігінің туындауы.

4. ҮЙЛЕСІМДІЛІКТІҢ БҰЗЫЛУЫ –

Сондай — ақ, бірнеше склероздың алғашқы белгілерінің бірі - кілттің құлыптың оймасына кіргізе алмау, жазудың бұзылуы, кенеттен бас айналу, тепе-теңдіктің жоғалуы, жүру кезінде оғаш сезіну. Сондықтан, егер сіз осындай қиындықтарды жиі кездестірсеңіз, дәрігерге қаралуыңыз керек.

Үйлесімділікке байланысты проблемалар - бұл өте кең таралған симптом, бұл қан қысымынан бастап ішкі құлақтың ауруларына дейін әртүрлі бұзылуларды көрсетуі мүмкін, сондықтан оған жеңіл қарамаңыз.

5. ЭМОЦИЯЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР

Көңіл-күйдің кенет бұзылуы, жиі орын алатын депрессиялар, немесе, керісінше, үнемі өзін бақытты болып сезіну, ешқандай себепсіз пайда болатын күлкі немесе көз жасы - бұл шашыраңқы склероздың белгілерінің бірі болуы мүмкін. Бұл аурудың мидағы жүйке талшықтарын зақымдайтындығына байланысты, тікелей адамның эмоционалды фонында көрінеді. Егер сіз осы көріністерді елемейтін болсаңыз, онда депрессияға ұшырау қаупі жоғары болады және бұл жағдайдан құтылу одан да қиын болады

6. СӨЙЛЕУМЕН ЖӘНЕ ЖҰТУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ПРОБЛЕМАЛАР

Бұл арада келесі проблемалар пайда болуы мүмкін:

• анық сөйлемеу немесе жай сөйлеу;

• сөйлеу ырғағының баяулауы;

• дауыстың өзгеруі (қырылдаған, жіңішке дауыс).

Сонымен қатар жұтумен байланысты қиындықтар туындауы мүмкін: тама және сұйықтық өңеш арқылы асқазанға түспей, кеңірдекке (тыныс алу қуысына) түсіп кетуі мүмкін.

Егер сіз аталған симптомдарды байқасаңыз бірден шашыраңы склероз бар деп ойламау керек. Бірақ бұл өз денсаулығының туралы айлауға және дәрігерге жүгінуге елеулі себеп. Қажетті тексерулердің өтіп, тиісті дәріңізді ішкеніңіз жөн.
ШС расталмайды деп сеніңіз. Алайда егер ол рас болып шықса, Сізде өзіңізді туыстарыңыз, жақын адамдарыңыз үшін сақтап қалу мүмкіндігі туады.
Постымның соңында Қазақстанда «Шашыраңқы склерозбен ауыратын пациенттерге қолдау көрсету қоры» қайырымдылық АҚ құрылмағанын айтқым келеді. Бұл Қордың басты міндеті – пайиенттерге ауруды диагностикалау кезеңінен бастап жан-жақты қолдау көрсету болып табылады.