Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Көлік жүргізу және шашыраңқы склероз: қауіптен қалай сақтанамыз

Шашыраңқы склероздың кейбір симптомдары автомобиль жүргізу үдерісін қатты қиындатуы мүмкін. Олар жүргізушіге қажетті төмендегідей дағдыларға әсер етеді:
1. көру
2. есте сақтау
3. рефлекстер
4. қол және аяқ моторикасы.
Шашыраңқы склероз диагнозы бұл билік өкілдері үшін Сізге жүргізуші куәлігін бермеуге орынды себеп болып табылады. Алайда Сіз оны алған болсаңыз автомобильді басқару кезінде өзіңіздің хал-жайыңызды мұқият қадағалаңыз және ақылға салып жүргізіңіз. Бұл Сіздің ғана емес, басқалардың да өмірін сақтап қалу үшін маңызды!
ШС симптомдары қауіпті және аяусыз, кейде олар бір күнде келеді не кетеді. «Асқынған» кезде көлік жүргізу қауіпті. Бірақ қарапайым ережелер көлік жүргізуді оңай әрі қауіпсіз ете алады.
Симптомдар
Кейде сіз көлік жүргізуіңізге әсер етіп жатқан ШС симптомдарын, және аяқтарыңыздың моторикасы аяқты газ басқышынан тежегішке жылдам ауыстыруға мүмкіндік бермей жатқанын байқап қаласыз. Алайда кейде Сізге көріп тұрған жағдайға орай әрекет ету үшін оны түсінуге миыңызды қабілеті жетпей қалатын кездер болады. Осы туралы ұмытпау керек!
Сіз көлікті тұраққа қою кезіндегі соқтығысу сияқты аса ауыр емес апатқа ұшырауыңыз немесе таныс көшелермен жүріп бара жатсаңыз да өзіңізді өзіңіз жоғалтқандай сезімге түсуіңіз мүмкін. Кейбіреулер көлік жүргізуінің өзгергенін басқалар айтқанша байқамай да қалады.
Егер Сіз көлік ішінде шашыраңқы склероздың әсер етпейтініне сенімді болмасаңыз, жүргізушілерді оңалту жөніндегі маманға жүгініңіз.
Арнайы саймандар
ШС ауыратын науқастардың көбі автомобильге арналған арнайы құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы көлік жүргізуді жеңілдетеді. Көлікті және оның құрамдас бөліктерін сатып алмас бұрын көлік құралының немесе құрал-жабдықтың қай түрінің сізге қажет екенін алдын ала ойластырған жөн.
Біз автомобиль үшін мінсіз инновация ретінде – газ бен тежегішті қолмен бақылау тәсілін ұсынамыз.
Сонымен қатар көлікті басқару оңай болу үшін басқа да гаджеттер қолданылады:
1. Басқаруға көмектесетін арнайы тұтқалар
2. Жалпақ немесе үлкен айна
3. Кіруге және шығуға көмектесетін арнайы орындар
4. Саймандарыңызды қоюға арналған көтергіштер
5. Мүгедектер арбасын орналастыруға арналған пандустар немесе көтергіштер
Бұл құрал-жабдықты қолдануды Сізге басқалардың үйреткені қажет болуы мүмкін. Одан кейін Сіз жол ережелері бойынша тестілеуден өтуге тиіс боласыз. Бұл Сізге рөлге отырудағы сенімділігіңізді арттырып, өзіңізді қауіпсіз сезінуге көмектеседі!