Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

КОГНИТИВТІК БҰЗЫЛЫСТАР – ШАШЫРАҢҚЫ СКЛЕРОЗДЫҢ ЖАСЫРЫН СИМПТОМДАРЫ

Шашарыңқы склероз кезінде когнитивті бұзылыстар осы аурумен ауыратын адамдардың шамамен жартысында кездеседі. Когнитивтік бұзылыстар деп ойлай үдерісінің баяулауын, зейін қою қабілетінің төмендеуін немесе есте сақтау қабілетінің нашарлауын айтады. Осыдан бірнеше онжылдықтар бұрын когнитивтік дисфункциялар шашыраңқы склерозға тән емес деп есептелген.
Мысалы, ақыл кемдігі (жүре пайда болған ақыл-естің кемдігі) шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдарда сирек кездеседі.
Алайда шашыраңқы склерозбен ауыратын науқастардың 50-60%-ы аурудың әртүрлі кезеңдерінде когнитивтік ақыл кемдігінің жеңіл түрлеріне тап болады. Оған қоса, мұндай бұзылыстар түрлерінен ШС емдеудің бастапқы-үдемелі түрімен ауыратын пациенттер зардап шегеді.
Шашыраңқы склероздың қайталамалы-ремиттелетін түрімен ауыратын пациенттер әдетте регрессияланатын когнитивтік бұзылыстардың жеңіл формаларына шалдығады. Оларда әлсіздік, түйілу сияқты дене шектеулерімен қатар зейін қоюдың болмауымен байланысты когнитивтік бұзылыстар болуы мүмкін.
КОГНИТИВТІК БҰЗЫЛЫСТАРДЫ ЕМДЕУ
Когнитивтік бұзылыстар пациенттің өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етуі және адамның белгіленген мерзімнен бұрын жұмыс ортасынан кетуінің негізгі себебі болуы мүмкін. Әдетте когнитивтік бұзылыстардың алғашқы себептерін отбасының басқа мүшелері немесе әріптестер байқайды. Олар мынандай болуы мүмкін:
Дұрыс сөздерді таңдап алудың қиындығы;
Жұмыста немесе үйде істер тізімін есте сақтаудың қиындығы;
Шешім қабылдаудағы қиындық немесе болжамсыздық;
Күнделікті міндеттерді орындау немесе қарым-қатынас проблемасы.
Егер жоғарыда сипатталған симптомдар шашыраңқы склерозбен ауыратын адам немесе оның отбасы мүшелері үшін проблемаға айналса, онда дәрігерге жүгінген жөн. Психикалық өзгерістердің себебін анықтау үшін егжей-тегжейлі бағалау қажет, себебі когнитивтік бұзылыстар күйзеліс, үрей, шаршаңқылық немесе торығу сияқты басқа факторлардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Көбінесе емдеу есте сақтау қабілетін дамыту жаттығуларымен, сөз қорын жақсартумен, күнделікте істер тізімін жүргізумен және зейін қоюды жаттықтырумен байланысты.
Дереккөзі – TEVA компаниясының қолдауымен құрылған сайт.