Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

МИДЫ ДАМЫТУҒА ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР

Миыңызды дамыту және оның функционалдық мүмкіндіктерін арттыру үшін өте қарапайым жаттығуларды жасауға болады.
Жаттығулар екі қолдың саусақтарымен жасалады және сондықтан да «пальцовки» деп аталады.
«Пальцовки» жаттығуы:
есте сақтау қабілетін жақсартады,
ми жартышарларының үйлесімді жұмысын дамытады,
ойлау, шешім қабылдау, әрекет ету жылдамдығын арттырады,
бас миы қыртыстарында жаңа нейрон байланыстарын құрады.
Осы жаттығулардың көмегімен өз тиімділігіңізді және өнімділігіңізді айтарлықтай арттыра аласыз.
Сондай-ақ жаттығулардың жалпы сауықтыру әсері бар, себебі олар саусақ ұшында орналасқан биоактивті нүктелерге әсер етеді. Яғни, шын мәнінде, бұл нүктелік массаждың (акупрессураның) тағы бір нұсқасы болып табылады.
Жауынгерлік өнерде осы жаттығулардан тағы бір бағалы әсер байқалды. Пальцовканы орындау кезінде саусақтар біршама нығаяды және сіңірлер дамиды. Жаттығуларды таңертең, таңғы жаттығулар кешенінен немесе медитациядан кейін жасаған дұрыс.
Пальцовканың әсері 3 ай бойы күнделікті жасағаннан кейін байқалады.


№1 Пальцовка
Бастапқы қалып: қолдарыңызды алға қарай созыңыз, саусақтарыңызды жоғары қаратып, барынша созыңыз. Әр қолдың сұқ саусағының ұшын бармақ ұшына тіреңіз. Бұл жаттығу О'кей ишаратына ұқсас.
Енді екі қолмен бір уақытта бармақпен басқа саусақтардың ұштарын ретімен – ортан қол, аты жоқ саусақ, шынашақ – қатты басыңыз. Шынашаққа жете салысымен дәл солай кері қарай сұқ саусаққа ораламыз. Басуға қатыспайтын саусақтарды барынша созуға тырысамыз. Бұл маңызды.
Дәл осылай кемінде 3 рет артқа және алға жүріп өтеміз.


№2 Пальцовка
Бұл жаттығудың бірінші пальцовкадан айырмашылығы көп емес. Бірақ оны жасау әлдеқайда қиынырақ, себебі бұл жерде бас миы жартышарларының үйлесуі қажет.
Бастапқы қалып: бір қолда бармақпен сұқ саусақ, екіншісінде бармақ пен шынашақ біріктірілген.
Енді екі қолдағы бармақтармен басқа саусақтарды ретімен бір уақытта баса бастаймыз. Бір қолда сұқ саусақтан шынашаққа, екінші қолда – шынашақтан сұқ саусаққа қарай жылжимыз.
Дәл осылау кемінде үш рет өтеміз.

№3 Пальцовка
Оң қолдың бармаңын сол қолдың сұқ саусағымен біріктіреміз. Сонымен бірге бір уақытта оң қолдың сұқ саусағын сол қолдың бармағымен біріктіреміз. Енді төменде ажыратып жатқан саусақтарымызды жоғарыға апарып, қайтадан баса бастаймыз. Осылай әрі қарай цикл бойынша жалғаса береді. Сонда «соқпақ» секілді жаттығу жасалады.

№4 Пальцовка
Бұл жаттығу №3 пальцовкаға ұқсас. Енді оң қолдың бармағымен сол қолдың сұқ саусағын ғана емес, қалған саусақтардың барлығын шынашақтан бастап кері қарай басып шығамыз. Ал сол қолдың бармағы осы кезде оң қолдың тек қана сұқ саусағын басуын жалғастырады.
үш рет жүріп өтеміз де, содан кейін қолдардың орындайтын жаттығуларын алмастырамыз. Енді сол қолдың бармағымен оң қолдың барлық саусақтарын ретімен басып шығамыз.
Пальцовкалармен бірге, анығырақ айтқанда, оларды орындап болғаннан кейін мен әсері ұқсас тағы бір қарапайым жаттығуды орындауды ұсынамын.
2 біршама ұзын таяқша алыңыз.
Енді таяқшалардың бірін алып сұқ саусаққа немесе алақанның ортасына қоямыз, екінші қолымызды түсіреміз және таяқты тігінен тепе-теңдікті сақтап ұстап тұруға тырысамыз. Бұл жаттығуды көбі жасай алады.
Ал енді екінші таяқшаны алып оны екінші қолға қойыңыз. Енді бірден екі таяқшаны тігінен ұстаңыз!