Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

АСҚЫНУ

Біз асқыну туралы ойдың өзінен қорқа бастаймыз.
Және біз, пациенттер, бар күшімізді салып осы күйден құтылуға тырысамыз.
Алайда, өкінішке орай, асқынулар – шашыраңқы склероздың ажырамас бөлігі. Асқынудың салдарынан қабыну пайда болады және миелин зақымданады. Бұл симптоматиканың нашарлауына немесе жаңа симптомдардың пайда болуына алып келеді. Шашыраңқы склероздың асқынуы (сондай-ақ шабуыл деп аталады) жаңа симптомдарды тудырады немесе бұрынғы симптоматиканы асқындырады және одан құтылу мүмкін емес. Шашыраңқы склероздың асқынуы әр науқасты әртүрлі өтеді. Кейбірінде ол білінбей, оңай өтсе, басқаларында ауыр түрде байқалады да, бұл адамның тұрмысына кері әсер тигізеді. ШС-бен ауыратын науқастың өмірінің асқынусыз бөлігі ремиссия деп аталады.
Шашыраңқы склероздың асқыну симптомдары.
Әр науқастың асқынулары әртүрлі өтеді. Сол сияқты шашыраңқы склероз кезіндегі симптомдар әр адамда әртүрлі болады. Негізінен, асқынудың басты симптомы шашыраңқы склероздың жаңа симптомының немесе ағымдағы асқынудың пайда болуы болып табылады. Асқыну жаңа симптомды тудыруы және сонымен бірге бұрынғы симптомды нашарлатуы мүмкін.
асқынулар кезінде ең алдымен келесі симптомдар пайда болады:
Көру қабілетінің нашарлауы немесе жоғалуы;
Жамбас мүшелерінің жұмысының бұзылуы немесе симптомдардың күшеюі;
Жүру кезінде шаршау және қиындықтардың пайда болуы;
Дененің белгілі бір, кейде бірнеше бөлігінің ұюы сияқты сезгіштіктің бұзылуы.
Сонымен бірге мұндай бұзылыстар шаншу немесе «денеге тоқ соққандай» сезімдер түрінде байқалуы мүмкін. Кейде пациент ауырсыну сезімін жеткізуге қиналады.
Бұл симптомдардың кейбірі ғана, бұл мақалада біз барлық симптомдарды атамаймыз. Көбінесе асқынулар күзде немесе қыста пайда болады. Бірақ кейде асқынулар кәдімгі суық тиген, вирус жұқтырған немесе жүйке жұқарған кезде туындауы мүмкін.
Нақты асқыну екенін дәлелдеу үшін асқыну кезеңі кемінде 24 сағатқа созылу керек. Негізінен, асқыну симптоматика тұрақты нашарлағанға дейін бірнеше күннен бірнеше аптаға немесе тіпті бірнеше айға созылады. Сонымен бірге асқынуды кезекті асқыну деп есептеу үшін алдыңғы асқынудан бастап ең болмағанда 30 күн өту керек.
Шашыраңқы склероздың ұстамалы симптомдары деген түсінік бар (олар туралы біз Сіздермен посттардың бірінде сөйлесеміз).
ШС асқыну себептері
Шашыраңқы склероздың асқынуының жиі кездесетін себептеріне суық тию, ЖРВИ және басқа инфекциялар жатады.
Алайда мұндай себептер өте көп:
Күйзеліс, алаңдау
Шаршау, ұйқының қанбауы
Алкоголь
Бір жаққа ұшу
Аптап (монша, ыстық климат).
Сирек жағдайларда бір рет ыстық душ немесе ванна қабылдау.
Шашыраңқы склероздың ең кең таралған – ремиссиялық-ремиттеуші ағымының мәніне сәйкес асқынулар кезеңдері ремиссия кезеңдерімен кезектеседі. Асқынудан кейін осы ауру жоспарлаған ремиссия кезеңі басталады. Бұл ремиссиялар ұзаққа созылмайды және бар болғаны бірнеше күнмен шектеледі.
Аурудың басқа ағымдарында асқынулар болмайды деген қате пікір бар. Барлығы да болуы мүмкін. Алайда олар нақ осы РРШС тән.
Асқынуларды емдеу
Туындаған асқынуды емдеуді бастау үшін науқастың хал-жайын тексеру қажет. Науқастың жай-күйінің оңтайлы өлшемі EDSS шкаласы болып табылады. Егер берілген бағасы 1 немесе одан астам балға жоғарыласа бұл асқынуды емдеу және жою қажеттігін білдіреді. Мүмкін болған жағдайда контрастілі затты пайдаланып МРТ жүргізу де пайдалы.
Асқынуларды емдеудің ең тиімді әдісі пульс-терапия болып табылады. Бұл арада метилпреднизолон немесе глюкокортикоидтер қолданылады. Бұл топтар препараттары стероидті қабынуға қарсы және иммундық басу препараттары тобына жатады.
Озық мемлекеттерде тек қана гормондармен емдеу қолданылмайды. Бұл препараттардың компоненттерін көтере алмаған жағдайда (диабетпен, инфекциялық аурулармен ауырғанда) баламалы емдеу түрі тағайындалады. Оған плазмоферез, имунноглобулинді тамыр ішіне енгізу және қан тамырларын кеңейтетін препараттар жатады.
Біздің елімізде ШС бойынша хаттамада жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы сипатталған, алайда іс жүзінде тек қана гормондар немесе плазмоферез қолданылады. Қалған әдістер аз дәлелденген/дәлелдер базасы жоқ деп саналады.
Пульс-терапиядан өткеннен кейін пациентті ерекше моральдық, уақыт және қаржы шығындарын талап ететін ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр.
Қазақстанжа медицина саласы толық жетілмегендіктен және көп жағдайда қызметтердің барлығын пациенттердің өздері немесе олардың туыстары төлейтіндіктен бұл тақырыпқа бөлек постты арнау қажет сияқты.