Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

ПАЙДАЛЫ ТАҒАМ ҚАҒИДАЛАРЫН САҚТА

Жалпы ұсыным – салауатты өмір салтын ұстану – сіздің диетаңызға да қолданылады. Құнарлы, сау және теңдестірілген тамақтанудың шашыраңқы склерозбен ауыратын науқастардың жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ететіні дәлелденді. Сіз өз рационыңызды осылай тамақтануды күнделікті өміріңіздің нормасына айналдыруға ұмтыла отырып, осы бағытқа қойыңыз.
Созылмалы аурулармен ауыратын пациенттер (шашыраңқы склероз да аутоиммундық созылмалы ауру болып табылады) көбінесе аурудың тұрақтануына, асқынулар жіиілігін азайтуға жағдай жасай алатын диета іздейді. Осыған қатысты ұсынымдарды сақтаған жағдайда оларды былай қолдануға болады:
Сідің рационыңызда өсімдіктерден жасалған тамақтар жануарлардан алынатын тамақтан артық болу керек.
Етті, оған қоса құс етін тұтынуды азайтыңыз, бірақ мүлде бас тартпаңыз: жануарлардан алынатын азық-түліктер организмнің дұрыс қызмет жасауы үшін қажетті ақуыздардың, темірдің және микроэлементтердің көзі болып табылады. Аптасына екі ет тағамын тұтыну жеткілікті.
Әрине, жануарлардан алынатын майларды тұтынуды барынша азайту керек. Олар шұжықтың, жұмыртқаның, жұмсақ сұрыпты ірімшіктің, сүттің, сондай-ақ осы өнімдерден дайындалған тамақтың құрамында көп мөлшерде болады.
Балық тағамдарын аптасына 2-3 рет тұтынған жөн. Балық ақуыздардың, йодтың және микроэлементтердің құнды көзі болып табылады. Майлы балықтарды таңдауға тырысыңыз, себебі олар организмге қабынуға қарсы қасиеттері бар қосылыстарды шығару үшін қажетті омега-3 полиқаныққан майлы қышқылдардың жалғыз көзі болып табылады.
Күн сайын көкөністер мен жемістерді жеуге тырысыңыз. Жаңа піскен жемістер дәремендердің, әсіресе С-дәруменінің және микроэлементтердің маңызды көзі болып табылады. Бұршақты дақылдарды және саңырауқұлақтарды тұтынуға шектеу қойылмайды. Шашыраңқы склероздың ауыр түрімен ауыратын науқастардың диетасы да, негізінен, осындай болу керек. Алайда бұл жағдайда олардың аз қозғалатын өмір салты және өзіне өзі қызмет көрсетудегі қиындықтары ескерілуге тиіс. Олардың рационының құнарлылығын азайту, оның құрамында жасұныққа бай өнімдердің жеткілікті болуын қадағалау, аз мөлшермен жиі тамақтандыру қажет.
Толығырақ білу үшін науқастарға күтім жасау туралы мамандандырылған әдебиеттерді оқыңыз.