Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

ШАШЫРАҢҚЫ СКЛЕРОЗ КЕЗІНДЕГІ ТАМАҚТАНУ

Сау толыққанды тамақтану барлық адамдар үшін маңызды, бірақ шашыраңқы склероз сияқты созылмалы аурулармен ауыратын адамдар үшін әсіресе маңызды болып табылады. Диетамен емдеу шашыраңқы склерозды емдеудің маңызды бөлігіне айналды. Біз тұтынатын тамақ емдей алады, сонымен қатар жаралай алады. Осындай ауруы бар адамдар ем беретін тамаққа көңіл бөлу керек. Дұрыс, теңдестірілген тамақтану аурумен күресуге қабілетті.
Рационды қайта қарау – науқас жасауға тиіс маңызды қадам. Шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдар үшін белгілі бір ұсынымдарды есте сақтаған жөн. Сау тамақтану қағидаларын және азық-түліктердің пайдалы қасиеттерін білген жөн. Оны білу өз рационын сауатты, оңай және қиналмай құруға көмектеседі және науқасқа ғана емес, оның туыстарына да пайда әкеледі.
Шашыраңқы склероз кезіндегі дұрыс тамақтану төмендегілерді алып тастауды көздейді:
Құрамында жүйке жүйесінің жұмысына кері әсер тигізетін заттары: натрий глутаматы, аспартам, салицилаттар, кальций пропинаты – дәмді күшейткіштер және бояғыштар, соның ішінде табиғи түрлеріне ұқсатылған дәмді күшейткіштер мен бояғыштар бар жартылай фабрикаттарды. Бұл заттардың рационнан алып тасталуы ұйқының қалпына келуіне, үрей мен ашуланшақтықтың басылауын алып келеді.
Егер шайнау кезінде қиналсаңыз немесе шаршасаңыз, мұқият шайнауды қажет ететін азық-түліктерді азайтыңыз немесе алып тастаңыз және оларды жұмсақтау, ұсақталған азық-түліктерге ауыстырыңыз.
Құрамында холестерині көп малдан алынған майларды тұтынуды азайтқан жөн. Холестеринге бай азық-түліктерге еттің майлы сұрыптары (шошқа, қой еті), жұмыртқаның сарысы, майлы шұжықтар, ветчина, шпрот, түйіршікті уылдырық, кілегей, қаймақ жатады. Мұндай өнімдердің құрамында қабыну процесін белсендіруі мүмкін арахидон қышқылының мөлшері көп болады.
Жылдам көмірсулар көздерін – қантты, бидай нанын және тазартылған ұннан жасалған өнімдерді алып тастаңыз. Оның орнына «жай» нандарды – қарабидай, сұр, сұлы нанын пайдаланыңыз. Диеталардың көбінде глютенді толықтай алып тастау керектігі туралы айтылған. Қанттың орнына інжірді, кепкен өрікті, тәтті алманы және т.с.с., кептірілген жемістерді, табиғи шәрбаттарды қосыңыз. Тамақтану рационын түзету шашыраңқы склероздың кейбір симптомдарында туындайтын қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Мыналарды тұтынуды арттырған жөн:
Жаңа піскен көкөністер мен жемістер. Олардың құрамында ас қорытуды қалпына келтіруге жағдай жасайтын жасұнық болады.
Рационыңызды құрамында полиқаныққан қышқылдардың (ең алдымен линол қышқылы) мөлшері жоғары азық-түліктермен байытқан дұрыс. Олар қабыну процесінің азаюына жағдай жасайды. Оған қоса, полиқаныққан қышқылдар жүйке жасушалырының түзілуіне қатысады, олар балықтың майлы түрлерінде және теңіз өнімдерінде, сондай-ақ өсімдік майдарында, әсіресе дәндер мен өскіндерде көп болады.
Жүйелі түрде іш қатуға бейім шашыраңқы склерозбен ауыратын науқастардың рационына құрамында балласттық заттары мен өсімдік талшықтары (жасұнық) бар азық-түліктерді – көкөністерді, жұмсақ жемістерді (шабдалы, қара өрік, банан), тұтас дәнді дақылдарды (жармалар, жарма қосылған нан) қосу маңызды.
Шашыраңқы склероз кезінде ақуызды тамақ қарсы көрсетілмеген. Пациенттерге тамаққа барлық макрокомпоненттерді жеткілікті мөлшерде қосқан дұрыс: ақуыздар, майлар және көмірсулар (АМК). Бұл ретте АМК арақатынасы сәйкесінше 25:25:50 құрау керек.
Өсімдік майларын салаттарға қату немесе тұздықтарды қуырғаннан басқа тәсілмен дайындау үшін қолданған жөн. Жоғары температуралар әсер еткен кезде майлар өз құндылығынан айрылады. Өсімдік майлардың, сондай-ақ тұтас дәнді жармалардың және олардан дасалған өнімдердің құрамында миелиннің және басқа да тіндердің тотығын зақымдалуына кедергі жасайтын Е дәрумені бар.
Сүт, ірімшік, сүзбе, сүтқышқылды өнімдер кальцийдің көзі болып табылады. Мұндай азық-түліктерді қозғалыс аз болған жағдайда немесе гормондармен емдеген, мысалы, ауру өршіген кезде тұтынған жөн (көптеген диеталар сүт өнімдерін толығымен алып тастауды талап етеді).
Дұрыс тамақтану салтын ұстанатын адамдар да, басқалар да су тұтынудың өз нормасын ұмытпау керек. Күн сайын шамамен 2 литр су ішу керек (адамның салмағына қарай). Су барлық кез келген деңгейде, әсіресе нейрондардың белсенділігі және мидың қызметі үшін қажет. Дұрыс тамақтану өте жақсы, бірақ осы аурумен жақыннан танысқан дәрігерлер әзірлеген, шашыраңқы склероз кезіндегі мамандандырылған диеталар бар. Егер Сіз мамандандырылған диетаға көшуге дайын екеніңізді сезінсеңіз, барлық тармақтар мен ерекшеліктерді ұзақ уақыт бойы зерттеп шығуға дайын болыңыз, содан кейін медицина маманымен кеңесіңіз. Дұрыс таматануды немесе диеталарды ұстану кезінде негізгі ем және ұсынылған дәрумендер мен микроэлементтер туралы ұмытпау керек.
Дендеріңіз сау болсын және ауруыңыз қайталанбасын деп тілеймін!!!