Осы мақаланы әйелдер де, ерлер де, тіпті әжелер мен аталар да оқи алады. Неге екенін қазір өздеріңіз түсінесіздер.
Егер әйелдерде шашыраңқы склероз босанғанға дейін анықталған болса, «Босанғаннан кейін ауру өршіп кетсе не істеу керек?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл тақырып интернетте де, жеке адамдардың арасында да жиі талқыланады.
Ең бастысы, мынаны түсіну керек – босанғаннан кейін өрші жағдайы сирек кездеседі. Ондай жағдайлар бар, бірақ басқалар ойлағандай көп емес. Ал егер сондай да орын алатын болса, сіз не істеу керектігін білетін боласыз (ол үшін осы мақаланы соңына дейін оқып шығу керек).
Сонымен, тағы бір қайталап жіберейік – босанғаннан кейін шашыраңқы склероздың өршу жағдайлары өте сирек кездеседі. Осы орайда ол туралй ойлаудың, тіпті уайымдаудың қажеті жоқ. Сіздің жақсы ойлауыңыз маңызды. Адамдардың өздерін өздері бағдарламалап, заңды түрде «тілегенін» алатыны туралы айтқан болатынбыз. Қуанышты күндеріңізден рақат алыңыз және тек қана бақытты өмір сүремін деп ойлаңыз!
Екіншіден, жүктілік кезінде және босанғаннан кейін дұрыс дайындалған жағдайда өршудің сізді айналып өтуі әбден мүмкін. Сіз тек бір нәрсені түсінуіңіз керек: босанудан кейін өршулер әйелдің көп күшін жоғалтуынан болады. Басқа ешқандай себеп жоқ. Онымен қоса жүктілік кезінде бала сіздің «бар күшіңізді» өзіне алады, босанғаннан кейін де әйел баламен жеке қалады деуге болады. Бұлай болмау керек. Сіздің отбасыңызда сізбен бірге қалатын ең болмағанда бір адам бала емізіп жүрген әйелге қолынан келгенше көмектесу керек.
Ең маңызды тармақтардың бірі – тыныштық. Бала емізетін әйел барынша сабырлы болуға және жұбайының, ата-анасының, аға-інілерінің, әпке-сіңлілерінің, құрбыларының...жалпы, оны қолдай алатындардың және қолдағысы келетіндердің тарапынан барынша көмек алуға тиіс. Кішкентай сәбиге дене және психологиялық күш көп жұмсалады, сондықтан оларды күн сайын толықтырып тұру маңызды.
Әйелдерге кеңес. Басқалардан көмек күтпеңіз, өзіңіздің айналаңыздағы адамдардан көмектесуін талап етіңіз! Сіздің денсаулығыңыз – бұл сіздің балаларыңыздың денсаулығының кепілі. Егер сіз көп күш жұмсасаңыз және көмекке мұқтаж болсаңыз, сіздің балаңызға өзіңізден артық күтім жасайтын адамның табылуы екіталай. Қымсынбаңыз және «ерлік» танытпаңыз. Шаршағаныңызды сезе салысымен көмек сұраудан қысылмаңыз.
Ер адамға тапсырма бермес бұрын, оларды оған көбінесе ынталандыру керек болады, ал егде жастағы әйелдер жаңа туған сәбиге қараудың қаншалықты қиын екенін ұмытып та кетеді. Оған қоса, өзін танытуы мүмкін «диагнозың» болса, оның қаншалықты қиын екенін іс-жүзінде ешкім елестете де алмайды.
Сіз осы орайда уайымдап, немесе өкінішке орай, босанғаннан кейін ауруыңыз өршіп кетсе, ағзаңызға күшін қалпына келтіру үшін қажетті әрекеттердің тізбесімен танысыңыз. Осы әрекеттерді өзіңіз үшін қағазға жазып алып, оларды бағдарламадан ауытқымай күн сайын қайталап тұрыңыз.
Сонымен, жүктіліктен кейін өршулердің алдын алғыңыз келсе немесе өршіген жағдайда олардың салдарын азайтқыңыз келсе, сізге не істеу керектігін мына тізімнен көре аласыз.
— Міндетті түрде өзіңізге демалыс ұйымдастырыңыз және тәулігіне кемінде 10 сағат ұйықтаңыз. Ең болмағанда, аптасына екі рет өзіңізге осындай мүмкіндік беріңіз. Олай істеуге көбінесе мүмкіндіктің болмайтынын жақсы түсінемін. БІРАҚ! Сіз сол үшін басқалардың сізге жағдай жасауын талап етуіңіз керек. Балаңызға жұбайыңыз, анаңыз, құрбыңыз, тіпті көршілеріңіз (қалжың) қарай тұрсын, тек аптасына кемінде екі рет 10 сағаттан ұйықтап алуға мүмкіндігіңіз болуға тиіс. Ағзаңыз ұйқыда жатқанда күш жинайды және айлап-жылдап өзіңізді қажи беретін болсаңыз, сізге ешнәрсе көмектеспей қалуы мүмкін.
— Қанттың мөлшерін азайтыңыз. Кез келген түрдегі қант көп мөлшерде тұтынған жағдайда зиян келтіреді. Қант осы кездегі ең «қатігез» өнімдердің бірі болып табылады. Оны барлық өнімдерге қосады. Өнімдердің қаптамаларына жазылған нұсқауларды міндетті түрде қарап шығыңыз, оны кез келген мөлшерде тұтынудан бас тартыңыз.
—D3 дәруменін K2 дәруменімен бірге міндетті түрде қабылдаңыз (олар көбінесе бірге қабылданады). Сонымен қатар екі дәруменді жеке-жеке сатып алуға, және пропорцияларын сақтап қабылдауға болады. Мүмкіндігіңіз болса, күніне кемінде 1 сағаттан ешқандай кремсіз күн ванналарын қабылдаңыз. Бұл сіздің ағзаңызға D дәруменінің табиғи ағымын (гормонын) береді және күннің сәулесі ағзадағы қалған өмірлік маңызы бар процестерді іске қосады.
— Күн сайын сізге көкөністерден шырын (жаңа сығылған) жасап беруін сұраңыз. Дүкеннен алынған емес, шырынсыққышпен қолдан сығылған болғаны абзал. Толығырақ білу үшін осы мақаланы көріп шығыңыз. Осылайша, сіз өз ағзаңызды дерлік барлық қажетті дәрумендермен, микро және макроэлементтермен қамтамасыз етесіз.
— Малдан алынған азық-түліктерді тұтынуды азайтыңыз. Етті, сүтті, ірімшікті, сүзбелерді, құс етін барынша аз мөлшерде тұтынуға және мүмкіндігінше күн сайын тұтынбауға тырысыңыз. Егер сіз ет-сүт өнімдерін көп мөлшерде тұтынуға әдеттенген болсаңыз, онда балық пен құс етін өзгеріссіз қалдырсаңыз болады. Мүт өнімдерінен тек қана жаңа сауылған (пастерленген емес) сүтті қалдырсаңыз болады. Сиырдың сүтінің орнына ешкінің сүтін ішуге, мүмкін болса күріш «сүтін», бадам сүтін және басқа да «сүт» түрлерін тұтынған дұрыс.
— Міндетті түрде қосымша жаңа піскен, мүмкіндігінше өз өңіріңізде өсірілген (саяжайда өсірілген болса тіпті жақсы) көкөністерді рационға қосыңыз. Көкөністердің артықтығы болмайды. Жаңа дайындалған салаттарды жемесеңіз де, балдыркөк, сәбіз, қырыққабат, брокколи және тағы сол сияқты көкөністерді жеңіз. Олардың термиялық жолмен өңделуі абзал, бірақ егер қаласаңыз, оларды қайнатып немесе тұмшапеште пісіріп алсаңыз болады. Майға қуырудан сақтаныңыз.
— В тобына жататын дәрумендер кешенін міндетті түрде қабылдау керек. В12 дәруменінің тек қана метилкобаламин немесе аденозилкобаламин түрінде болуын, B9 дәруменінің фолат түрінде (Folate) болуын қадағалаңыз. Сізге одан басқа ешқандай түрде қажет болмайды.
— Таза суды көп мөлшерде ішіңіз. Оның кері осмос сүзгісімен тазартылған болуы абзал. Ондай мүмкіндік болмаса, онда шыны бөтелкелердегі және газсыз суды ішіңіз. Тәулігіне сіздің салмағыңыздың әр килограмына кемінде 40 миллилитр шаққандағы мөлшерін ішкеніңіз жөн. Яғни, егер салмағыңыз 50 кг болса, онда тәулігіне сіз кемінде 2 литр су ішуге тиіссіз (міндеттісіз).
— Бүкіл косметика мен тұрмыстық химияны «жағдай жақсарғанша» алып тастағаныңыз дұрыс. Тек қана табиғи косметиканы, тазартқыш құралдарды және гигиена заттарын пайдаланыңыз. Әлсіреген ағзаңызды зиянды химиялық заттардың әсеріне неғұрлым аз шалдықтырсаңыз, хал-жайыңыздың соғұрлым жақсаратынына мүмкіндік көп.
— Құрамында аз мөлшерде болса да ашытқысы бар азық-түліктерді тұтынбаңыз. Қаптамада көрсетілген нұсқауды толық оқып шығып, оларды сатып алмауға тырысыңыз. Егер қонаққа келіп, алдыңызға әртүрлі тәттілерді қойса, құрамында ашытқысы бар-жоғын сұраудан қысылмаңыз. Тағы бір жолы, қонаққа баратын үйіңіздің иесінен сіз үшін ашытқысы мен қанты жоқ тағам дайындауын сұраңыз. Өте дәмді және тіпті пайдалы рецептілер өте көп.
Тағы бір рет еске сала кетейік, ең басты ескертулердің бірі тыныштық және күйзеліс тудыратын сыртқы себептердің болмауы. Сізді сыртқы әлем мазаламау керек. Барлық істерді басқа адамның орындауын сұраңыз, ал сіз тек қана өзіңізбен және сәбиіңізбен айналысыңыз. Істеріңіз ешқайда қашып кетпейді, ақшаның барлығын табу мүмкін емес, жақын адамдарыңыз сізді және сіздің барлық шешімдеріңізді қабыл алады. Осыны әрдайым және қай жерде болмасын естен шығармаған жөн.
Аталған әдістердің барлығы өршудің салдарын айтарлықтай аз уақыттың ішінде болдырмауға немесе азайтуға мүмкіндік береді. Әрине, мұнымен істің бәрі аяқталмайды. Егжей-тегжейлі білу үшін менің сайтымдағы барлық материалдарды оқып шығыңыз. Сіз міндетті түрде өзіңіз үшін маңызды және жаңа дүниелермен танысасыз және көптеген қиындықтардың алдын аласыз.
Маңызды!
Егер кенеттен босанғаннан кейін қатты өршу басталса, және сіз жоғарыда аталған тізімдегі БАРЛЫҚ тармақтарды орындасаңыз, менің поштама өзіңіз және жай-күйіңіз туралы толығырақ жазып жіберіңіз. Біз бірлесіп жағдайды талқылаймыз және алдағы уақытта атқаратын істерді талдаймыз.
Өз кезегінде, мен сіздерге тыныштық және сәбилеріңізге қуаныш тілеймін!