Мүгедектер арбасы – саяхаттардан бас тартудың себебі болмау керек. Бұл мақалада біз ұшақпен ұшу мәселелерін көтереміз: ұшуға қалай дайындалу керектігін, креслоны қалай тасуға болатынын және бортта дәретханаға қалай бару керектігін айтамыз.
Ұшуға қалай дайындалу керек
Ең алдымен билетті броньдаңыз және сізге әуежайда қажет болуы мүмкін кез келген арнайы көмекті сұрату үшін әуе компаниясымен байланысыңыз. Тиісінше хабарлау арқылы сіз әуе тасымалдаушысына сізді бортқа қабылдауға дайындалуға мүмкіндік бересіз. Барлық әуе компанияларында мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетуге қатысты ережелері әртүрлі болып табылады, сондықтан мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікке қатысты сіздің әуе коп\мпанияңыздың саясатын алдын ала біліп алған жөн.
SSR-кодтар
Саяхатшы арнайы көмекті сұратқан кезде әуе компаниясы қызмет көрсетуге арнайы сұратым кодын немесе SSR пайдаланып, оны өзі билетті жазған кезде кодтап береді.
Бұл кодтар әуе компаниясына көмек туралы сұратымдарды оңай қадағалауға және сәйкесінше персоналды тағайындауға мүмкіндік береді.
Сіздің билетіңізге дұрыс кодтың жазылуы маңызды. Төменде келтірілген кестелерде мүмкіндіктері шектеулі әуе жолаушылары мүдделі көмек түрлері және SSR кодтар көрсетілген және анықталған.
Бұл кодтарды компаниялардың көбі пайдаланады, бірақ кейбір тасымалдаушылар басқа пішімді пайдалануы мүмкін.
WCHR. Мүгедектер креслосы қажет; Жолаушы баспалдақпен жоғары немесе төмен қарай қысқа қашықтықтарға бара алады;
WCHS. Мүгедектер креслосы қажет; Жолаушы қысқа қашықтықтарға бара алады, бірақ баспалдақпен жоғары немесе төмен қарай қозғала алмайды;
WCHC. Мүгедектер креслосы қажет; Жолаушы жылжи алмайды және оған отыру үшін өтетін жерде кресло қажет;
WCOB. Өту үшін борттық кресло-арба қажет (ұшу кезінде пайдалану үшін);
WCMP. Жолаушы қол мүгедектер арбасымен саяхаттайды;
WCBD. Жолаушы құрғақ электр батареясымен жұмыс істейтін мүгедектер арбасымен саяхаттайды;
WCBW. Жолаушы сұйық электролиті бар батарейкалы мүгедектер арбасымен саяхаттайды.
BLND. Жолаушы соқыр немесе көздері нашар көреді;
DEAF. Жолаушы керең немесе нашар естиді;
ESAN. Жолаушы эмоциялық қолдау алу үшін жануармен бірге саяхаттайды;
EXST. Жолаушыға денесінің көлеміне байланысты қосымша орын қажет;
MAAS. Интеллектуалдық мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларды сәйкестендіру үшін кейбір әуе компаниялары пайдаланады;
MEDA. Оттегіге мұқтаж жолаушыларды сәйкестендіру үшін кейбір әуе компаниялары пайдаланады;
OXYG. Жолаушыға оттегі қажет.
PETC. Жолаушы салонда үй жануарымен саяхаттайды;
PNUT. Жолаушының жержаңғақ шаңына аллергиясы бар;
PPOC. Жолаушы тасымалданатын оттегі концентраторымен саяхаттайды;
STCR. Жолаушы зембілмен қозғалады.
SVAN. Жолаушы қызметтік жануармен саяхаттайды.
Отыру және ұшу
Отыру кезінде әуе компаниясының қызметкерлері бортқа әдеттегі жиналмалы мүгедектер арбасын қабылдауға тиіс – әдетте ол үшін арнайы шкаф болады. Онда көбінесе жолсеріктердің жеке заттары сақталады, бірақ олар қажет болғанда креслоға орынды босату керек.
Ірі электрлік мүгедектер креслолары багаж ретінде тасымалданады, және сондықтан сіз оны әуежайда қалай жинайтыныңызды ойластырғаныңыз жөн (өзіңізбен бірге бұрауышты алу және тұрған орнында жартылай бөлшектеу қажет болуы мүмкін).
Әуежайда тексеруден өткен кезде сіз креслодан тұруға және металліздегіш арқылы өтуге міндетті емессіз. Егер сіз өз бетінше қозғала алмасаңыз, сізді және сіздің креслоңызды әуежай қызметкері тінтеді. Сіз қызметкер жынысының сіздің жынысыңызбен бірдей болуын талап ете аласыз.
Отыру кезінде әуе компаниясының қызметкерлері сіз үшін арнайы кресло дайындап, соның көмегімен траппен отыратын орныңызға дейін апарады. Орын таңдау кезінде бірінші қатардағы орынды таңдамауға тырысыңыз – әдетте ол орындарда креслоның тұтқасы төмен түспейді, және сол себептен арбадан тұру қолайсыз. Одан басқа, ұзақ уақыт ұшатын болсаңыз, дәретханаға жақындау жерге отырғызуын сұраңыз. Егер өзіңіз жүре алмасаңыз, онда дәл осындай арнайы кресломен жолсерік сізді дәретханаға дейін апарып тастайды.
Негізінен, мүгедектер арбасында отырған жолаушыларды ұшақтан соңында шығарады – сондықтан трансфер жағдайында артық уақытыңызды көбірек болуын қадағалаңыз.