Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

КҮЙЗЕЛІС КЕЗІНДЕ ДЕНЕНІ БОСАҢСЫТУ

Босаңсуды үйренеміз.
ШС ауыратын адамдардың көбінде күйзеліс кезінде жалпы хал-жайы нашарлайды: бұлшықеттері түйіледі, ауырсыну және «мидың шаршауы» пайда болады. Швед физиотерапевті Карина Хеден дененің күйзелістік реакцияларын жеңілдететін немесе жоятын жаттығуларды ұсынады. Бұл арада тыныс алуға және босаңсуға ерекше көңіл бөлу керек. Күйзелісті жағдай кезінде тыныс алу үстіртін болып кетеді де, көкіректің жоғары жағына қарай өтеді. Біз терең және төмен қарай, ішімізбен тыныс алуды үйренуіміз керек. Күйзелістен туындаған денедені шиеленісті басудың жақсы бір тәсілі «үдемелі босаңсуды» іс жүзінде қолдануды бастау болып табылады. Дененің әртүрлі бөліктеріндегі шиеленіс пен босаңсудың арасындағы айырмашылықты сезуді үйрену керек. Бұл жаттығулар «дененің саналылығын» арттырады және болашақта шиеленісті оңай жеңуге және денедегі «өмірді» сезінуге көмектеседі.
«Үдемелі босаңсу» бойынша гид. Тыныш әрі тынық жерде жалғыз қалуға тырысып көріңіз. Шалқаңыздан өзіңізге ыңғайлы күйде жатыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Бүкіл денеңіздегі бұлшықеттеріңізді ширатыңыз. Көзіңізді қатты жұмыңыз. Қимылсыз жатыңыз. Демді ішке тартып жатып беске дейін санаңыз. Сосын денеңізді босатыңыз, демді баяу шығара отырып, бетіңізді толығымен босаңсытыңыз. Бетіңіздің бұлшықеттерінің босап жатқанын сезініңіз.
🔼Мойныңыз бен жауырындарыңызды ширатыңыз. Демді ішке тарта отырып беске дейін санаңыз. Енді босаңси отырып, деміңізді шығарыңыз.
🔼Бүкіл денеңіздің бойын жаттықтыруды жалғастырыңыз. Көкіректен бастаңыз. Ішіңізбен жалғастырыңыз. Алдымен бір қолмен, сосын екіншісімен жаттығу жасаңыз. Сосын қолдарыңыздың ұштарына бір-бірлеп ауысыңыз. Арқаңызға жаттығу жасаңыз. Аяқтарыңызға бір-бірлеп жасаңыз. Табандарыңызға бір-бірлеп жаттығуды жасауды жалғастырыңыз. Содан кейін тынысыңызды ішіңізге ауыстыру үшін «төртбұрышта тыныс алу» жаттығуларын жасаңыз.
🔼Көздеріңізді жұмыңыз, өзіңізді, денеңізді төртбұрышта жүргендей елестетіңіз. Деміңізді ішке тартыңыз
🔼Көзқарасыңызды (көзді жұмып тұрып) сол жақтағы бұрыштан төменге, содан кейін артқа қарай жоғарыға апарыңыз және бір уақытта деміңізді ұстап тұрып үшке дейін санаңыз.
🔼Көзқарасыңызды (көзді жұмыс тұрып) сол жақтағы жоғарғы бұрыштан оң жақтағы жоғарғы бұрышқа қарай бір сызықпен апарыңыз және бір уақытта демді ішке тарта отырып үшке дейін санаңыз.
🔼Жеміңізді ішке тартыңыз. Сосын көзқарасыңызды тынысыңызды ұстап, үшке дейін санағанша оң жақтағы жоғарғы бұрыштан оң жақтағы төменгі бұрышқа апарыңыз.
🔼Сосын көзқарасыңызды оң жақтағы төменгі бұрыштан сол жақтағы төменгі бұрышқа апарыңыз. Деміңізді шығара отырып үшке дейін санаңыз. Осы жаттығуды бірнеше минут бойы асықпай жасаңыз.
PS: шетелдік дереккөздерден аударылған.