Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Cезгіштікті және ұсақ моториканы дамытамыз

ШС кезінде денеңіздің белгілі бір бөліктері сезгіштігінен айрылуы мүмкін. Сезгіштікті және қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін үйде жасауға болатын бірнеше қарапайым жаттығу бар.
1) Киім-кешекке арналған қарапайым қысқышты пайдаланыңыз және оны 10 реттен қысыңыз – алдымен бармақпен және сұқ саусақпен, содан кейін бармақпен және орта саусақпен.
2) Қолдарыңызға бірнеше монета алыңыз да, оларды үстел үстінде бір бағанға қойып шығыңыз.
3) Қолдарыңызды көкірегіңіздің алдына намаз оқитын қалыптағыдай қойыңыз. Саусақтарыңызды жан-жаққа соза отырып, саусақ ұштарын бірге ұстаңыз. Бармақтың төмпешіктерін бір бірінен мейлінше алысқа созыңыз, сосын саусақтарыңызды бастапқы қалыпқа қайтарыңыз. 10 рет қайталаңыз.
4) Орындыққа отырыңыз және алдыңызға еденге бет орамалды немесе бір парақ қағазын қойыңыз. Оны бірден екі аяғыңызбен, сосын кезек-кезегімен оң және сол аяқпен көтеріңіз.
5) Сондай-ақ сезгіштігі бұзылған жерлеріңізді массаж жасайтын тікенекті доппен ұқаласаңыз болады.