Салбыр табан деген не? - деген сұрақтан бастағанды жөн көрдік.
Осы симптомды байқаған адамның табаны салбырайды, жүрген кезде жерге қарай тартылады немесе жерге ілінгендей болады. Бұл баспалдақпен, тегіс емес жермен және ернеуді ұстап жүргенде қозғалысты қиындатады, сондай-ақ адамды сүрінуге және құлауға бейім етеді.
Салбыр табанның орнын толтыру үшін адам жүрісін өзгертеді. Көбінесе сатымен көтерілгендей аяқтарын жоғары көтеріп жүре бастайжы, алайда мұндай жүріспен жүру үшін көбірек күш-қуат қажет етіледі. Адамның аяқтары тез шаршайды және денесін тұрақты ұстау қабілетінен айрылғанын сезеді. Уақыт өте келе бұл жамбастың немесе белдің ауыруы, бұлшықеттің тартылуы және тепе-теңдіктің нашарлауы сияқты одан да күрделі проблемаларға алып келеді.
Салбыр табан симптомы неден туындайды?
Шашыраңқы склерозбен ауырғанда немесе нейрондық жарақат алғанда табанның салбырауына табан буынының әлсіздігі немесе миға және мидан жүйке жолының бұзылуы себеп болады.
Егер аяқ бұлшықеттері мен табан буынының арасындағы үйлестік синхрондалмаған болса, жүрген кезде табанды кеңістіктің қажетті нүктесінде дұрыс бұрышпен көтеру қиын болады да, бұл башпайлардың еденге ілінуіне, ал аяқтың жүрген кезде шықпыртуына алып келеді.
ШС бен нейрондық жарақаттардың басқа симптомдары табанның қозғалысын нашарлатуы мүмкін. Аяқтың ұйып кетуі немесе сезгіштігіндегі өзгерістер тірек сезімін бәсеңдетеді. Аяқтың бұршықетінің әлсіздігі немесе түйілуі табанды басқаруды қиындатады.
Салбыр табанды емдеудің қай әдістері тиімді?
Бірінші әдіс - Функционалдық электрлік ынталандыру, екінші әдіс – табан буынының ортезі. Осы екі әдістің салбыр табанды емдеуде бірдей тиімді екені анықталды.
Шотландия университетінің зерттеушілері салбыр табанды емдеудің екі ең жиі қолданылатын әдісін - функционалдық электрлік ынталандыруды (ФЭЫ) және табан буынының ортезін (ТБО) салыстырып көрді. Екі әдіс те тиімді екенін көрсетті.
Функционалдық электрлік ынталандыру (ФЭЫ) кезінде жүру кезінде табанның табиғи қалпын құру үшін жіліншік бұлшықеттері әлсіз электрлік разрядтармен ынталандырылады.
Табан буынының ортезінде (ТБО) пластиктен немесе көміртекті талшықтан жасалған бұйым жүру кезінде табанның салбырауының алдын алу үшін жіліншік пен табанды дұрыс қалыпта ұстап тұрады.
Осы күнге дейін екі әдістерді салыстыру бағытында зерттеулер өте аз жүргізілді. Глазгодағы Каледон университетінің мамандары шашыраңқы склерозбен ауыратын пациенттер үшін ФЭЫ және ТБО тиімділігін салыстырудың жаңа зерттеуін ұйымдастырды.
Зерттеуге Шотландиядағы жеті зерттеу орталығынан 79 адам қатысты. Олар кездейсоқ тәсілмен ФЭЫ және ТБО топтарына бөлінді. Әр әдістің тиімділігі зерттеудің басында және 3, 6 және 12 ай өткеннен кейін зерттелді. Зерттеушілер 12 ай өткеннен кейін екі топтың қатысушыларының жүру жылдамдығы жоғарылады деген қорытындыға келді. Алайда екі топта алынған нәтижелер біршама ұқсас болып шықты. Өнімдерді қолданудың нәтижесінде өз бетінше жүру сапасының жоғарылау белгілері байқалған жоқ.
Сонымен қатар зерттеу нәтижелері ТБО әдісінің ШС-бен ауыратын адамдар үшін аса тиімді емес екенін көрсетіп отыр. Зерттеушілер ол әдістердің пациенттің дене және психологиялық жай-күйіне әсерін ескеру керек деген пікірге келді, себебі бұл екі фактордың да емделуге бейілділікте белгілі бір маңызы бар.