Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

ШАШЫРАҢҚЫ СКЛЕРОЗ КЕЗІНДЕГІ МРТ

Шашыраңқы склероз (ШС) – бас миының ең жиі кездесетін органикалық ауруларының бірі. Көбінесе жасөспірімдер мен жастарды, тіпті балаларды зақымдайтын бұл аурумен кемел және қарт жасқа жеткен адамдар да ауыруы мүмкін. Қазіргі уақытта ШС себебі әлі де түсініксіз ауру болып қалып отыр.
ШС диагнозының дұрыс қойылуының практикалық мәні зор, себебі ШС қазіргі емдеу жолдары емнің гормондармен, иммунодепрессантармен пульс-терапия, плазмаферез, ұзақ (өмір бойы) қабылдайтын препараттарды қабылдау «агрессивті» әдістерін қолдануды көздейді. ШС-ды емдеуді және асқынуларының алдын алуды бастауды кешіктіру нәтижеліліктің төмендеуіне және мүгедектенуге алып келуі мүмкін. ШС диагностикалаған кезде көптеген қиындықтар кездеседі. Деректер бойынша пациенттердің 10-15 %-на қате клиникалық диагноз қойылады, ал тағы 4-5%-да бастапқы кезеңде ШС диагностикаланбайды. Акад. И.П.Павлов атындағы С-Петербург ММУ неврология емханасының деректері бойынша стационарға жіберген кезде қате диагноздың қойылу жиілігі 37% құраған. Осыған байланысты ШС ертеден диагностикалау кезінде әртүрлі аспаптық және зертханалық зерттеу әдістеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Ғылым мен техниканың өрлеуі бас миын зерттеудің жоғары ақпаратты әдістерінің ойлап табылуына алып келді. Олардың қатарында МРТ да бар. МРТ – ШС диагнозын растайтын маңызды әдісі болып табылады. Ол бас миы мен жұлындағы миелиннің зақымдану ошақтарын анықтайды. МРТ зерттеу – ШС диагнозын растайтын өте сезгіш, ақпараттық және халыққа қолжетімді зерттеу. Сонымен бірге ауруды мониторингтеуде де МРТ мәні зор. ШС-ды МРТ диагностикалаудың қолданылып келе жатқанына 25 жылдан асты.
Ауруды мониторингтеудің басты міндеті үдерістің кезеңін анықтау болып табылады. Бұл міндетті суреттер анық шығу мақсатында парамагниттік контрастілеу заттарын тамыр ішіне енгізу арқылы орындау және белсенді ошақтарды созылмалы ошақтардан айыра мүмкіндігі туды. Контрастілеу затының жиналу сипаты да ШС имитациялауы мүмкін басқа аурулармен бірге дифференциалды диагностикалауда пайдалы болуы мүмкін. Зерттеудің тиімділігі контрастілі заттың мөлшеріне байланысты екені анықталды.
Диагностикалаудың мұндай әдісі контраст қолданылатын МРТ деп аталатын болды. Көптеген адамдар бұл затты организмге зиян тигізуі мүмкін деп есептейді. Бұлай ойлауға ешқандай негіз жоқ, себебі контраст организмнің құрылымдарын сәулелендіруге және анығырақ визуалдауға мүмкіндік беретін бар болғаны бояғыш зат болып табылады. Контрасттың зияны жоқ, себебі бұл зат:
қарсы көрсетілімдері жоқ;
организмнен тез шығарылады;
аллергиялық реакцияларды тудырмайды.
Контраст енгізілетін МРТ кезінде бірнеше контрастілі заттар қолданылады. Олардың құрамы мен қолдану тәсілдерін әртүрлі. Шашыраңқы склерозбен ауыратын пациенттерге тамыр ішіне енгізілетін контраст тағайындалады. Бұл заттың құрамында суретті анық ететін және ошақтардың белсенділігін көруге мүмкіндік беретін темір тотығы бар.
Стандартты МРТ басты проблемасы ауру ағымының түрін және ауырлық дәрежесін анықтаудағы оның әлсіз болжаушылық қабілеті болып табылады. Бұл жағдайда бас миы заттегінің зақымдану дәрежесін және ШС әртүрлі кезеңіндегі оның семуін бағалаудың морфометриялық критерийлерінің негізінде әзірленген алгоритмнің маңызы зор. МРТ кезінде анықталған бас миы мен жұлынның семуі клиникалық симптоматикамен өзара байланысты.
ШС ауыратын адамдарға МРТ зерттеуден өткен кезде белгілі бір ұсынымдар беріледі. Зерттеу магниттік индукция шамасы кемінде 1,5 Тесланы құрайтын томографта жүргізілу керек, бастапқы МРТ ұсынылатын ұзақтығы 25-30 минуттан аспауға тиіс.
Сканерлеудің ықшамдалған (бастапқы МРТ-зерттеумен салыстырғанда) уақыты 15-20 минуттан аспау керек. Келесі және қайталама МРТ-зерттеулердің арасындағы уақыт аралығын емдеуші дәрігер тағайындалған препаратқа және емдеу кезіндегі аурудың клиникалық ағымына байланысты белгілейді. Қолданылатын емнің тиімділігін бағалау үшін әр жағдайда мерзімдері бөлек белгіленеді, бірақ олар көрсетілген диапазоннан аспауға тиіс. Емді бастағаннан кейін 6 және 12 айдан кейін, одан кейін жыл сайын ем жүргізіледі. ШС агрессивті түрде дамыған жағдайда 3 ай сайын, емдеу нәтижесі оң болған жағдайда жыл сайын белгіленеді. Жұлынды МРТ-зерттеу бас миын МРТ-зерттеумен бірге жүргізіледі. Бұл шашыраңқы склерозбен ауыратын пациенттерді иимунтүрлендіруші емдеу кезіндегі өзгерістер динамикасын объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Жұлынды МРТ зерттеу қажеттігін дәрігер анықтауға тиіс. Бас миына МРТ-зерттеулерді қайта жүргізудің басты міндеті белсенді ошақтарды анықтау болып табылады. Қайталама МРТ-зерттеулерді алдыңғы құрал-жабдықта және бастапқы сканерлеу кезінде қолданылған МРТ-хаттама бойынша жүргізген тиімді, себебі бұл МРТ-зерттеулердің бір-біріне ұқсастығын барында жуықтатуға мүмкіндік береді.
МРТ-зерттеуден өту үшін барлық пациенттерге зерттеуді тек белгілі бір жағдайларда ғана жүргізуге жол беретін салыстырмалы қарсы көрсетілімдер, сондай-ақ зерттеуді жүргізуге мүлде тыйым салынатын абсолюттік қарсы көрсетілімдер қолданылады.

Абсолюттік қарсы көрсетілімдер
жүрекширатқыш;
ортаңғы және ішкі құлақтың ферромагниттік немесе электрондық имплантаттары (ішкі құлақ протездерінің кейбір түрлерінде металдан жасалған ферромагниттік материалдар болады);
инсулин помпалары, нейростимуляторлар;
үлкен металл имплантаттар және магнитпен үйлесетін материалдардан жасалған металл конструкциялары (темірдің әртүрлі қорытпалары);
көздің металл объектісімен бұрын жарақаттануы (соның ішінде көз ұясында металл жоңқасының болуы);
бас миы қантамырларының қан тоқтататын клипстері (миішілік немесе торлы қабық астына қан құйылудың даму қаупі).

Салыстырмалы қарсы көрсетілімдер
жүректегі қан жолы тетіктерінің протездері (жоғары өрістерде, дисфункция бар деген күдік болса);
12 аптаға дейінгі жүктілік (қазіргі сәтте магниттік өрістің тератогендік әсерінің жоқтығын дәлелдейтін дерек аз);
жабық бөлмеден қорқу (аппарат тоннелінде болған кездегі үрей ұстамалары зерттеу жүргізуге кедергі болуы мүмкін);
физиологиялық мониторингтің қажеттігі;
қатты ауырудың салдарынан қозғалғыштықты сақтау мүмкіндігінің болмауы.

Егер Сіз денеңізде жоғарыда аталған заттардың жоқтығына күмәндансаңыз, осы мәселелерді МРТ орталығының қызметкерлерімен талқылаңыз. Қалай болғанда да бұл ақпаратты ұсыну сіздің қауіпсіздігіңіз және сіздің жауапкершілігіңіз болып табылады.
Пациентке МРТ-зерттеу жүргізуден бас тарту мүмкіндігі туралы соңғы шешімді зерттеу алдында МРТ рентгенолог дәрігері қабылдайды.
МРТ ең маңызды артықшылығы процедураның қауіпсіздігі болып табылшады. МРТ ешқандай ауырсыну немесе жағымсыз сезімдерді тудырмайды, ал магниттік өрістер адамның тіндері мен мүшелерін зақымдауы мүмкін емес. Көп жағдайда МРТ-зерттеуге дайындалу қажет етілмейді, ал МРТ процедурасынан металл объектілері немесе қорытпалары жоқ кез келген күнделікті киетін киіммен өтуге болады.
Техникалық әдістердің ешқайсысы дәрігердің клиникалық ойының және зерттеу нәтижелерін кешенді бағалауға және науқасты тексеріп-байқауға, оның анамнезіне негізделетін диагностикалаудың шығармашылық тәсілін орнын баса алмайды.