Бүгін интимдік сипаттағы тақырыпты жалғастырғым келеді:
Шашыраңқы склероз кезіндегі потенция
Шашыраңқы склерозбен ауыратын науқастарда көбінесе есексуалды құштарлығы төмендейді және оған таңғалудың қажеті жоқ.
Өйткені мұндай диагнозы бар адамдарда қуық функцияларын бақылаумен байланысты проблемалар, бұлшықеттің түйілуі және жалпы бүкіл ағзаның шаршағыштығы сияқты проблемалары пайда болады. Сондықтан шашыраңқы склероз кезінде потенцияның болмау жағдайлары ШС ауыратын науқастардың 70-80%-да кездеседі.
Бірақ оған қарамастан осы аурумен ауырған жағдайда да сексуалды өмірді жақсартуға арналған әдістер бар. Пациент өзінің серігімен бірге бұл мәселегі көбірек көңіл бөлу керек, себебі жүйелі интимдік жақындық жеке қарым-қатынастардың маңызды тұстарының бірі болып табылады.
ШС-ң ерлердің сексуалдық функциясына әсері
Біздің жүйке жүйеміз толыққанды эрекцияға қол жеткізу үшін дене немесе визуалды импульстар ретіндегі тітіркендіргіштерді қабылдайды.
Бұл процесті іске қосу үшін ми жыныс мүшесінің жүйке жасушаларына белгілі бір сигнал жібереді. Әрине, бұл жүйе дұрыс жұмыс істеу үшін жүйке ұштары мен қантамырлар толық жұмыс істеп тұру керек.
Шашыраңқы склероздың потенцияға кері әсері жүйке жүйесінің жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуынан болады. Осыған байланысты жыныс мүшесі оған жүйке жүйесі жіберетін сигналды алмайды. Ауыру кезінде ұрықты сапасы нашарламайды, эрекцияға жету және эякуляция кезінде қиындықтар тууы мүмкін.
Шашыраңқы склероз кезінде потенцияны қалай көтеруге болады
Шашыраңқы склероз кезінде потенцияны көтеруге болады. Ол үшін тұйықталуды қажеті жоқ, одан да серігіңізбен осы жағдайды талқылап, қолайлы позаларды және секспен айналысатын уақыттарды таңдап алу қажет.
Сексуалды жақындық үшін ең қолайлы уақыт бұл ер адамның демалғаннан кейін сергек сезінуі болып табылады. Сонымен қатар пациенттердің көбі эякуляциямен байланысты жеке қиындықтарға тап болады.
Мұндай жағдайларда уролог дәрігермен кеңесіп, осы жағдайды шешудің тәсілдерін біліп алыңыз. Ең бастысы, бұл проблеманы тым асыра сілтеп қабылдамау және интимдік жақындықтан мүлде бас тартпау.
Шашыраңқы склероз және секс
Шашыраңқы склероз кезінде потенцияны қалай қалпына келтіруге болатынын түсіну үшін Сіз және сіздің серігіңіз үшін ненің маңызды екенін білу керек. Мұндай диагнозбен бірге бұрынғы түйсіктермен салыстырғанда дене сезгіштігінің өзгеру жағдайлары кездеседі.
Осының арқасында қанағаттану сезіміне бөлейтін және осы жағдайға лайық жаңа позаларды таңдап алуға мүмкіндік бар.
Сексуалды жақындық кезінде өз денеңізді жайлы сезіну үшін жастықтарды немесе бүктелген жамылғыны пайдалануға болады.
Шашыраңқы склероз кезінде потенцияны арттырудың тағы бір әдісі бұл әдеттегі қозғалыстарды қойып, процестің өзінің барысында сезгіштікке көңіл бөлу болып табылады. Барынша ляззат алу үшін өзіңізді демалып және сергек болып сезінетін уақытыңызды таңдағаныңыз жөн.
Проблеманың шешудің басқа жолдары
Кейбір жағдайларда интимдік проблеманы қарапайым тәсілмен шешу мүмкін емес. Мұндай жағдайларда бір бірін сүйетін серіктер бір бірін сексуалды қанағаттандыру үшін басқа жолдарын табады. Мысалы, қоздыруға және әдеттегі жыныстық қатынасқа алып келмейтін бір бірін аймалауды қолдануға болады.
Яндекс.ДиректҚарсы көрсетілімдер бар. Дәрігермен кеңесіңіз. Шашыраңқы склероз ба? Үйде емдеуneyromed.ru Нобель сыйлығына ие, шашыраңқы склерозды емдеуге арналған бірегей құрал! Сұрақ қойыңыз Тегін консультация
Бұл үрей сезімін азайтады және моральдық қысымды азайтады. Бұл ШС диагнозы бар пациентке оң әсер тигізеді. Сондықтан қарым-қатынастарда үйлесімділікке жеткен және бір біріне толық сенген жағдайда шашыраңқы склероздың потенцияға әсер ететіні не етпейтіні туралы мәселе соншалықты өзекті болмайды және артта қалады.
Аяқтай келе, шашыраңқы склерозбен ауыратын танысын туралы қысқаша әңгімені айтып бергім келеді.
Мен онымен желілік компанияның презентациясында таныстым. Ол да ақша табуға бар күшін салып жүр екен.
Жүргенде қиналатын. Алайда таяққа сүйеніп жүре алатын еді.
Екеуміз жақынырақ танысқан соң оның өзім сияқты отбасылы екенін, әзірше балаларының жоқ екенін білдім. Бірақ ол үшін өте күрделі проблема – бұл тұрақсыз потенция және әйелінің сабырсыз, дөрекі қарауы екен.
Әйелі одан ШС-бен ауыратынына қарамастан интимдік жақындықты ғана емес, ақшаны да талап ететін.
Мен оған таныс уролог дәрігерімнің телефон нөмірін бердім. Істің немен аяқталғанын білмеймін, бірақ біраз уақыт өткен соң ол маған қоңырау шалып, жақсы дәрігерді ұсынғаны үшін рақметін айтты.
Мен ол жігіт туралы да, оның әйелі туралы да жаман айтқым келмейді, бірақ қазір ШС диагнозын қойған адамдардың жұбайлары мен серіктеріне айтқым келетіні бар.
Уақыт көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Көп болса, 70-80 жыл өмір сүрерсіз. Ал ОЛ қанша жыл өмір сүреді? Қалай болғанда жердегі өмір аяқталады және сіз үшін ненің қымбат екенін тереңінен ойлаған дұрыс – ТАМАҚ ПА? КИІМ БЕ? СЕКС ПЕ? ГАДЖЕТТЕР МЕ?
Әлде бүлінбейтін, тозбайтын, сәннен қалмайтын, ескірмейтін, ұрлап алуға болмайтын нәрсе бар ма? Ойланып көріңіз. Күйеуіңіздің денсаулығы жақсарып кетсін. Ремиссия тұрақты болсын.