Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Шашыраңқы СКЛЕРОЗ және күнделікті белсенділік

Егер сіз күні бойы тез шаршайтын болсаңыз, төмендегі қарапайым ережелер сізге шаршағыштыққа аз шалдығуға және еселі болуға көмектеседі.
Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Қиын міндеттеріңізді уақыт пен күш-қуатыңыз жеткілікті болып тұрғанда орындаңыз. Мүмкіндігінше міндеттеріңіздің бір бөлігін басқаларға жүктеңіз. Жұмысыңыздың баяу және тұрақты ырғағын сақтаңыз, ешқашан асықпаңыз.
Дене қалпыңызды қадағалаңыз.
Жүйелі түрде демалуға уақыт табыңыз. Алғашқы шаршау белгілері байқала салысымен демалыс алыңыз. Үлкен міндетті бір сессияның ішінде орындауға тырыспаңыз, оны бірнеше шағын сессияларға бөліңіз және ретімен орындаңыз. Міндеттерді бір сағатта демалу қажеттігіне сүйеніп жоспарлаңыз.
Шектен тыс психоэмоциялық шиеленісті болдырмаңыз. Күйзеліске ұшырататын жағдайлардан алшақ болыңыз. Арнайы демалу түрлерін, мысалы, тыныс алу жаттығуларын пайдаланып, психоэмоциялық күйзелісті бақылауды үйреніңіз.
Тыныс алуыңызды бақылауда ұстаңыз. Тынысыңызды ұстап тұрудан, қысқа және толық емес тыныс алудан аулақ болыңыз. Демді бая алып, шығарыңыз, демді шығару ұзақтығы демді тарту ұзақтығынан екі есе ұзақ болу керек (торттағы шырақты үрлегендей).
Есіңізде болсын!
Күш-қуатты сақтаудың ең маңызды қағидасы: өз тәніңізді тыңдаңыз. Шаршамас бұрын тоқтаңыз және демалып алыңыз. Демалу уақытын жоспарлаңыз. Жиі демалыңыз.
БЕЛСЕНДІЛІГІҢІЗДІ ЖОСПАРЛАУҒА КӨМЕКТЕСЕ АЛАТЫН СҰРАҚТАР
Маған не істеген ұнайды және мен үшін не маңызды? Бәрін өзім істеуге міндеттімін бе? Бүгін немесе осы аптада не істелуге тиіс?
Менің күткендерім шындыққа ұласа ма? Айналамдағы адамдар менен не күтеді? Олардың күткендері менің күткеніммен сай келе ме?
ОРЫНДАЛАТЫН МІНДЕТТЕРДІҢ КӨЛЕМІН АЗАЙТУҒА ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫСҚАРТУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН СҰРАҚТАР
Кейбір міндеттерді жоюға бола ма? Қай міндеттерімді мен басқаларға жүктей аламын және оны қалай дұрыс істеуге болады?
Белгілі бір жұмыс түрлерінің жиілігін азайтуға бола ма?
Сіздің кейбір міндеттеріңізді қысқартуға бола ма? Белгілі бір міндетті қалайша тиімді орындауға болады?
КҮНДЕЛІКТІ БЕЛСЕНДІЛІК ЖӘНЕ КҮШ-ҚУАТТЫ САҚТАУ
1. Зат сатып алу
Сатып алғыңыз келетін заттардың тізімін дайындап қойыңыз. Сатып алатын заттарыңыздың тізімін сауда секциялары бойынша бөліңіз.
Тауарларды доңғалақты себетпен тасыңыз, себетті қолыңызда ұстап жүрмеңіз.
Дүкендерде сатып алушылар толып тұратын қарбалас кездерде зат сатып алуға бармаңыз.
Жеткізу қызметін пайдалану туралы ойластырып көріңіз.
2. Үй жұмысы
Ауыр және жеңіл міндеттерді кезек-кезек орындаңыз және жоғарыда айтылғандай, демалыс кезеңдерін жоспарлаңыз.
Қажетсіз заттарды тастаңыз және «кірді тартатын» алуан түрі заттардан құтылыңыз.
Негізгі міндеттердің апталық жоспарын құрыңыз (кір жуу, ванна бөлмесін тазалау, төсек жинау және т.б.). Күн сайын бір міндеттен орындаңыз.
Мүмкіндігінше үй жұмысын отырып жасаңыз.
Еңкею қажеттігін азайтып, тұтқасы ұзын тазартқыш құралдарды пайдаланыңыз.
Жоспарланған жұмыс көлемін әрі-бері жүрудің орнына, бір бөлмеде бірден орындаңыз.
Бірнеше бөлмеде пайдаланатын тазартқыш құралдың (мысалы, губка) саны біреуден артық болу керек. Басқа тазартқыш құралдарды арнайы себетте бірге сақтаңыз және оны жинау кезінде алып жүріңіз.
Отбасы мүшелерінің көмегі туралы ойластырыңыз немесе жинайтын адамды жалдаңыз.
Ересек балаңызға үй шаруасының бір бөлігін жүктесеңіз болады және одан қысылудың қажеті жоқ.
3. Гигиена
Жеке гигиена функциналдық ванна бөлмесінде орындалатын болса көп күш салуды қажет етпейді. Сіздің айна алдында отыру мүмкіндігіңіздің болу керектігін ұмытпаңыз.
Ханымдар көп жинауды және фенмен кептіруді қажет етпейтін сәнді шаш үлгісін таңдап алса болады. Мұнымен сіз күш-қайратыңыздың басым бөлігін үнемдеп қаласыз.
Ыстық суға емес, жылы суға жуыныңыз. Бұл жоғары температуралардың сіздің белсенділігіңізге ісерін азайтады, бу мен конденсацияның артуынан пайда болатын демігуді жояды.
Ванна бөлмесіне және дәретханаға арналған қосалқы құрал-жабдықтарды пайдаланыңыз.
4. Киім
Киіміңіз және аяқ-киіміңіз ыңғайлы болу керек. Мысалы, түймелері, ілмектері немесе баулары кішкентай киімдердің орнына жабысқыштары бар киімді және аяқ-киімді киіңіз.
Сөмке ретінде иіқта ұстауға болатын қолдобраны немесе беліңізге айналдырып ұстауға болатын «мини-әмиян» моделіндегі сөмкені ұстаңыз.
Киінуді бастамас бұрын киейін деп отырған киімдеріңіздің бәрін шығарып, киініп тұрған жеріңіздің жанындағы орынға қойыңыз.
Шалбар, шұлық, ұйық және аяқ-киім кию үшін отырып алыңыз және бір аяқпен мүлде тұрмаңыз.
Алдымен осал аяғыңызға не қолыңызға кигеніңіз жөн, сау аяқ-қолыңыздан шешу оңай.
5. Асүй
Соңғы уақытта бармай, дүкендерге бару жиілігін азайту үшін бір аптаға мәзіріңізді азық-түліктерді сатып алғанға дейін жоспарлаңыз.
Тауарларды мұздатылған азық-түліктер бөлімінен сатып алыңыз. Оларды шаршаған күндері тұтынуға болады.
Тағам түрлерін көптеп дайындап, кейін пайдалану үшін шағын үлестермен мұздатып қойыңыз.
Күш-қуатыңызды үнемдеу үшін жеңіл ыдыстарды пайдаланыңыз. Күйікке қарсы қабаты бар кәстрөлдер мен табаларды пайдаланыңыз.
Шаршаған күндері ыдыс жумау үшін қағаз тәрелкелер мен саптыаяқтарды пайдаланыңыз.
Ас әзірлеген кезде қажетті заттардың барлығын қол жететін жерге қойыңыз.
Ас әзірлеу үшін электр құралдарды (асүй комбайны, блендер, микротолқынды пеш), мүмкіндігінше, ыдыс жуатын машинаны пайдаланыңыз.