Алдымен көкетті босаңсытуға арналған жаттығуды жасаймыз. Ол үшін келесі сұрақтарға жауаптарды қарастырып көрелік: Көкет деген не? Ол қай жерде орналасқан? Оны босаңсытудың не керегі бар? Оны қалай босаңсытуға болады?
«Көкет» сөзін тікелей мағынада «қалқа» деп түсінуге болады. Көкет – бұл төс пен іш қуысын бөлетін күмбез тәрізді аралық. Ол сіңірлік орталықтан және осы орталықтан жан-жаққа тарайтын және көкірек қуысының астыңғы апертурасына бекітілетін бұлшықет талшықтарынан құралады. Демді ішке тартқан кезде ол көкірек қуысының ішкі қабырғасына жабысады (түседі), ал демді шығарған кезде жоғары көтеріледі. Босаңсыған күйдегі көкет көкірек қуысы жағына қарап тұрған қисайған сфералы дөңес пішініне ұқсас; оның оң және сол күмбездері болады. Көкет бұлшықеттер мен сіңірлерден құралатындықтан ол ширығуы және көрші мүшелерге жағымсыз әсер тигізуі мүмкін. Көкеттің көкірек жақтағы бетіне окпе мен жүрек, құрсақ жақтағы бетіне – бауыр, асқазан, көкбауыр, ал ішперденің қабырғалық бетімен жабылмаған көкет аймақтарына – ұйқы безі, аш ішек, бүйрек және бүйрек безі жабысып тұр. Міне, сондықтан да ең алдымен көкетті босаңсыту маңызды.
БОСАҢСУ ҮШІН ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТЫНЫС АЛУ КЕРЕК?
Еріксіз дем алу – бұл организмнің күйгелектенген кезде көкетті босаңсыту қабілеті, сіздің организміңіз босаңсуды бастау үшін қалай демді алу және шығару керектігін жақсы біледі.
Көкет – демді ішке тартқан кезде жайпақталатын және демді шығарған кезде дөңес пішінге келетін негізгі тыныс алу бұлшықеті. Демді ішке тартқан кезде ол көкірек қуысында ыдыраңқылықты түзе отырып, құрсақ қуысын қысады. Егер көкет, әсіресе жабырқауды сезінген кезде, ширығып немесе иілімсіз болып кетсе, бұл өкпемен толық және терең тыныс алуға кедергі жасайды.
Көкірек қуысын тартыңыз да, көкетті төменге түсіріңіз – ішіңіздің ішкі жағынан қысқанын сезінесіз де, ішіңіз дөңгеленіп, жан-жаққа дүрдиіп шыға бастайды.
ЕСКЕРТПЕ
Құрсақтық тыныс алудың мәнін асыра бағалау қиын. Демді ішке тарту барысында көкет өмірлік маңызы бар мүшелерді қыса отырып және оларды қысылуға мәжбүрлей отырып, төменге түседі. Бұл өкпенің төменгі бөліктерін ауаға толтыруға және қарынды ілгері шығаруға мүмкіндік береді. Демді шығару кезінде өкпе қысылады, қарын тартылады және құрсақ қуысының ішкі мүшелері тегістеледі. Кішкентай балалар осылай тыныс алады. Алайда, жас қосылған қарынмен терең тыныс алу көбінесе көкірекпен үстіртін тыныс алуға ауысады. Массаждық жаттығуларды жасау кезінде дұрыс тыныс алуды үйрену өте маңызды. Сонда көкет толығымен созыла алады және өкпе барынша көп оттегіні өзіне тартуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ қарынмен тыныс алу кезінде төменге түсірілген мүшелер өзінен-өзі бастапқы орнына қайтып келеді де, бұлшықеттің қозғалуының есебінен ішкі мүшелер табиғи жеңіл массаж алады.
Әдетте, ұйқыдан жаңа ғана оянған адамның бұлшықеттері босаңсып тұрады, сондықтан таңертеңгі уақытта көкетті қажетті күйге келтіру оңай. Ал егер ауырсыну сезімі пайда болса емдік гимнастика жасау керек.
Құрсақпен тыныс алуды меңгеру үшін көкірек қуысын барынша босаңсыту керек. Алдымен бұл қиын болып көрінуі мүмкін, алайда оны жасауға тырысып көрген жөн. Демді ішке тарта отырып, ауаны мұрынмен көкірекке емес, қарынға тартыңыз да, оны ілгері шығарыңыз. Осыдан кейін ішіңізді жоғары тарта отырып, аузыңызбен баяу демді шығарыңыз; демді біртіндеп немесе бірнеше бөлікке бөле отырып шығаруға болады. Демді толығымен шығарғаннан кейін бірнеше секунд бойы дем алмай тұрыңыз. Дәл осы қалыпта ішкі мүшелеріңізге массаж жасалады (сирек жағдайларды қоспағанда).
Жаттығуларды бастамас бұрын қолдарыңызға крем немесе май жағыңыз да, олар жылығанша және сезгіштігі барынша жоғарылағанша уқалай беріңіз.
1-ЖАТТЫҒУ
Шалқаңыздан жатыңыз. Басыңыздың астына валик немесе жастық қойыңыз. Аяқтарыңызды тізеңізден бүгіңіз, өзіңізге қарай тартыңыз, оларды бір жерге ыңғайлы етіп тіреңіз (артық күш салмай). Қолдарыңызды денеңіздің бойымен созыңыз. Ішіңізді ілгері шығара отырып, демді терең тартыңыз, содан кейін ішіңізді қабырғаңыздан барынша жоғары тартып, демді аузыңыздан шығарыңыз. Осы қалыпта бірнеше секундқа қозғалмай тұрып қалыңыз да, ішіңізді ілгері шығарып, тағы да демді ішке тартыңыз. Осы жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.
Жаттығуларды жасап жатқан кезде ішіңізді сағат тілінің бағытымен сипаласаңыз болады. Сонда көкеттің көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөлетін жерін сезе аласыз.
2-ЖАТТЫҒУ
Қолдарыңызды қабырғаңызды қармап ұстағандай етіп қойыңыз. Ішіңізді ілгері шығара отырып, деміңізді шығарыңыз. Демді тарту кезінде қолдарыңызды саусақтарымен қабырға астындағы аймақты баса отырып, ішіңізді барынша жоғары қарай көтеріңіз.
Тынысыңызды 6-10 секунд бойы ұстап тұрыңыз, осы арада тізеңізден бүгілген аяқтарыңызды солға және оңға қарай кезек-кезек жатқызыңыз. Жаттығуды 5-8 рет қайталаңыз.
Алдымен сізге демді тартуды, шығаруды және ішті қозғалта отырып демді ұстап тұруды синхрондау қиын болып көрінуі мүмкін. Алдымен жасап көріңіз. Сезімдеріңізді есіңізде сақтаңыз. Тыныс алу қағидасы барлық жаттығуларда өзгеріссіз қалады.