Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

ШС диагнозы бар спортпен шұғылданатын науқастарға арналған кеңестер

Жаттығу алаңы қауіпсіз болуы керек - жабыны тайғақ емес, жарық жеткілікті, көмекші материал ыңғайлы, тұрақсыз тепе-теңдік жағдайында ыңғайлы болатын тірек болуы керек.

Әр жаттығудан бұрын денені қыздыру керек
Жаңадан бастаушылар жаттығу уақытын біртіндеп, жүктеме деңгейін циклдік түрде арттырып, "қарапайымнан күрделіге" принципін есте ұстауы керек.

Егер сабақ кезінде аурудың кез-келген көрінісі пайда болса (немесе жаңа белгілер), қарқынын төмендетіңіз немесе жаттығуды тоқтатыңыз.

Жаттығу кезіндегі қозғалыс амплитудасы әртүрлі болуы керек, бірақ қозғалыстардың өзі баяу болуға тиіс.
Стретчинг аптасына кемінде 2 рет жасалу керек. Бұлшықеттерді (әсіресе ьүфілуге бейім) баяу созып, содан кейін демалу керек.

Күш жаттығулары кезінде (өз салмағыңызбен жұмыс істеген дұрыс) ауырсыну болмауы керек.

Өзіңізді шаршауға және күйзеліске әкелмеңіз. Шамадан тыс құлшыныс шиеленісуге әкелуі мүмкін.

Жаттығудан кейін суытып, салқын душ қабылдау керек.

Егер әлі де шаршау сезімі қалса, демалу керек.