Бүгінгі күні магниттік-резонанстық томография – бұл көптеген ауруларды диагностикалаудың ең заманауи әдісі. Алайда пациенттердің көбінде: тісте импланттар бар кезде МРТ өтуден бола ма деген орынды сұрақ пайда болып отыр.
Ең алдымен, пациенттерді томографтың магниттік өрісінің имплантқа қалай әсер ететіні мазалайды: оны қозғап жібермей ме, орнынан жылжып кетпей ме? Жалпы, тісте имплант бар кезде МРТ жасауға бола ма? МРТ өту кезінде имплант қызып кетпей ме? Пациенттердің арасында томограф тексеріліп жатқан адамды имплантасымен қосып өзіне тартып алады деген дақпырт сөз тараған. Әрине, тартып алмайды. Алайда, магниттік-резонанстық терапияға баратын кезде міндетті түрде дәрігерге тісіңізде импланттардың және ауыз қуысында басқа да конструкциялардың бар екенін ескертіңіз. Сіздің күдіктеріңіздің бәрін дәрігер жояды және тісте имплант бар кезде МРТ өтуге бола ма деген сұрағыңызға егжей-тегжейлі жауап береді.
Қазіргі импланттардың титаннан немесе соның негізіндегі қорытпалардан жасалатыны белгілі. Титан «магниттелмейді», ғылыми сөзбен айтқанда – ферромагнетик болып табылмайды. МРТ кезінде ферромагнетиктер ғана жылжуы және қызуы мүмкін.
Ауыз қуысында болуы мүмкін қазіргі металл конструкциялардың, ортопедиялық бұйымдардың дерлік барлығы ферромагнетиктер болып табылмайды. Егер сіз ескі үлгідегі имплант салмаған болсаңыз, бас миының және қосалқы қуыстардың магниттік-резонанстық томографиясынан өтуден бас тартқаныңыз жөн, өйткені олар көрінбей қалуы мүмкін.
Толығымен керамикалық тіссауыт салғандарға уайымдаудың қажеті жоқ: бұл жағдайда МРТ-нан еш қорықпай өтуге болады! Импланттар бар кезде МРТ жасаудың жалғыз ерекшелігі: қосалқы қуыстарды визуалдауға шектеу қойылады.
МРТ өткен кезде ескерілуге тиіс тағы бірнеше тұстар бар.
Кейде пациенттің емдеуші дәрігері қандай да бір ауыр диагноз бар деген болжам шығарады. Мысалы, бас миының қатерлі ісігі бар деп күдіктенеді. Сонда ол магниттік-резонанстық томографияны қолданып тексеруден өтуді тағайындайды. Егер бас миын тексеру қажет болса, ал ауыз қуысында брекеттер (оларды көбінесе медициналық мақсаттағы тот баспайтын болаттан жасайды) болса, онда сөзсіз тіс дәрігеріне барып, алдымен брекеттерді алдыру керек. Өйткені онкологиялық аурулар күттіргенді жақтырмайды. Егер қандай да бір себеппен брекеттерді алып тастау мүмкін болмаса, онда мұндай пациентке МРТ-ң орнына рентген компьютерлік томографияны (КТ) тағайындауға болады.
Егер бастан төменге қарай мүшелердің барлығын зерттеу керек болса, онда брекеттерді шешудің қажеті жоқ.
Қалай болғанда да протездері, импланттары, ынталандырғыштары және организмінде басқа да конструкциялары бар пациенттер бұл туралы емдеуші дәрігерге де, магниттік-резонанстық томография кабинетінде зерттеуді бастар алдында да айтуға тиіс.
Siemens компаниясы шығарған, қуаттылығы 1,5 Тесланы құрайтын, СИМЕД емханасында зерттеу жүргізу кезінде қолданылатын Simphony заманауи томографы, сондай-ақ Әскери-мдициналық Академияның зерттеу жүргізетін дәрігерлері барлық пациенттерге қауіпсіздікке және диагностикалаудың жоғары деңгейіне кепілдік береді!