Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

"Бұл біздің жолымыз." - Пётр Мамонов

Менің жас кезімде бір жағдай болды. Біз досымызбен іштік, кеш тарқадық. Таңертең мен оның қалай жеткенін білейін деп, телефон соқсам, олар маған: ол электричканың астына түсіп қалды, екі аяғын да кесуге тұра келді, дейді. Расында да, бәле жаңға  батарлықтай, иә? Мен оған ауруханаға келдім, ол: «Саған жақсы, ал мен, міне...» - деп, көрпесін ашты, ал онда...  сұмдық! Ол тәккапар адам болатын. Енді ол қарапайым, көңілді болып қалыпты.

Оған протез кигізіпті, әйелі, төрт баласы, балалар жазушысы, бақыттан басы айналатын жан еді. Міне, Жаратқан Иеміз жанды физикалық ауруларменқалай емдейді!

Мүмкін, адам басынан осындай қайғы жағдай өткізбесе бұдан да әрі тәкаппар бола бере ме еді? -  құраған ағаштай кеуіп қалыпты.  Бұл  бастан өткізген адам үшін, өте қиын жағдай, бірақ рухани тазарудың ең жақын жолы. Әр минуттан сабақ ала білуіміз қажет, әр минут сайын не айту керектігін ойлауымыз керек. Және рухани құндылықтарды қалыптастыра білу қажет.  
Өмір кейде  соққылар беріп отырады, бірақ бұл соққылар - дәрі. «Жаза» - «жаза» деген сөзден шыққан. Ал жаза – ол сабақ, ілім. Жаратқан Иеміз бізге қамқоршы әке ретінде үйретеді.
Кішкентай ұлын келесі жолы жаман нәрсе  істемесін деп, бұрышқа қояды. Бала жұлқынады, ал әкесі трамвайдың астына түсіп кетпеуі  үшін оны қолынан ұстап тұрады. Жаратушы  да солай. Азғырулар - бұл емтихан. Ал емтихан не үшін? Оны тапсыру үшін. Бұл сынақтарды біз бастан өткізе отыра, біз жан-тәнімізді  тазартып отырамыз.  Алтын таза болу үшін оны отқа жағып отырады. Біздің жанымыз да дәл солай. Біз қайғы - қасіретті  «не үшін?»  деген сұрақсыз  басымыздан өткере білуіміз қажет.  Бұл біздің жолымыз.


Пётр Мамонов.