Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Михаил Гвоздевтің Алматыдағы шығармашылық кездесуі

Алматы қаласының Ұлттық кітапханасына бару үшін солтүстік-қазақстандық жазушы Михаил Гвоздев 1700 шақырымнан астам қашықтықты оп-оңай еңсеріп шықты. Өткен сейсенбіде 18 ақпан күні ол сол жерде заманауи поэзияның жергілікті әуесқойларымен шығармашылық кездесу өткізді. Алдымен жиналып отырған қонақтардың алдында директордың орынбасары Ажар Юсупова сөз сөйледі. Ол қонақты таныстырып, оның өмірбаянын айтып берді. Михаил өз сөзін М.Аверин атындағы СҚО әдеби бірлестігі туралы әңгімесінен бастады. Оның тарихының сонай 1926 жылы басталғанын және неден басталғанын айтып берді. Жүз жылға жуық тарихына қиын-қыстау кезеңдер өз өзгерістерін енгізді. Кейде тіпті бірлестіктің өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған кездері де болған екен. Бірақ соған қарамастан ақыр соңында ол өзінің есігін шығармашылыққа тағы да айқара ашты. Мысалы, әртүрле кезеңдерде ол жерге Иван Шухов, Сергей Марков, М. Аверин және басқалар сияқты белгілі жазушылар барған екен. Әдеби бірлестікке дәл сол М.Авериннің есімі берілген. Бұл туралы жас жазушы әңгімелеп берді. Сонымен бірге ол өзінің шығармашылық зиялылар қатарына екі мыңыншы жылдары кіргені туралы айтты. Ол кезде ол жерде мен Валерий Любушин, Владимир Трусов, В. Шестериков, В. Щукин және тағы көптеген керемет сөз шеберлері өз туындылары оқып беріп жүрген. Олардың Солтүстік Қазақстан облысының және жалпы еліміздің әдеби және көркемдік өміріне өздерінің лайызты үлесін қосқаны сөзсіз. Михаил айтқандай, нақ солардың көмегі, қолдауы оның ақын және жазушы ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
Одан кейін автор залға лық толған тыңдаушыларға бүгінгі әдеби бірлестік туралы айтып берді. Біздің білгеніміз, қазір оның өкілдерінің басым бөлігі жастар, көбі қырыққа да толмаған екен. Ол олардың соңғы екі жылда жазған кітаптарымен таныстырып, кейін кітапханаға сыйға тартты. Атап айтар болсақ, әдеби бірлестіктің төрағасы Кирилл Филоновтың «Близкие люди» және «Что запомнилось» кітаптары, Оксана Евремованың «Векторы» фантастикалық әңгімелер жинағы және М.Гвоздевпен бірге жазылған «Фантазмы» кітабы, сондай-ақ Оксананың әңгімелерімен қатар М.Гвоздевтің «Мой домовой» повесі. Бұл повесте үй әулиелері әлемін құтқаратын 13-жасар оқушы бала туралы айтылған. Сонымен қатар тыңдаушыларға Иван Рэмовичтің сол повестен басқа өлеңдері де басылған «Каналы связи» кітабы ұсынылды. Қонағымыз өзінің соңғы жазған екі кітабы - «Измерение N» роман-фэнтезиі туралы әңігімелеп, «Фантазмы» кітабынан «Мой домовой» повесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қалған уақытта ол 20 астам өлеңдерін оқып берді. Михаилдің поэзиясында махаббат, табиғат және әрине туған өлке тақырыптары қозғалған. Соңында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.
Кейіннен кездесуді ұйымдастырушылар дастарқан жайып қонақжайлылық көрсетті. Кітапхана туралы көбірек қызықты естеліктер қалу үшін онымен бірге залдарды аралап экскурсия жасалды. Ол жерде Солтүстік Қазақстаннан келген жазушыға кітапхананың тарихы, оның мемлекет өміріндегі қазіргі рөлі, жаңалықтар туралы айтылды және ұлттық кітапхана мұрағатының Қазақстанда ең ірі мұрағат болып табылатыны және жер астында екі қабатты жертөледе орналасқаны туралы мәлімделді.