Аптап, мұндай кезде ШС-бен ауыратын адамдар қалай өмір сүру керек?
Жайдары күн жанып тұрған аптапқа айналған жерлерде қолдануға осы мақала пайдалы болады деп уәде беремін.
Жаз мезгілі, күн, аптап мына біз, ШС-бен ауыратындар үшін әсіресе қауіпті. Мұндай күнде кондиционер қосып қойып үйде немесе кеңседе отырғанда жақсы болар еді. Алайда, өкінішке орай, бұл көп жағдайда мүмкін болмайды.
Мысалға, кеше кенеттен менің жағдайым нашарлап кетті.
Біз кафеде отырғанбыз, бірақ симптомдардың күшеюін болдырмау мүмкін болмады. Туыстарымның және мекеме қызметкерлерінің үрейін ұшырдым.
Суық суға шомылу, ылғал суық компресс аздап есімді жинауға көмектесті. Енді салдарынан қорықпасам болады деп үміттенемін.
Сөйтіп, осы постта аптап күндері пайдалы болатын амалдарды еске түсіруді шештім:
1. Мойынға ылғал орамал салу, оны дүркін-дүркін сулап қайта қойып тұру. Онымен бірге қалада жүруге, профилактика ретінде пайдалануға болады.
2. Бұл тәсілді маған кеше қажет болған жедел жәрдем десе болады. Ол – мұз. Мұз бөліктерін орамалға ораңыз да, жүректің соғуы анық байқалатын жерлерге (білекке, тізе астына, шынтақтың ішкі бетіне) салқындатқыш компресс етіп қойыңыз.
Компресті 1 минутқа қалдырыңыз, сосын алып, бір минуттан соң қайта қойыңыз. Өзіңізді сергек сезінгенше қайталай беріңіз.
Дене қан температурасының төмендеуінің арқасында салқындайды.
3. Бұл кеңес әсіресе қыздар үшін пайдалы. Жазғы күндері бас терісі бүкіл денеңіз сияқты тыныс алу керек. Сондықтан лактарды, гельдерді, шашқа арналған көпіршіктерді пайдалануды тоқтата тұрыңыз. Шашыңызды күрделі етіп сәндемеңіз, шаштарыңыздың табиғи болып көрінуіне мүмкіндік беріңіз.
4. Ақылға сыймаса да айтайық, психологтар визуалдаудың әртүрлі жағдайларда көмектесетін өте пайдалы және тиімді әдіс екенін баяғыда дәлелдеген.
Салқын суға толтырылған бассейннің ортасында матрацта жатып жүзіп жатырсыз немесе әдемі бір субұрқақтың жанында отырсыз делік... Салқын самалдың есіп тұрғанын сезініңіз! Мұндай тәсіл денеңізді босатып, күйзелісті жағдайларда сабырлық сақтауға көмектеседі.
5. Мен үшін бұл тәсіл тиімді емес, бірақ ол сіздердің біріңізге пайда әкелуі мүмкін. Қызыл бұрышты көбірек жеңіз. Құрамындағы заттардың арқасында қызыл бұрыш тердің шығуына жағдай жасайды, бірақ дене температурасын көтермейді.
Теріңіздегі сұйықтық буланған кезде сіз денеңіздің салқындағанын сезінесіз.
6. Мына жаттығу арқылы өзіңіздің де, айналаңыздағы адамдарыңыздың да көңіл-күйін көтере аласыз.
Өзіңізге ыңғайлы етіп отырыңыз, қолдарыңызды тізеңізге қойыңыз. Тіліңізді шығарып, оның пішіні айналасы қабыстырылған ерніңізбен қоршалған сабанға ұқсас болатындай етіңіз.
Ерніңіз бен тіліңізді осылай ұстап тұрғанда дереу деміңізді ішке тартыңыз. Демді мұрныңыз арқылы шығарыңыз, бірақ аузыңыз бен тіліңіз өзінің қалыпты күйіне түсу керек.
Осы тыныс алу техникасы йогада қолданылады және шитали пранаяма деп аталады. Оның басты міндеті – денені және ішкі мүшелерді салқындату.
7. Мен бір-екі рет шаля))) қаласының тұрғындарын аптаптан қашамын деп, көшедегі бассейнге түсіп таңғалдырдым.
Көңіл көтерілді, онымен салқындап сергіп қалдым.
8. Ең болмағанда аяқтарыңыз бен денеңізге су құйып салқындап алсаңыз болады.
9. Үйде бақшаға футболкам мен орамалымды сулап киіп шығамын.
10. Қазір кезде сәнге айналған антиперспиранттарды пайдаланбаңыз. Олар тердің шығуына кедергі жасап, улануды күшейтеді.
Одан да туалет бөлмесіне барып, салқын сумен денеңізді сүртіңіз.
11. Өзіңізбен бірге үнемі таза су құйылған пульвелизатор алып жүріңіз. Қажет болған кезде сумен өзіңізді сергітіп жүресіз.
12. Өзіңіздің қозғалу бағдарыңызды ойластырып алыңыз. Көлеңке түскен жерлермен жүріңіз, жолда кондиционері бар дүкендер, дәріханалар болуы мүмкін. Соларға кіріп аздап демалсаңыз, баратын жеріңізге жету оңай болады.
Ал сіз қандай амалдарды қолданасыз?
Өз жаныңызды бағып жүріңіз және миелиніңіз мықты болсын.
Ps: бұл амалдар дені сау адамдар үшін де пайдалы)))