Шашыраңқы склерозбен (ШС) күрестегі әлемдік жаңалықтармен бөлісуді жалғастырамыз.
Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау институтының зерттеушілері бас миын түсіру арқылы ШС-ң ауыр түріне бейімділікті анықтауға болады деп есептейді. Мида қарайған жиектелген аймақтардың болуы («көмескі дақтар») шашыраңқы склероздың мүгедектендіретін және одан да агрессивті түрлерінің бар екендігін көрсетеді.
Зерттеу нәтижелері төрт (және одан астам) «көмескі дақтары» бар пациенттерде ШС-ң үдемелі түрін диагностикалау ықтималдығының миында мұндай ошақтары жоқ пациенттерден 1,6 есе жоғары болғанын көрсетті. Оған қоса, дәл осы «дақтары» бар пациенттерде қозғалыс және когнитивті бұзылыстар басқаларға қарағанда ерте дамыған.
Сонымен қаттар зерттеушілер тобы жиектелген және жиектелмеген ошақтардың мінез-құлқын бақылап көрді. Пациенттердің 10 жыл ішіндегі деректерін талдағаннан кейін жиектелмеген ошақтардың уақыт өте келе кішірейетіні, ал жиектелген ошақтардың – не сақталып қалатыны, не өсетіні анықталды.
Ұлттық денсаулық сақтау институтының докторы Рейх мырза айтқандай: «Біздің алған нәтижелеріміз созылмалы белсенді ошақтардың жоғары деструктивті белсенділігі туралы теориямызды растап отыр. Біз осы ошақтарды мейлінше тез жоюымыз керек».
Неліктен бұл маңызды?
Бұрын тек ашқан кезде анықталған созылмалы белсенді зақымдарды енді МРТ арқылы байқауға болады. Бұл ШС агрессивті түрлері бар пациенттерді анықтауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл дәл осы пациенттер тобына арналған препараттарды клиникалық зерттеудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.