Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Шашыраңқы склерозбен өмір сүретін жанның жанайқайы

Кей күндері менің де қолым түседі,
Күресуге қалмайды ешбір күшім.
Алға қарай жүруге дәрмен жетпей,
Жаным үнсіз іздейді бір тынысын.

Бұл азапты түсінер жан қандай аз,
Тозақтай боп сезілер әрбір қадам.
Таңертең төсегіңнен тұру үшін
Бар күшіңді жинау да қиын саған.

Аяғыма тонна темір байланғандай,
Әрбір қадам — өз алдына бір жеңіс.
Дірілдеген ернімнен жас сырғанап,
Айнадағы әлсіз тәнім — үнсіз елес.

Әр қадамда ауыр жүк арта түсер,
Бұлшықет әлсірейді, тремор, дәрменсіздік...
Бірақ рухы ешқашан сынбаған жан
Өмірдің бар бояуын көрер бір күн.

Бір сәт келер — шешілер кісендерің,
Берілмеген адам ғана жеңеді.
Қалың қара тұманның арасынан
Бақыт есігі алдыңнан ашылады.

Ең қараңғы күн батып бара жатса,
Жұлдыз ғана жарық боп қалған шақта,
Қанша мұң мен өкініш жолықса да,
Есіңде ұста — таң бәрібір атады.

Ең қараңғы түндердің ар жағында
Ең жарқын бір арайлы таң тұрады.

@Julia InCloud