Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

НЕСЕПҚУЫҚ ӘЛСІРЕГЕН (ШЫЖЫҢДЫҚ) КЕЗДЕГІ ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдардың басым бөлігі несепқуықпен байланысты проблемаларға тап болады және олар психикаға әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайларда аурудың жағымсыз симптомдарын жеңуге көмектесетін емдеуші дәрігермен кеңесу керек. Біз бірнеше қарапайым ұсынымдарды атап өткіміз келеді.
Дәретханаға жиі баруға мәжбүр адамдар сақтық шарасы ретінде сұйықтықты аз ішуге тырысады. Бірақ бұл дұрыс шешім болып табылмайды. Тамақтану қоғамының деректері бойынша жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне, бас ауруының немесе бас айналудың пайда болуына алып келмеу үшін күніне кемінде 1,5-2 литр су ішу керек. Несепқуықтағы бактериялар организммен несеппен бірге шауылып шығарылады. Несеп аз мөлшерде шығарылған жағдайда бактериялар несепқуықтың қабырғаларында көбейіп, бактериялық жұқпалы ауру жұқтыру қаупі жоғарылайды. Мұндай бұзылыстар бүйректің ауруына, соның ішінде бүйректе тастың пайда болуына алып келеді.
ТӨМЕНДЕ КЕЛТІРІЛГЕН КЕҢЕСТЕР НЕСЕПҚУЫҚ ӘЛСІЗДІГІНІҢ ДАМУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ:
Үйден шығар алдында тағы бір рет дәретханаға кіріп шығыңыз. Қозғалыс белсенділігі несепқуықты қоздырады және несеп шығару қажеттілігі ең қолайсыз сәттерде туындайды. Күн сайын таңертең өзіңізге бір күннің ішінде ішуге тиіс болатын сұйықтық көлемін дайындап отырыңыз. Бұл Сіздің жұмыстық су жүктемеңізді бақылауға мүмкіндік береді. Күнделікті сұйықтық көлемін уақтылы, мысалы, түске дейін ішіп тауысыңыз. Бұл Сізге түнде жиі дәретханаға бару қажеттігінен арылуға көмектеседі. Кофеғ қара шай, кола және алкоголь ішпеңіз. Бұл сусындардың несеп айдау әсері бар.
Жамбас түбінің бұлшықеттерін шынықтырыңыз. Пайдалы жаттығулар туралы физиотерапевт айтып бере алады. Бұл жаттығуларды үйде өз бетінше жасаңыз. Олардың кейбірін кешке дейінгі белгілі бір уақытта орындауға болады.
Шыжыңдыққа ұшыраған болсаңыз несеп иісін бейтараптайтын арнайы төсемелерді пайдаланыңыз.
Шыжыңдықтың себебі бастан кешірген күйзеліс те болуы мүмкін. Күндізгі уақытыңызды жұмысқа, сондай-ақ демалуға дұрыс үйлестіріңіз, артық салмақ салмаңыз. Сонымен қатар таза ауада серуендеу денеңіздің босаңсуына септігін тигізеді.

Дереккөзі: шашыраңқы склероз туралы Teva сайты