Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Денсаулық сақтау министрлігіне...

Бәріңізге қайырлы күн!
Денсаулық сақтау министрлігіне жіберуге арналған 2019ж. мамыр айының ішіндегі кездесу бойынша шағын есеп:
8 сұрақтан құралатын хат жазылды.
Аймақтар бойынша 7 мекенжайлық өтініш туралы айтылды.
Негізгі талқыланатын тақырып – ТМККК аясында окревус және натализумаб препараттарының қолжетімділігі.
Әзірше бұл мәселе мәслихаттардан қаржылық көмек алу үшін қалалық денсаулық сақтау органдарына хат жазу арқылы шешілуде.
Қалаларда ШС кабинеттерін ұйымдастыру және оларға облыс пен аймақтар тұрғындарын бекіту туралы өтініш жасалды.
Хаттамаға енгізілген қосымша препараттарды (ағзаны және ШС себебінен бұзылған жүйелерді сақтап қалу үшін) табу қажеттігі туралы айтылды.
ТМККК-на қосу керек
Плазмофарезді
КІИГ
және басқаларды...
Тар шеңберлі мамандардың жетіспеушілігі туралы мәселені талқылау
МСС және оңалту туралы ұсыныстар жасалды.
Біздің хаттамамызға қайшы келетін, тәулік бойы ауруханаға жатқыну мүмкіндігімізден айыратын бұйрықтың жобасын талқылау.
РДДО-на, еңбек министрлігіне тиісті хаттар жіберілді.
Бірқатар мәселелер бойынша шешімді жылдамдату үшін Нұр-Сұлтан қаласына мен және @katiakudravaia барып қайттық.
Жалпы, кездесу жағымды ахуалда өтті.