Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Параксималдық симптомдар

Уәде бергендей, «параксималдық симптомдар» тақырыбына оралуды және оның не екенін түсінуді ұсынамын.
Пароксизмалдық симптомдар деген не
Пароксизмалдық симптомдар – бұл шашыраңқы склерозбен ауыратын науқастар үшін асқынулардың хабаршысы. Олар үрей мен аздаған жайсыздықтан басқа ештеңе тудырмайды. Олардың пайда болуы асқынуды да, миелинсіздендіруді де білдірмейді.
Пароксизмалдық симптомдар туралы қосымша айтар болсақ, бұл созылмалы патологиялық процесс жағдайында туындайтын кенет, қысқа мерзімді, қайтымды ұстамалар, шашыраңқы склероз жағдайында олардың пайда болуын алдыңғы аурудың белсенділік ошақтарының себебінен жүйке импульстарының жүруінің бұзылуымен байланыстыруға болады. Мысалы, бас миының зақымдануы пароксизмалдық диплопияға, бет парестезиясына, үш тармақты жүйкенің невралгиясына, атаксияға, дизартрияға және т.б. алып келуі мүмкін.
Себептері
Пароксизмалдық симптомдар ауырсынуға дейін жағымсыз түйсіктерді (мысалы, үштік жүйке невралгиясында), күнделікті өмірде уақытша қолайсыздықтарды тудыруы (мысалы, диартрия) мүмкін. Алайда олар ұзаққа созылмайды: бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін ғана созылуы мүмкін. Олар күніне немесе аптасына бірнеше рет қайталанады. Дене температурасының жоғарылауымен байланысты жалған асқынуларға қарағанда пароксизмалдық симптомлар байқаомауы мүмкін. Пароксизмалдық симптомдардың пайда болуының себептері төмендегідей: шаршағыштық
эмоциялық немесе дене шиеленісі
температураның күрт өзгеруі
позаның күрт өзгеруі
кейбір сенсорлық ынталандырғыштар

Шынайы симптомдар
Шашыраңқы склероз кезінде бірқатар кең таралған параксизмалдық симптомдар болады. Алайда олар шашыраңқы склероздың жалпы және ағымдағы симптомдары болып табылады. Бір айырмашылығы – олар асқынудың белгісі болып табылмайды. Оларға мыналар жатады:
Диплопия. Бұл симптомы бар пациенттер оны көбінесе «заттардың қосарлануы» деп сипаттайды. Диплопияға көздің қозғалысын бақылайтын бұлшықеттердің әлсіздігі себепші болады. Нәтижесінде екі көздің бір бірімен үйлесімділігі бұзылады.
Парестезия (беттің, дененің және аяқ-қолдың). Бұл түйсіктер көбінесе ауырсыну сезімін тудырмайды. Парестезиялар кенеттен немесе белгілі бір себеппен туындайды (жүйкені механикалық ынталандыру нәтижесі). Оларды науқастар шаншу, күйдіру, қышыну, ұю немесе «тітіркену» деп сипаттайды.
Үштік жүйке невралгиясы симптомдардың ішіндегі ең ауыр белгісі болып табылады. Бұл жағдайда үштік жүйке орналасқан аймақтарда (көбінесе екінші және үшінші тармақтарда, яғни бетті төменгі бөлігінде) қатты, тесіп өтетін ауыру сезімі пайда болады.
Мұндай ұстамалар сөйлеген немесе шайнаған кезде қатты білінеді.
Қалай байқалады
Пароксизмалдық атаксия — бұл тұрақсыздық, бас айналу немесе үйлесімсіздік сезімінің кенеттен пайда болуы, кейде аяқ астынан құлауға алып келуі мүмкін.
Дизартрия — сөзі анық болмаса да, мағынасы қалыпты болатын сөйлеу қабілетінің бұзылуы. Мысалға, бұл бұзылыс ырғақтың бұзылуына, анық сөйлемеуге, кекештікке алып келуі мүмкін.
ШС кезіндегі пароксизмалдық ауырсынуға үштік жүйке невралгиясы жатады (жоғарыда қараңыз). Бұл санаттың тағы бір кең таралған симптомы Лермитт симптомы, яғни басты алға қарай еңкейгенде омыртқа бойымен электр тоғы өткендей сезімнің болуы болып табылады.
Пароксизмалдық әлсіздік аяқ пен табанда, кейді саусақтар мен білекте байқалады.
Акинезияны пациенттер кенеттен «қатып қалу» немесе уақытша толық сал ауруына шалдығу деп сипаттайды. Мұндай жағдайда адам орнынан қозғала алмайды немесе аяғын қиналып баяу басады.
Тырысулар. Тырысулар көбінесесе тонустық-клондық сипатта болады (бұлшықеттің босаңсу кезеңдері жоқ ұзақ мерзімді ширығуы, қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуы мен босаңсуының жылдам ауысуы). Мұндай жағдайда адам есінен танып құлайды және сол қалыпта қатып қалады. Одан кейін бұлшықеттені дірілдейді және тырысады. Сонымен қатар кейде адам есінен танымаса да, кенеттен қозғалыс белсенділігін өзгертеді, дәм, иіс немесе түйсіну сияқты эмоциялар немесе сезімдері өзгереді.
Шашыраңқы склероз кезінде пароксизмалдық симптомдардың басқа көріністерімен қатар мыналар байқалуы мүмкін:
Температураның кенеттен өзгеруі, «күшеюлер», қабақтың немесе еріннің тартылуы, жұты кезінде қиналу, кенет эмоциялық құбылулар.
Пароксизмалдық симптомдар қалай емделеді.
Әдетте, ШС кезінде пароксизмалдық симптомар дәрілерді қабылдауды талап етпейді. Тек қана олар күнделікті өмірде айтарлықтай жайсыздық туғызса сіздің емдеуші дәрігеріңіз сізге Карбамазепин (Финлепсин) немесе Габантин (Гатонин) сияқты тырысуға қарсы (эпилепсияға қарсы) препараттарды ұсынуы мүмкін.
Дереккөз: National Multiple Sclerosis Society (2008). Retrieved 09.09.2008 Olek, Michael J. «Comorbid problems associated with multiple sclerosis in adults.» UpToDate. Accessed: December 2008.

ate. Accessed: December 2008.