Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

САУ ИММУНИТЕТ НЕМЕСЕ ИНФЕКЦИЯСЫЗ ҚЫЗ МЕЗГІЛІ

Инфекциялық аурулардың басым бөлігі қыс мезгілінде пайда болады. Иммунитетті жүйелі түрде нығайту және қыс мезгілі басталар алдында дер кезінде алдын алу аурулардың дамуын болдырмауы мүмкін. Бұл әсіресе шашыраңқы склерозбен ауыратын пациенттерге қатысты.
Жөтел, мұрынның бітелуі, дауыстың қарлығуы – осының бәрі жиі кездесетін себебі ылғал және суық ауа-райында шектеулі желдетілмейтін бөлмелерде белсенділігінің ең жоғары дәрежесін көрсететін және тез тарауға қабілетті әртүрлі вирустар болып табылады.
АЛДЫН АЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Өзін тұмаудан басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) қорғағысы келетін адам адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға тырысуға, қолмен амандасу әдетін тастауға және қолдарын бетіне мейлінше аз тигіщуге тиіс. Нақ осы қолдарымызды үнемі заттар мен адамдарға тигіземіз, демек вирустармен де жанасамыз деген сөз. Осыған қарағанда, суық тиюден болатын ауруларлан сақтанудың ең тиімді жолы қолды дұрыс жуу, яғни әсіресе тамақ дайындар алдында және ас ішер алдында саусақ арасын жууды ұмытпай сабындап жуу болып саналады.
БӘРІМІЗ САҚТАНАМЫЗ?!
Алайда микробтармен мүлде жанаспай жүру мүмкін емес. Шашыраңқы склерозбен ауыратын пациенттерге күнделікті өмірдегі, әсіресе қоғамдық орындарға бару, есіктің тұтқаларына, таяныштар мен тетіктерге қол тигізу кезінде гигиена ережелері туралы ұмытпау керек. Дәл осы заттар вирустардың, бактерияларды және басқа да микроорганизмдердің аса көп жиналатын жерлері болып табылады. Ауру қоздырғыштармен әр жанасу суық тию симптомдарының пайда болуына алып келмеу үшін жүйелі түрде жаттығу жасау, тұрақты және толыққанды ұйықтау, сондай-ақ алуан түрлі және сау тамақтану рационын қолдану арқылы иммунитетті нығайтқан жөн.
ҮНЕМІ ҚОЗҒАЛЫСТА БОЛУ
Тұрақты қозғалыс жүктемесі иммунитетке жауап беретін белгілі бір жасушалардың белсенділігін арттырады және осылайша дененің иммундық жүйесін күшейтеді. Тірі организмдегі иммундық жүйе-бұл әртүрлі функцияларға ие жасушалардың күрделі кешені. Бұл күрделі иммундық кешен зиянды заттар мен қоздырғыштардан қорғау функциясын орындайды. Ерекше, тым қарқынды мотор белсенділігі кері әсер ететіндігін ұмытпау керек. Ашық ауада қалыпты және теңдестірілген мотор белсенділігі, мысалы, велосипедпен жүру, серуендеу немесе туризм, дене күн сәулесінің әсерінен оттегі мен ультракүлгін сәулелерді бір уақытта алады. Күнделікті 10 минуттық күн сәулесі дененің D дәруменіне деген күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті – бұл склероздың пайда болуына әсер ететін негізгі құрылымдық элемент.
ЕНДІ ЕШҚАНДАЙ КҮЙЗЕЛІС ЖОҚ!
Ұзақ уақыт бойы асығыс, уақыттың үнемі жетіспеуіне байланысты шиеленіс дененің иммундық жүйесіне зиян келтіреді. Мұндай ұзақ уақытқа созылатын күйзелісті күнделікті өмірге саналы түрде енгізу арқылы шешуге болады. Йога, медитация жаттығулары немесе аутогендік жаттығулар (өзін-өзі гипнозға негізделген психотерапия әдісі) сияқты релаксация әдістері сенімді. Сонымен қатар, күні бойы сау демалу иммунитет үшін өте пайдалы. Күнделікті қарбаластан кітап оқу арқылы көңіл аударыңыз, бір шыны жылы шай ішіңіз. Әлемді оң қабылдау және шынайы күлімсіреу күнделікті күйзелісті жеңуге көмектеседі
САУ ҰЙҚЫ – МЫҚТЫ ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ КЕПІЛІ
Ұйқының жетіспеушілігі адамның иммундық жүйесіне кері әсер етуі мүмкін, сондықтан күндіз ғана емес, түнде де демалу керек. Инфекцияға өте ұзақ уақыт бойы толық ұйықтамайтын немесе өте аз ұйықтайтын адамдар сезімтал. Кімге және қанша сағат ұйқы қажет екені жеке-жеке анықталады. Физиологиялық толық ұйқы-жақсы демалудың негізі.
САУ ҚАЛПЫҢДА БОЛАТЫНДАЙ ТАМАҚТАНУ КЕРЕК
Неміс сау тамақтану қоғамы ойлап шығарған сау тамақтану пирамидасы (DGE) көкөністері мен жемістері көп майсыз тамақты тұтынуды, сонымен қатар алкоголь мен шылымды тастауды ұсынады. Инфекциядан қорғау үшін төмендегі дәрумендер мен минералдық заттар әсіресе маңызды болып табылады:
С дәрумені (лимонның, апельсиннің, кивидің, брокколидің, қызыл бұрыштың және картоптың құрамында болады)
B-каротині, немесе А дәрумені (сәбіздің, саумалдықтың немесе бауырдың құрамында болады)
Е дәрумені (майдың, жаңғақтың, сояның, үрмебұршақтың, бұршақтың құрамында болады)
В6 дәрумені (ірі тартылған нанның, балықтың, тауық немесе шошқа етінің құрамында болады)
Фолий қышқылы (көкөністердің, еттің, жұмыртқаның, сүттің және ірі тартылған нанның құрамында болады)
Селен (бауырдың, еттің, дақылдардың және бұршақтардың құрамында болады)
Мырыш (сүт өнімдерінің, еттің, балықтың және шаянтәрізділердің құрамында болады)
Темір (еттің, савой қырыққабатының, саумалдықтың, бұршақтардың және асбұршақтың құрамында болады)
Д3 дәрумені (шикі жұмыртқа сарысының, ашытқан сүт өнімдерінің, ірімшіктің (сүзбенің), сары майдың, теңіз өнімдерінің құрамында болады. D дәрумені балық майының, нәлім мен палтус бауырының, майшабақ пен скумбрияның, тунецтің, макрелидің құрамында көп болады)
Қорытынды: қозғалыс белсенділігін үнемі бірқалыпты ұстау, жеткілікті мөлшерде босаңсу және тамақтануға көңіл бөлу ұсынылады. Бұл иммунитетті арттырады және жай-күйдің жақсы болуына жағдай жасайды.

Дереккөз: шашыраңқы склерозға арналған TEVA компаниясының қолдауымен жасап шығарылған сайт https://www.aktiv-mit-ms.de/leben/artikel