Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Шашыраңқы склероз диагнозы бар адамдарға дене

Пациенттің туыстарының барлығы және пациенттің өзі де күйзелістің шашыраңқы склероздың нашарлауына және тіпті асқынуына себеп болуы мүмкін екенін біледі.  
Сондықтан күйзелісте қалай өмір сүруге болатынын, күйзелістің не екенін және күйзелісті басқару мүмкін-мүмкін еместігін түсіну маңызды. 
Өкінішке орай, бір мақалада барлығын ашып айту қиын және әр пациентке осы тақырып бойынша өзін-өзі дамытумен айналысу керек болады, бірақ бұл мақалада негізгі аспектілерді сипаттауға тырысып көреміз.  
«КҮЙЗЕЛІС» деген не?  
«КҮЙЗЕЛІС» деген не сонда? Мақаланың басында күйзелістің алуан түрлі болатынын айтқым келеді, бірақ ең бастысы – ол;-) полицей сияқты «жақсы» да, «жаман» да болады. 
Сөзімді «жақсы» күйзелістен, эустресстен бастайын. Ол оң эмоцияларды бастан кешірген кездерімізде, мысалы, жақын туысыңыз босанғанда немесе көптен бері күткен сыйлық алғанда пайда болады. Мұндай күйзелістер шектен тыс көп болмаса, организм үшін тіпті пайдалы болып табылады. Мен парашют спортымен айналысқан пациентпен болған оқиғаны білемін. Кезекті сәтті аяқталған секіруден кейін оның шашыраңқы склерозы асқынып кеткен екен. Оң күйзелістерге ұқыпты қарау және тіпті жағымсыз күйзелістерді дұрыс бағытқа ауыстыра білу қажет деп ойлаймын, Оң/жақсы күйзеліс организмді мобилизациялайды, бейілділікті арттырады, жаңа нейрондық байланыстарды көбейтуге жағдай жасайды, зейін қою, есте сақтау қабілетін, көңіл-күйді жақсартады және т.с.с.   
Бірақ егер сыртқы қоздырғыштар тым агрессияшыл болса және Сіз, негізінен, сенімсіздіктен, өшпенділіктен, реніштен немесе ашудан, көреалмаушылықтан немесе қызғаншақтықтан, қорқыныштан және ұзақ уақыт/жиі байқалған жағдайда тұрақты симптомларды тудыратын басқа да келеңсіз әрекеттерден/эмоциялардан  туындауы мүмкін қысымның жасалғанын, шиеленісті сезінсеңіз, онда Сізді «жаман» күйзеліске түсті деуге болады. Ол көңіл-күйіңізді нашарлатуы, есте сақтау қабілетіңізді нашарлатуы, ауруды асқындыруы мүмкін. 
Күйзелістің негізгі симптомдары: 
- тұрақты ашушаңдық, жабырқаулық сезімі;  
- жиі оянатын мазасыз ұйқы; 
- дене әлсіздігі, селқостық, шаршағыштық, әрекет етуді қаламау; 
- зейін қоюдың төмендеуі, есте сақтау қабілетіне байланысты проблемалар; 
- айналадағы адамдарға, тіпті туыс және жақын адамдарға қызығушылықтың болмауы; 
- үнемі жылап алуды қалау, қамығу, өзін-өзі аяу.  
Күйзеліс кезінде организм қандай күйге түседі?  
 Қауіп туралы сигнал миға келіп жеткен соң күйзеліс гормондарының – кортизолдың және адреналиннің әсерінен организм өзінің барлық ресурстарын жұмылдырады: 
- бұлшықет тонусы күр көтеріледі, бүкіл денеңіз қауіптен қашуға дайындалғандай қысылады да, мұнымен жүрекке үлкен салмақ түседі;  
- жүрек ырғағы жылдамдатылады; тыны салу жиілейді; ас қорыту баяулайды; қанның ұйығыштығы жоғарылайды; 
- қантамырлар қысылады, қысым көтеріледі; қан мидан құйылады, адам баяу ойлайды, нашар көреді және естиді.  
Жүйке жүйесін қатты сілкіндіру көптеген ауыр дерттердің пайда болуына және уақытынан бұрын қартаюға түрткі болуы мүмкін. Ғалымдар ұзақ уақыт бойы күйзелісте жүрген адамға вирустар мен инфекциялар жұққыш болады, оның организмінің қорғаныш функциялары бұзылады деген қорытынды жасады. Қайталанып жатқан күйзелістер желісінің нәтижесі депрессияға алып келеді.  
Депрессия деген не? 
Депрессия – бұл өзіне тән: көңіл-күйдің бұзылуы, қозғалу және ойлау белсенділігінің баяулауы, болашаққа және қазіргі жағдайға пессимистік көзқарас, қуаныш пен рақат сезіміне бату қабілетінен айрылу сияқты бірқатар белгілері бар ауру.  
Бұл бұзылыс кеңінен таралған: кез келген жеке адамда депрессияның даму қаупі шамамен 20% құрайды. Жас қосылған сайын бұл қауіп артады. ДДСҰ деректеріне сәйкес депрессиялық бұзылыс 55 жастан асқан адамдардың шамамен 40%-да пайда болады, бірақ олардың кейбірі ғана білікті мамандардан көмек алады, қалғандары өздерінде проблеманың бар екенін білмеуі немесе маман дәрігердің көмегіне жүгінуден бас  тартуы мүмкін.  
Шашыраңқы склероз кезінде күйзеліс пен депрессияның ерекшеліктері  
Өмір сүру салтының кенеттен және күрт өзгеруі аса күшті күйзелісті туғызуы, созылмалы аурулардың асқынуына және депрессияның дамуына себеп  болуы мүмкін. Адамның ақша тауып, өзінің іс-әрекеттерімен қоғамға пайда әкеліп жатқанын сезінген, күрделі тапсырмаларды орындай алған жылдам өмір салтын мінез-құлықты мәжбүрлі өзгертуге, немесе тіпті мәжбүрлі түрде үйде болуға ауыстыруы – күйзеліс пен депрессия үшін керемет себеп.  
Өкінішке орай, ауыр дертке ұшырағанда адамдардың бірден депрессияның пайда болуына бірден бірнеше алғышарты пайда болады:    
Ауруды қабылдау кезеңдерін бастан кешіру. Бұл ұзақтығы мен айқындығы әр пациентте әртүрлі болатын міндетті үдеріс. Бұлардың қандай кезеңдер екенін білу және түсіну пациенттің өзіне ғана емес, оның жақындарына да қажет. Өйткені қазір сенің және сенің жақындарыңның қандай күйге түскенін түсінген жағдайда осы үдерісті оңай еңсеруге болады. Ең маңыздысы, бір біріне жағдайдың пощитивті жағына көшуге көмектесу және созылмалы депрессиядан бірге құтылу; 
Аурудың кесірінен жақындарынан айрылуға қорқу. Оларға масыл болудан қорқу. Бұл жағдайда жақын адамдармен көбірек әңгімелесу, оларға қорқып және уайымдап жүргендерін айту керек. Көп адамдар ауруын туыстарынан жасырады, бірақ біздің пікірімізше бұл өтірік күндердің күнінде ашылып, кейін жақындарыңмен қарым-қатынас аурудың емес, алдаудың себебінен бұзылуы мүмкін;  
Сіздің дәрежеңіз/ауруыңыз туралы жұмыста біліп қояды деп қорқу. Бұл жерде ауруыңыз туралы айту-айтпау туралы өзіңіз шешесіз. Өйткені жақсы маман жұмыстан айрылудан қорықпайды. Мамандарды жоғары бағалайжы, ал басшылар/қожайындар олар да адамдар және біз көбінесе олардың денсаулығы және отбасында не болып жатқаны туралы білмейміз. Сондықтан бұл қорқыныштар негізсіз болады. Басшылар мұндай жағдайларда қолдау көрсетуге тырысады. Алайда басшылардың барлығы ондай бола бермейді. Сондықтан ойланған жөн. Бірақ біз ауруымыз туралы жұмыста айту-айтпаудың – әрқайсымыздың жеке ісіміз екенін анық түсінеміз; 
Пациенттердің өзінің үйреншікті сүйікті ісінен, жұмысынан айрылғанда, әдеттен тыс ортаға түскенде эмоциялық жай-күйінің күрт нашарлайтыны бұрыннан белгілі. Әлеуметтік мәртебе өзгергенде адамның жаңа адамдармен танысуы, қарым-қатынас орнатуы қиындай түседі. Пациент «ініне тығылып», үйден тыс жерде қатынасуын тоқтатады, көптеген пациенттер үйдегі адамдармен қатынасын мүлде тоқтатады. Әлеуметтік оқшауланудың қауіптілігін анық сезіну қажет – бұл күйзелістің айтарлықтай күшейгенін, депрессияға ұшырағанын білдіреді. 
Бұл арада бәрі адамның өзінің көңіл-күйіне, оның әлеуметтік белсенді өмір салтын жалғастыруды қалауына, оның жағымды және пайдалы іспен айналысу қабілетіне, қарапайым және қолжетімді қуаныштардан: пайдалы және дәмді тамақтан, қарым-қатынастан, серуендеуден, кітап оқудан, сүйікті сериалдарды көруден, әуестенетін үйірмелерге барудан рақат ала білуіне байланысты. 
Күйзеліс пен депрессияны емдеу және алдын алу.  
Депрессиямен күрес – бұл пациенттің өзінің ғана емес, сонымен қатар оның жақындарының, психологтың немесе психотерапевт дәрігердің ісі.  
Депрессияны емдеу өзімен өзі жұмыс істеуден бастап дәрі-дәрмек қабылдауға дейін ауқымды емдеу кешені болып табылады. Әдетте, депрессияны емдеу кешеніне дәрігер пациентке жабырқаулы күйден шығуға көмектесетін антидепрессанттарды қабылдауды және психотерапевтік әңгімелесуді қосады. Одан басқа, зерттеулер көрсеткендей, депрессияны емдеу кезінде дене жаттығуларының пайдасы зор. Депрессиядан емделуге  
музыкотерапия, арттерапия, цветотерапия, ароматерапия, фитотерапия, йога, медитация, жануарлармен қатынасу және тағы басқалар сияқты қосымша әдістер де көмектесуі мүмкін. 
Депрессия кезіндегі алдын алу шаралары жүйке жүйесін нығайтуға бағытталған: бірқалыпты дене жүктемелері, тыныш ұйқы, салауатты өмір салтын жүргізу, зиянды әдеттерден бас тарту. Сонымен қатар депрессияның алдын алуда психологиялық көңіл күйдің де маңызы зор: адам өзінің сүйікті ісімен айналысуды тоқтатпауға, өзі қызығатын іспен айналысуға, өз қызығушылықтары мен әуестіктері болуға тиіс. Психологтардың пікірі бойынша, депрессиядан шығаратын ең тиімді тәсіл – бұл саяхат жасаудан, серуендеуден, жүзі жылы және қызықты адамдармен қатынасу болып табылады.  
Күйзелістер мен депрессияға қарсы диета  
Табиғи тексті ең пайдалы антидепрессанттарға фолий қышқылы, триптофан, селен, А, Е, С дәрумендері және В тобының дәрумендері жатады.  
Ең тиімді антидепрессант өнімдер:  
- еттердің ішінде – тауық, қоян еті, бауыр;  
- балықтардың ішінде - бақтақ, минтай, теңіз алабұғасы, тунец, сардина; 
- теңіз өнімдерінің ішінде – теңіз қырыққабаты, мидиялар, асшаяндар, кальмарлар; 
- сүт өнімдерінің ішінде – сүзбе ірімшік, ірімшіктің қатты сұрыптары, сүт, сүзбе, айран, майлы айран;  
- көкөністердің ішінде – сәбіз, гүлді қырыққабат, балдыркөк, көк бұршақ, болгар бұрышы, самсар, баялды; 
- көк шөптердің ішінде – асжапырақ, көк пияз, ақжелкен, күнзе; 
- жаңғақтардың ішінде – бадам жаңғағы, грек жаңғағы, балқарағай жаңғағы; 
- дәмдеуіштердің ішінде – шырғалжың, сәлбен, гүлшетен, ақ бұрыш; 
- тәттілердің ішінде – табиғи қара шоколад; 
- жемістер мен көкөністердің ішінде – қара қарақат, банан, кез келген цитрустар, мүкжидек, бүлдірген; 
- сусындардың ішінде – көк шай, үй квасы, шай саңырауқұлағынан дайындалған сусын, жалбыздан, шайқурайдан, жаужапырақтан дайындалған шөп шайлар. 
«Көңіл-күйге арналған диетаны» сақтау кезінде майлы және ысталған тамақты, кез келген алкогольді, тәтті газдалған сусындарды жеп-ішуге, шылым шегуге қатаң тыйым салынады.  
Күйзелісті жағдайларда не істеу керек?  
Бұл сұраққа жауап беру үшін біз бірнеше аса тиімді тәсілдерді қарастырайық.  
Дәрігер Ветоздың әдісі. Эмоциялық шиеленісті азайту үшін ол «қиялда жасау» әдісін қолданады. Көздеріңізді жұмыңыз, ойша көлденең жатқан сегіз санын – шексіздік таңбасын салуды бастаңыз. Таңбаны қара тақтаға салып жатырмын деп елестетіңіз, оны бормен бірқалыпты аршынды қимылдармен салыңыз. Оны тынысыңыздың біркелкі, ал жүрек соғысының тынышталғанын сезінгенше ұзақ салыңыз.  
Тыны салу техникалары. Үрейді жеңу үшін өзіңіздің тыныс алуыңызға құлақ салыңыз, демді тартқаныңызды және шығарғаныңызды бақылаңыз. Оларды арасында үзіліс болмайтындай етіп біріктіріңіз. Ойша шеңберді елестетіңіз, демді ішке тартқан кезде қиялыңызда шеңбердің жартысын, ал демді шығарған кезде – екінші жартысын салыңыз. Ішіңізден: «Тоқта. Мен сабырлымын», немесе «Тоқта. Қорқынышым басылып бара жатыр» деген позитивті сөздерді айтыңыз.  
Проблемадан басқаға көңіл аудару. Бастан кешірген күйзеліспен немесе ренішпен байланысты жалықтыратын жағымсыз ойлардан құтылу үшін зейініңізді белсенді қызметке аударыңыз. Денеңізге күш салыңыз, үйдегі айналар мен шаңды сүртіңіз, терезелерді жуыңыз, пәтеріңізден артық заттарды шығарып тастаңыз, дауыстап ән салыңыз, скандинавия жүрісін меңгеріңіз, бимен немесе қолөнермен айналысыңыз. Кез келген іс ойыңызды бөлуге және шиеленісті басуға көмектеседі. Тұйықталу қауіпті болуы мүмкін, жағымсыз ойлар белсенді өмір сүруге кедергі болады. Дұға жасап көріңіз, ғибадатханада алған үміт пен бата көптеген қиын жағдайларда көмектеседі.  
Бұл тәсілдер көмектеспесе не істеу керек?  
Жоғарыда көрсетілген әдістер тиімсіз болып шықса, дәрігерге жүгіну және антидепрессанттарды қабылдау қажет. Бұл құралдар тек қана рецепт бойынша сатылады және оларды қабылдауды маман қатаң бақылайды. Антидепрессанттарды қабылдаудың әсері бірден емес, қабылдауды бастағаннан кейін біраз уақыт өткеннен кейін байқалады. Кейбір жағдайларда тұрақты оң әсер тіпті бірнеше аптадан кейін пайда болуы мүмкін, сондықтан оған дейін емді үзбеу өте маңызды.  
Біз неге тыныштандыратын дәрілерден емес, антидепрессанттардан қорқамыз? 
Интернеттен және адамдармен сөйлесу кезінде антидепрессанттар туралы дақпырт және қорқынышты әңгімелерді көп естуге болады. Негізінен, бұл таблеткалар шынында да депрессиядан болған бұзылысты жеңе алады. Оны зерттеулер де, адамдардың жеке тәжірибесі де дәлелдеп отыр. Ең кең таралған қате пікірдің бірі - антидепрессанттардың күйзелістің себебін емес, салдарын емдейді деген сөз, сондықтан оларды қабылдаудың пайдасы жоқ. Онымен қоса депрессияның әрдайым себептері бола бермейді. Бірақ бұлай ешқашан депрессияға түспеген және оның ерекшеліктерін түсінбейтін адамдар ғана айтуы мүмкін. Оның жай көңіл-күйдің бұзылуы емес, шынында да қант диабеті немесе тыныс демікпесі сияқты ауру екенін және ауырған адамның мінезінің еріктік компоненті қанша ірі болса да, дәрімен емдеусіз одан құтылу мүмкін емес екенін бәрі мойындай бермейді.  
Дәрігер сізге өзі тағайындаған болса антидепрессанттардан мүлде қорқудың қажеті жоқ. Антидепрессанттар туралы интернеттен алуан түрлі қорқынышты әңгімелерді қанша оқысаңыз да, сізді «көкөніске» немесе «маньякқа» айналдырып жібермейді, жеке тұлғаңызды өзгертпейді.  
Бұл дәрілер шынында да әртүрлі әсер етеді. Олардың кейбірі алғашында көбірек ұйқыны келтіреді – оларды үрейлі бұзылыстары бар адамдарға тағайындайды. Олардан басқа, үнемі әлсіздік пен енжарлықты сезінетін адамдарға тағайындалатын, керісінше, күш беретін, ынталандырушы әсері бар препараттар болады. Әр бұзылысқа – депрессияға, обсессивті-компульсивті бұзылысқа, үрейлі шабуылға, және әртүрлі фобияларға арналған өз дәрілері бар. Дәрігердің сізге тағайындаған дәрілерін қабылдамай, сіздің организміңіздің оларға орай қарай әрекет ететінін біле алмайсыз. Осыған байланысты дәрігер мөлшерлемені және курстың ұзақтығын түзететін болады.  
Тағы бір маңызды айтылуға тиіс нәрсе бұл көптеген дақпырт әңгімілердің негізін құрайтын антидепрессанттардың бір рет қана жеңілдеу әсерін беретін симптоматикалық ем болып табылмайтындығы туралы айтылуы. Ондай препараттарға тыныштандыратын дәрілерді, транквилизаторларды және ұйықтататын дәрілерді жатқызуға болады. Олардың әсері елеулі болғанымен, ұзаққа созылмайды. Тыныштандыратын транквилизаторды немесе ұйықтататын дәріні қабылдауды аяқтаған соң депрессия, үрей және ұйқысыздық аз уақыттың ішінде қайта сыр бере бастайды. Антидепрессанттарды тек қана дәрігер белгілейтін курспен қабылдау керек. Олардан болатын әсер жеңіл болады: кейін жеңілдеу үшін, аздап шыдау керек болады. Оның пайдасы зор: ем аяқталуға жақындағанда толық функционалдық сауығу – осының бәріне шыдауға ынталандырған ахуал күтіп тұрады.   
Антидепрессанттар бәрін өздері тындырады. Сізге көмек керек екенін сезінсеңіз сол көмекке жүгініңіз. Себебі бастың ауырғанына дәрісіз-ақ шыдау мүмкін болса, клиникалық депрессиямен бұлай істеуге болмайды. Егер сіз шынымен депрессиядан зардап көрген болсаңыз, онда қалыпты белсенді өмірге оралуыңыз сіздің жынысыңызға немесе жасыңызға қарамастан сізге нағыз қуаныш сыйлайтын болады.