Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

ШАШЫРАҢҚЫ СКЛЕРОЗ КЕЗІНДЕГІ ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдар үшін дене белсенділігі өте маңызды болып табылады. Ол шаршағыштық немесе депрессия сияқты симптомдарға оң әсерін тигізеді. Дене жаттығулары зат алмасуды ынталандырады, қан айналымын жақсартады және тіндерді оттегімен қанықтырады. Осының арқасында шашыраңқы склероздан туындаған жүйке жасушаларының бұзылуы тоқтайды. Мидың және дененің қартаюы баяулайды. Спорипен шұғылдануды бастаған кезде қуаныш гормондары – эндорфиндердің деңгейі жоғарылайды. Эндорфиндер күйзеліспен, депрессиямен күресуге көмектеседі, үрейлілікті азайтады.
Бұл жағдайда бас миының жүйке жасушаларының қалпына келуіне жағдай жасайтын нейротрофикалық факторы деңгейі жоғарылайды. Нейрондық байланыстар жақсарады.
Дене жаттығулары бұлшықеттер мен сіңірлерді нығайтады. Соның арқасында бұлшықет әлсіздігі азаяды, түйілуі жартылай жойылады. Адам өзін сергектеу сезіне бастайды. Қозғалыстардың үйлесімділігі жақсарады.
Кіші жамбас бұлшықеттері мен мүшелері дамиды, соның арқасында ШС-ң несеп-жыныс жүйесімен байланысты кейбір жағымсыз көріністері азаяды (жиі несеп шығару, сексуалдық функцияның төмендеуі және т.б.).
Шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдарға жүзу, спорттық жүріс, ат спорты, йога, әртүрлі тыныс алу гимнастикасы түрлері сияқты спорт түрлеріне айналысқан жөн.
ЖҮЗУ
Жүзу әсіресе тиімді спорт түрі болып табылады, себебі адам басқа белсенділік түрлерімен айлысуға қарағанда кейінірек шаршағанын сезінеді. Жүзудің шынықтыру және сауықтыру әсері жоғары. Жүзуге арналған су тым ыстық немесе тым суық болмауға тиіс.
ЙОГА
Йога да шашыраңқы склероз кезінде дене белсенділігінің мүмкіндігінше айналысуды қажет ететін түрі болып табылады. Йогадағы әр поза буындарды, бұлшықеттерді, құрылымдарды және олардың денедегі функцияларын сақтау үшін ойлап табылған. Әр позаны түрлендіруге және барынша жеңілдетуге болады, яғни тұрып тұруға, отыруға, арба-креслода отыруға, еденде немесе кереуетте жатуға, қысқасы, дәл сол кезде адамға ыңғайлы қалыпта болуға болады. Йоганың пайдасын іс-жүзінде жасап көргеннен кейін бірнеше минуттан кейін сезінуге болады. Жаттығудан кейінгі жай-күй оған дейінгісінен әлдеқайда жақсы екенін байқайсыз. Тыныс алу практикасын жасалатын позаны елестетумен біріктіруді білдіретін визуалдау қозғалысы аз, шашыраңқы склерозбен ауыратын адамдарға көмектесе алады.
ИППОТЕРАПИЯ
Салт жүріспен айналысу кезінде дене белсенділігі мен емдік пайдасы бір бірімен үйлестіріледі. Иппотерапия қозғалыстың бұзылыстарын жеңуге, сонымен қатар шаршауды басуға және көңіл-күйді көтеруге көмектеседі.
Иппотерапия қозғалыс қабілеттері бұзылған адамдар үшін өте тиімді. Атпен жүрген кезде бұлшықеттер жылдам жүрген және тіпті жүгірген кездегі бұлшықеттер секілді жұмыс істейді, бірақ буындарға салмақ салынбайды. Аттың қозғалыстары бір минутта шамамен 100 тербеліс жасайды. Бұл ретте салт аттының ер-тоқымда өзін ұстау үшін дерлік барлық бұлшықеттері жұмысқа кіріседі. Бұл қозғалыстар үйлесімділігін жақсартады. Тіпті зақымдалған бұлшықеттер де іске қосылады, себебі бұл рефлекстік деңгейде жүзеге асады. Бұл жағдайда салт жүріс ересек адамдарға да, балаларға да тиімді болып табылады.
МАҢЫЗДЫ:
Спортпен және денеге күш салуды қате ететін басқа қызметпен айналысқан кезде мына ережені сақтау керек: шаршаудың немесе қалжыраудың кішкентай болса да белгілері байқалған жағдайда аз уақыт демалу қажет (көбінесе әр 10-15 минут сайын).
Асқынулар кезінде спортпен айналысуға болмайды.
Спортпен айналысу кезіндегі негізгі ереже тепе-теңдікті, алтын ортаны сақтау болып табылады: дене белсенділігін көрсету және бұл арада өзіне өзі шектен тыс талап қоймау қажет. Дене белсенділігінен қуаныш сезіміне бөленудің және жаттығулардың нәтижелерін сезінудің маңызы зор.