Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

ІШКІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ІШКІ КҮШТІ МАҚСАТТЫ ЖАТТЫҚТЫРУ

Өмірдің тауқыметін немесе жеке басымыздың қиындықтарын бастан кешірген кезде біз жағымсыз эмоцияларға тап боламыз. Олармен қалай күресетініміз, негізінен, біздің өз мінезімізге және ішкі тұрақтылық деп аталатын қасиетімізге байланысты.
Тұрақтылық деген не және оның қандай жолмен нығайтуға болады?
«Тұрақтылық» термині психологиядан бастау алған және адамның терең күйзелістен кейін түбегейлі өзгеріс жасамай-ақ қалыпқа келу қабілетіне жатады.
СЫН-ТЕГЕУРІНДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ
Психикасы тұрақты адамдар басқалар сияқты тағдырдың күтпеген тауқыметтерге тап болғанда қайғырады. Алайда олар бұл тауқыметтерді көбінесе сын-тегеуріндер ретінде қабылдайды да, өздерін дәрменсіз сезінюей, одан шығатын жолды іздей бастайды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін психикасы тұрақты адамдар өз-өздеріне келіп, өздерінің күшті жақтары туралы ойлайды және туындаған проблемалардың шешімдерін табуға әрекет жасайды. Белгілі бір эмоциялық тұрақтылықтың қалыптасуының маңызды факторларына өзіне деген сенімділік, оптимизм және сенетін адамдарымен жақсы қарым-қатынас жатады.
ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕНІ ПСИХИКАЛЫҚ ӘСЕР ЕТУДІҢ КӨМЕГІМЕН НЫҒАЙТУ
Тірі ағзадағы иммундық жүйе деп жасушалардан және жасушы функцияларынан құралатын күрделі жүйені айтады. Иммундық жүйе бөгде агенттер мен ауру қоздырғыштардың әсерінен қорғайды.
Кез келген адамның бала кезінен психикасы тұрақты бола бермейді. Осы салада жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері психикалық тұрақтылықты қалыптастыруды үйренуге және оны дамытуға болатынын дәлелдеді. Төзімділікті зерттеген зерттеушілер: Тұрақтылықты зерделеуге және оны үйренуге болады! – дейді.
Біз иммундық жүйені нығайтатын және психикалық тұрақтылықты арттыратын үш шағын ғана күнделікті жаттығу туралы айтып береміз:
1. Көбінесе бұл күнделікті тіршілікте өзіміз байқай бермейтін ұсақ-түйектер. Күн сайын бірнеше минутқа үзіліс жасаңыз, сол күннің барысында болған үш жағымды оқиға туралы айлаңыз. Тіпті ол телефон арқылы айтылған жағымды әңгіме болсын, немесе ілтимат қылық болсын. Сіз неғұрлым көп оң эмоцияны бастан кешірген болсаңыз, Сізде жағымсыз әсер соғұрлым аз қалды.
2. Сіздің өз бойыңызда өзіңізге ұнамайтын бір мінезіңізді немесе әдетіңізді таңдар алыңыз. Енді оны басқа тұстан қарастырып көріңіз! Осы мінезіңізді немесе әдетіңізді қалайша артықшылыққа айналдыруға болады? «Жағымсыз» деп қабылданатын әдет (мінез) туралы қайта ойлау өзін-өзі бағалауды күшейтеді.
3. Күйзелісті жағдайларда өзіміз бағалайтын және сенетін адамдармен қарым-қатынас көмектесе алады. Әлеуметтік қарым-қатынастарыңызды бұзбауға тырысыңыз, достарыңызбен жиірек дастарқан басында кездесіңіз. Жағымды әңгіме жаныңызға шипа болады, көңіл-күйіңізді көтереді.
Дереккөз – TEVA компаниясының қолдауымен жасап шығарылған, шашыраңқы склерозға арналған сайт.