Кез келген ауыр сырқат Сіздің өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға деген көзқарасыңызды өзгертіп жіберуі мүмкін. Олардың ішінде шашыраңқы склероз диагнозы да бар. ШС-бен ауыратын адам таза, тығыз және сүйіспеншілікке толы қарым-қатынас орната ала ма? Әрине, орната алады! Өз өміріңізді тағдырдың қатаң, зұлмат сынағына айналдырудың қажеті жоқ. Әрине, Сіздің басқа адаммен ортақ өміріңіз аурудың және оның симптомдарының себебінен өзгереді, сіз өзіңізге және серігіңізге деген көзқарасыңызды өзгертесіз, тіпті жыныстық қатынас пен жақындасуға деген көзқарасыңыз да өзгеруі мүмкін.
Сексуалдылықты дамыту
Адамның сексуалдылығы өмірлік тәжірибемен арықталады. Серігімен жайлы сексуалды өмірді орнату кезінде сіз өзіңізді сезінуіңізді қабылдап, онымен сол серігіңізбен бөлісуіңіз немесе түйсіктеріңіздің табиғатын түсіну және дұрыс жыныстық өмірді құру мақсатында алға қарай қадам басу үшін өзіңіздің бұрынғы тәжірибеңіз туралы айтып бергеніңіз маңызды.
ШС-бен өмір сүруге үйренген кезіңізде сіз өзіңіздің болашақ сексуалды өміріңіз туралы сұрай аласыз, жаңа серіктеріңізбен кездесе аласыз және интимдік қарым-қатынасты сақтай аласыз. Жақындарыңызбен жүздесу және олардың қолдауы сізге туындауы мүмкін кез келген қорқыныштарға тойтарыс беруге көмектеседі.
Ең күрделі сәттердің бірі өз денсаулығыңыздың жай-күйін болжаудың қиындығы, сондықтан сіздің өзіңізге деген көзқарасыңыз диагноздың белгілеріне қарай айтарлықтай құбылуы мүмкін. ШС-ң сіздің өз тәніңізге деген сезіміңізге қалай әсер ететінін түсіну және өзіңізді өзіңіз бағалау қабілетіңізді басқару жолдарын табу өте маңызды.
Қарым-қатынастарды бейімдеу
ШС қарым-қатынастарға, әсіресе тұрақты серігіңізбен қарым-қатынастарыңызға айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Кейбір жұптар «шашыраңқы склероз» диагнозының қойылуы сексуалды өмірден толығымен бас тарту деп қабылдап үрейленеді, алайда бұл олай емес.
Көптеген жұптар бірге болудың жаңа тәсілдерін іздеуді ұнатады. Егер шашыраңқы склероздың симптомдары сізге жыныстық қатынас кезіндегі үйреншікті әдеттеріңізді жасауға кедергі болса, онда жақындасудың басқа жолдарын ойластыруға немесе жақындасу уақытын өзіңізді сергектеу сезінген уақытқа кейінге қалдыруға болады.