Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

ШС кезіндегі дене белсенділігі туралы

Шашыраңқы склероз диагнозы бар адамдарға дене шынықтырумен айналысуға болады, тіпті қажет те.
Барабар дене жүктемесі науқастың хал-жайына әсер етеді, оның эмоциялық тонусын арттырады, қуаныш сыйлайды және симптомдарды жеңуге көмектеседі.
Дұрыс таңдап алынған жаттығулар төзімділікті дамытады, бұлшықеттерді нығайтады, тепе-теңдікті сақтауға және өзін бірқалыпты ұстауға көмектеседі, қуық мен ішек жұмысын реттейді.
Алайда жаттығуларды таңдап алуды дәрігерге немесе шашыраңқы склерозбен ауыратын науқастармен жұмыс істеу тәжірибесі бар білікті жаттықтырушыға тапсыру керек.
Бағдарлама жеке шектеулерді ескере отырып құрастырылуға және науқастың жай-күйі өзгерген және жаңа симптомдар пайда болған (жоғалған) жағдайда үнемі түзетіліп тұруға тиіс.
Қызбалыққа салынып, организмді күнделікті жаттығулармен шаршатудың қажеті жоқ.
Демалыс та жаттығу сияқты маңызды!
Белгілі бір жаттығу жүйесі жасап шығарылса организм мақсатты жұмысқа келтіріледі және бейімделу механизмдері іске қосылады.
Кез келген жүйелі дене белсенділігі шашыраңқы склероз кезінде пайдалы болып табылады, себебі ол бұлшықеттерді нығайтады, пациент эмоциялық босаңсуға дағдыланады, көңіл-күйі жақсарады.