Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

СОЗЫЛМАЛЫ ШАРШАҒЫШТЫҚ СИНДРОМЫ

Ішкі ынтаның, өмірлік энергияның болмауы және ақыл-ой мен денеге аз салмақ салынған жағдайда да үнемі пайда болатын шаршау сезімі пациенттердің шамамен 90%-нда кездесетін шашыраңқы склероздың ең кең тараған ілеспе симптомдары болып табылады. Мұндай ерекше айқын шаршағыштықтың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Зерттеушілер организмнің иммундық, гормондық және орталық жүйке жүйесінде нәзік тепе-теңдік бұзылады деп есептейді.
Жазғы уақытта жоғары ауа температурасының әсер етуі, қыс мезгілінде жылытылатын бөлмелердегі тымырсық сияқты экологиялық факторлар да үздіасіз шаршағыштықтың себептері болуы мүмкін. Сонымен бірге, түйілуді басатын дәрілер, гипотензивті құралдар және антидепрессанттар сияқты кейбір дәрілік препараттарды қабылдау шаршағыштық сезімін тудыруы немесе күшейтуі мүмкін.
СОЗЫЛМАЛЫ ШАРШАҒЫШТЫҚТЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ
Шаршағыштық – бұл айналадағы адамдарға байқалмауы мүмкін субъективті симптом. Шаршағанын тек қана осы күйге түскен адам сезеді. Диагнозды анықтау кезінде шаршағыштық симптомын объективті бағалау үшін сауалнамалар мен шкалалар қолданылады.
Аса шаршағыштық сезімі дерлік барлық адамдарда бар, бірақ көп жағдайда әр адам өзінің шаршауының себептерін өзі анықтай алады. Ақыл-ойға, психикаға және денеге ұзақ уақыт бойы артық күш салынғаннан кейін қалжырау күйі қалыпты және орынды болып табылады. Мұндай жағдайлар жұмыстағы дүрмек, ұйқы қанбаған, емтихан тапсырған, ауыр дене жұмысын жасаған, жүйке күйзеліске ұшыраған кезде орын алады. Одан құтылу үшін адам ұйықтап және демалып алса жеткілікті. Созылмалы шаршағыштық синдромында организмнің тонусын және күш-қуатын қалпына келтіру үшін жай демалыс алу аз. Мұндай патологияда адам тіпті ұзақ уақыт демалып немесе ұйықтап алғаннан кейін де қалпына келмей, қалжырауды сезінуді жалғастырады. Мұндай күйінің себептерін адамның өзі анықтай алмайды.
СОЗЫЛМАЛЫ ШАРШАҒЫШТЫҚТЫ ЕМДЕУ
Осы уақытқа дейін созылмалы шаршағыштық симптомын жеңуге мүмкіндік беретін ешқандай дәрілік терапия қолданылмаған. Сондықтан созылмалы шаршағыштық симптомымен емдеудің бірінші қатарында емдеудің дәрілік емес тәсілдері тұрады. Мұндай шараларға мыналар жатады:
Спортпен шұғылдану (әсіресе, төзімділікті шынықтыратын спорт түрлері)
Психотерапия
Эрготерапия – бұл адамның жоғалтқан қозғалыс, когнитивтік, эмоциялық және әлеуметтік дағдыларын қалпына келтіруге және сақтауға бағытталған медицинаның ерекше саласы.
Қатты қыздырынудан немесе суық тиюден сақтану керек.
Жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу керек.
Сонымен қатар күнделікті белсенділігіңізді жоспарлай отырып, күні бойғы жүйелі демалыс кезеңдерін ұйымдастыру маңызды. Сондай-ақ тамақтанудың да маңызы зор. Бірінші кезекте, тамақ рационында жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұтас дәнді нан болу керек. Ал ет және шұжық сияқты малдың майлары орташа мөлшерде тұтынылу керек.

мясо и колбаса, должны потребляться в умеренном количестве.