Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Вакциналар және шашыраңқы склероз

Демалысыңыз таяп қалды ма? Басқа елге саяхат жасауды жоспарлап жүрсіз бе? Бұрын соңды болмаған жерлерді көру және жаңа мәдениетпен танысу бұл әрдайым қызықты және еліктіріп әкететін жағдай, алайда Сіздің күтіп жүрген саяхатыңыз күйзеліске айналып кетуі мүмкін. Мазасыздықтың себебі вакциналаудан өту қажеттігі болуы мүмкін, бірақ сіз шашыраңқы склероз диагнозы бар науқас болып табыласыз.
Сізде: ШС ауыратын науқастарға Вакциналар қауіпті емес пе? Олар шашыраңқы склероздың қандай да бір симптомдарын күшейтіп жібермей ме? Вакциналауды кейінге қалдырса қалай болады? – деген сұрақтар пайда болуы мүмкін.
Осы мақала Сізге осы сұрақтарға жауап табуға көмектеседі!
АҚШ Неврология академиясы Шашыраңқы склероз бойынша клиникалық тәжірибе жөніндегі Кеңестің Иммундау тобымен бірлесіп иммундауға және ШС қатысты жиынтық деректер мен ұсынымдарды жария етті. Олар тұмауға, В-гепатитіне, желшешекке және сіреспеге қарсы вакциналар ШС бар адамдарға қауіпсіз деген қорытындыға келді.
Сонай 2017 жылы жарияланған зерттеулер сондай-ақ адам папилломасы вирусына (АПВ), қызылшаға, эпидемиялық паротитке, қызамыққа, табиғи шешекке, сіреспеге, Bacillus Calmette-Guérin (BCG), полиомиелитке немесе күл ауруына қарсы вакциналаудан кейін ШС симптомдарының даму қаупінде өзгерістердің жоқтығын көрсетті. Жалпы, әсерсіздендірілген вакциналар ШС ауыратын адамдар үшін қауіпсіз болып есептеледі.
Вакциналауды қай кезде тоқтатқан жөн?
Вакциналардың көбі қауіпсіз болғанына және асқынуларды тудырмайтынына қарамастан вакциналауды кейінге қалдыруды немесе одан мүлде бас тартуды қажет ететін жағдайлар болады.
Егер сіздің ауруыңыз қатты асқынған болса вакциналауды 4-6 аптаға кейінге қалдырыңыз. Тірі және әлсіреген вакциналар әдетте ШС ауыратын адамдарға тағайындалмайды. Иммундық жүйені басатын емді және/немесе кортикостероидтермен созылмалы емді алатын адамдар кез келген тірі вирустық вакцинаны қабылдар алдында өздерінің невролог дәрігерімен кеңесу керек.
Кез келген иммундауды болуы мүмкін пайдасы мен қаупі туралы шешімдердің дәрігермен, оған қоса отбасылық дәрігермен және неврологпен кеңескеннен кейін қабылдану керек екенін білу маңызды.
Демалысыңыз сәтті өтсін және деніңіз сау болсын!