Шашыраңқы склерозы бар науқастарға көмек көрсету қоры

Құқықтық ақпарат

Қымбатты достар! Сіздің қандай құқықтарыңыздың бар екенін және осы жағдайда Сіздерге ненің берілу керектігін білу үшін біз Сіздер үшін осы бетте төмендегі құқықтық ақпаратты дайындап қойдық:
Егер Сізді ақысы қымбат тексерулерден өтуге мәжбүрлесе
ШС кезінде мүгедектік алу
Қай қалада тұрып жатқаныңызға қарамастан – ҚР Заңдары бәріне ортақ. Тексерілді – әсері бар!!!

Егер Сізді ақысы қымбат тексерулерден өтуге мәжбүрлесе
Төмендегі ақпаратты мұқият оқып шығыңыз!
1. ШС орфандық аурулар тізіміне енгізілген. Ол, өз кезегінде, әлеуметтік маңызы бар ауруларды толықтырады.
2. 2009 жылғы 15 желтоқсандағы 2136 қаулыға сәйкес ақысы қымбат талдаулар, көрсеткіштер бойынша талдаулар және МРТ (көрсеткіштер бойынша) мұндай пациенттерге тіпті мүгедектік тобы белгіленбеген (мүгедектігі жоқ) болса да, тегін жасалу керек.
http://adilet.zan.kz/rus/docs/P090002136_
Көп жағдайда терапевт дәрігер немесе невропатолог мұндай тармақтың барынан мүлде бейхабар болады. Біздің міндетіміз – өз құқықтарымызды білу және тиісті жеңілдіктерімізді мейлінше аз шиеленіс тудыра отырып алу.
Мұны қалай істеуге болады:
1.         Сіздің картаңызда немесе дәрігердің (неврологтың, ШС кабинетінің және т.б.) қабылдау парағында талдаулар және қажетті тексерулер көрсетілген. (Көрсеткіштердің дәлелі осылар болып табылады);
2.         Осы құжатты алып учаскелік дәрігерге барасыз да, тегін жолдама жазып беруін сұрайсыз. Жолдаманы сол мезетте жазып беруге тиіс. Ал егер қажетті зертханалармен, диагностикалық орталықтармен шарт жасалмаған болса, емхана олармен шарт жасасуға тиіс. Оған шамамен бір ай уақыт жұмсалады;
3.         Егер бас тартуға мың сылтау айтатын болса – Қаулы туралы айтыңыз, әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратыныңызды дәлелдеңіз, Біртановтың жауабын көрсетіңіз: https://dialog.egov.kz/questioncontroller/view?id=517401;
4.         Учаскелік дәрігер бас тартқан жағдайда бас дәрігердің орынбасарына барып, жоғарыда айтылғандарды оған жеткізесіз;
5.         Бас тартқан жағдайда – Бас дәрігердің атына Сізге тегін жолдама беруден бас тартудың себебін анықтау туралы өтініш жасап хат жазасыз, Біртановтың қаулысы мен жауабына сілтеме жасайсыз. Хатты екі данада жазу керек. Оны тіркеуге қойып, мөртабан қойылған бір көшірмесін өзіңізге алыңыз, ал екінші данасын сапа жөніндегі кабинетке апарып беріңіз немесе хатшыға қалдырыңыз;
6.         Әдетте пациенттер бас дәрігердің орынбасары деңгейінде қызметін алады, алайда барлық 5 тармақтың да нәтиже бермейтін кездері болады. Олай болса, жергілікті қалалық денсаулық сақтау органына хат жазамыз (екі данада), бұрын жазылған хаттардың көшірмелерін қоса тіркейміз, аталған органға апарып береміз немесе Егов сайтындағы жеке кабинет арқылы жібереміз;
7.         Барлық жауаптар бойынша жауап алу мерзімі – 2 апта (14 жұмыс күні).
8.         Денсаулық сақтау мекемесіне жүгінудің тағы бір жылдам жолы бар – бұл «Пациенттерге Қолдау көрсету Қоры» ФБ-ғы топ: https://web.facebook.com/groups/211491436082459/?multi_permalinks=464273820804218%2C464242447474022%2C464231084141825&notif_id=1563958654868576&notif_t=group_activity
 
ШС кезінде мүгедектік алу
Пациенттердің көбіне емханада мүгедектік алуды ұсынбайтыны белгілі. Пациенттің өзі оны алуға өтініш жасаған кезде: «Сіз өз аяғыңызбен жүріп жүрсіз ғой, Сізге мүгедектік не үшін керек?» деген сұраққа тап болады.
Оы мәселені талқылап көрейік.
Сонымен, ең алдымен, біз «мүгедектің – ағза функцияларының тұрақты бұзылуына алып келген денсаулықтың нашарлауы», яғни мүгедектік алғысы келетін ШС-бен ауыратын пациенттің тұрақты бұзылыстары болуға және ЕДСС кемінде 3 ұпайды құрауға тиіс. Осының барлығы науқастың картасына тиісті жазуларды енгізу арқылы құжат түрінде белгілену керек. Сонымен қатар Сіздің көру қабілетіңіз нашарлаған немесе басқа да денсаулықы бұзылыстарыңыз болған жағдайда тиісті дәрігерлердің өзіндік жазбаары және зерттеулері болу керектігін ұмытпаңыз. Мысалға, егер көру қабілетіңіз нашарлаған болса, Сіз ОСИТИ, көру өрісін, көз түбін, ЭФИ (көру әлеуеттері) тексерулерінен өтіп, офтальмологқа қаралуыңыз керек.
Жамбасыңыз ауыратын болса қуықты айына бір рет мерзімділігімен бірнеше рет УДЗ түсіргеніңіз жөн. Сонымен қатар ЗЖТ тапсыруға және урологтың қабылдауына баруға тиіссіз. Дәл осы жүйемен бұзылыстар бар болса басқа мамандардың қабылдауына барыңыз. МСЭ алдында дәрігерлердің жазбалары мен тапсырылған талдаулар күндерінің өз мерзімдерінің бар екенін ұмытпау керек. Дәрігердің жазбасы бір айға, талдаулар ең көбі он күнге жарамды. Бастапқы және қайталама МСЭ өту кезеңдерінде айырмашылық бар.
ШС кезінде мүгедектікті рәсімдеу кезінде (бастапқы МСЭ) не қажет?
1.      Сіздің невропатологыңыз\терапевтіңіз ВКК арналған картаға қажетті жазуларды енгізеді;
2.      МСЭ консультациясының күні белгіленеді;
3.      Сіздің невропатологыңыз\терапевтіңіз\бас дәрігердің орынбасары Сізді МСЭ кезегіне қояды, МСЭ өту күні белгіленеді;
4.      Сіздің терапевтіңіз 88-нысанын ашу керек;
МСЭ өтер алдында сіздің қолыңызда емханаңыз берген келесі формулярларыңыз болу керек:
- МСЭ тұжырым;
- МСЭ жолдама;
- Дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы;
- ИПР медициналық бөлігі. 
Дәрігерлер тізімі:
1.      Терапевт;
2.      Невропатолог;
3.      Лор;
4.      Окулист;
5.      Хирург;
6.      Психиатр (барлығына емес);
7.      Терапевтің тағайындауы бойынша басқа мамандар (жеке-жеке)
Міндетті зерттеулер тізімі:
1.      Флюрография;
2.      ЗЖТ;
3.      ҚЖТ;
4.      Микрореакция;
5.      АЛаТ, АСаТ;
6.      контрастілі МРТ (ошақтардың болуына қарай аймақтар);
7.      Көрсеткіштер бойынша қосымша зерттеулер.
МСЭ бастапқы өткен кездегі қажетті құжаттар тізімі:
1.      Жеке куәлік. Түпнұсқасы және көшірмесі;
2.      Еңбек кітапшасының түпнұсқасы және көшірмесі, ол болмаған жағдайда ХҚО-нан анықтама (1988 жылдан бері кері ведомость);
3.      Зейнетақы аударымдарынан үзінді көшірме (ХҚО-да беріледі);
4.      ЖК иелеріне патенттің түпнұсқасы және көшірмесі;
5.      Амбулаториялық карта;
6.     Емханалардан үзінді көшірмелердің түпнұсқалары және көшірмелері;
7.      Тексерулер құжаттарының түпнұсқалары;
8.      Стационарлардан барлық қолда бар үзінді көшірмелер (күндізгі және тәулік бойы стационарлардан бір жыл ішінде алған үзінді көшірмелерінің түпнұсқалары және көшірмелері);
9.       Еңбекке жарамсыздық парағы. Ол болған жағдайда (осы тармақта айырмашылықтар бар, Қор ресми түсіндірмелерге сұрау салды, осы түсіндірмелерді алғанға дейін еңбекке жарамсыздық парағын кемінде 4 айға алуды ұсынамыз, осы ретте бюджетті қалай үнемдеу керектігін телефонмен сөйлесу арқылы айтып бере аламыз);
10.  Емханада алынған формулярлар.
Басқа:
1.      Халық банкте 20-таңбалық шот ашу керек.
2.      Зейнетақы алу үшін сол шотқа картаны бекітіңіз.
 МАҢЫЗДЫ!!!
МСЭ комиссиясына кезекке тұрмас бұрын диагноз қойылған кезден бері 4 ай өткен болу керек. Әйтпесе сізді қабылдамайды және әрекеттеріңіз зая кетеді. Сонымен қатар біздің мақала басында айтқан дәрігерлердің консультацияларының және талдаулардың жарамдылық мерзімдеріне назар аударыңыз.
 Мүгедектікті растау. Қайталама МСЭ.
1.      МСЭ консультациясының күні белгіленеді. Сізге комиссиядан қайта өту мерзімдері туралы ұмытпай, дәрігерге мүгедектік бойынша анықтамаңыздың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейінгі 2 айдан кешіктірмей ескерткеніңіз жөн.
2.      Сіздің невропатологыңыз\терапевтіңіз\бас дәрігердің орынбасары Сізді МСЭ кезегіне қояды, МСЭ өту күні белгіленеді;
3.     Сіз өзіңізге қажетті мамандардан өтіп, талдауларды тапсырасыз. Комиссияға жарамдылығы өтіп кетпеген құжаттармен бару үшін мерзімді қадағалап тұрыңыз;
4.      Сіздің терапевтіңіз 88-нысанды ашу керек;
5.      МСЭ өтер алдында Сіздің қолыңызда емханаңыз берген келесі формулярлар болу керек:
- МСЭ тұжырым;
- МСЭ жолдама;
- ИПР медициналық бөлігі. 
Дәрігеріңіздің кабинетінен шықпас бұрын бәрін тағы бір рет оқып шығыңыз. Дәрігер де қарапайым адам, ол да қате жіберуі мүмкін, оған әсіресе ИПР жағынан көмектесіп жіберіңіз. Шипажайлар (ол ШС ауыратын пациенттерге көрсетілген) памперстер, Сізге қажетті басқа ТСР осы деңгейде енгізілу керек.
Дәрігерлер мен зерттеулер тізімі бұрынғыдай, және алдыңғы алгоритм бойынша өтесіз. Барлық өзгерістерді, жаңадан пайда болған симптомларды дәрігерлерге барып айту керек. Жыл бойы қадағалаушы дәрігеріңізбен дұрыс байланыс орнатуға және сонымен бірге барлық өзгерістерді картаға белгілеп отыруға тырысыңыз. Дәрігерден Сіздің симптомдарыңызды картаға жазып алған-алмағанын сұрауға қысылмаңыз.
Бір жылдың ішінде күндізгі немесе тәулік бойғы стационарға ілеспе симптомдарды емдеу үшін ауруханаға жатыңыз. Ауру өршіген жағдайда осылай істеу қажет. Сонда МСЭ өтуге барғанға дейін Сіздің қолыңызда кемінде 1 үзінді көшірме болады.
Мүгедектікті растау кезінде қажетті құжаттардың тізімі:
1.      Жеке куәлік. Түпнұсқасы және көшірмесі;
2.      Амбулаториялық карта;
3.      Емханалардан үзінді көшірмелердің түпнұсқалары және көшірмелері;
4.      Тексерулер құжаттарының түпнұсқалары;
5.      Стационарлардан барлық қолда бар үзінді көшірмелер (күндізгі және тәулік бойы стационарлардан бір жыл ішінде алған үзінді көшірмелерінің түпнұсқалары және көшірмелері);
6.      Емханада алынған формулярлар.
 Процесті егжей-тегжейлі зерттеу үшін төмендегілерді қарап шықсаңыз болады:
«Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу ережелері» https://egov.kz/cms/ru/law/list/P050000750_
Шашыраңқы склероз жөніндегі хаттама https://diseases.medelement.com/disease/%D1%80%D0%B0%D1%81%D1%81%D0%B5%D1%8F%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B9-%D1%81%D0%BA%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%BE%D0%B7-2018/16013
 Сіздің сұрақтарыңызға жауап бергенімізге қуаныштымыз.
Құрметпен, Ермаш Татьяна. Ұялы тел.:+77051814430